4) Иллюстрациялы материалдар: карта
5) Әдебиеттер: 1. Қазақстан тарихы. А. Т. І. 1996ж.
2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А. 1993ж.
3. Қазақстан көне тарихы. А. 1993ж.
4. Қазақстан қысқаша тарихы. А. 1994ж.
5. Х. Маданов Ч. Мусин. Ұлы дала тарихы. А. 1991ж.
6. Ә. Дәулетхан. Түркеш қағанатының құрылуы. Қазақ терихы журнал. №1,6-13б. 2001ж.
7. Ә. Дәулетхан Түркештердің этникалық құрамы және орналасу жағдайы. Қазақ тарихы. Журнал. 18-24 бет. 2001ж.
8. К. Салғараұлы. Мәңгілік ел (Түрік қағанаты құрылғанына-140ж.). Ана тілі. 1997ж. 20 наурыз
9. Ә. Дербісалиев. Қазақ даласының жұлдыздары. А. 1995ж.
10.Қ. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстан А. 1992ж.
6) Қорытынды сұрақтары: 1. Ірі қағанаттардың әлсіреумен құлауының негізгі себептері қандай?
2. Түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қарахан, қыпшақ мемлекеттеріндегі саяси тарихының жалпы белгілері қандай?
3. Түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қарахан, қыпшақ мемлекеттеріндегі
қоғамдық құрылысы мен шаруашылығына жалпы сипаттама беріңіз?
4. Түркі мемлекеттердегі тайпалардың этникалық жақындылығы қандай?
5. Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаттарының, оғыз, қимақ, қарахан, қыпшақ мемлекеттерінің құлауының негізгі себептері атаңыз?
1) Тақырып №4. Қазақстан монғол жаулаушылығы кезеңінде және ортағасырлық мемлекеттер (XIII-XV ғғ). 2) Мақсаты: Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуының салдары мен себептерін ашып көрсету, монғол кезеңінен кейін пайда болған мемлекеттерге сипаттама беру, олардың бұрын болған мемлекеттерден айырмашылық ерешеліктерін көрсету.
3) Дәріс тезистері XIII ғ. басында Моңғол мемлекеті құрылды. Оның негізін салушы Темучин (1155-1227ж..) Онон өзенінің бастауында 1206 жылдың көктемінде өткен Моңғолдардың жоғарғы билеушісі Темучин- Шыңғыс хан деп жарияланды.
Шыңғыс хан (моңғолша: Чингис Хан; өз аты-моңғолша; Тэмүджин)-Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.
Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын-Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін-талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.
XIII ғ. басында Моңғол мемлекетінің құрылуы Орталық және Орта Азия Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаушылығы Евразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым - қатынасы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының жүрісін өзгертіп жіберді,
XII г. орта шенінде Моңғол тайпалары Моңғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түркі тілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық мәдениеттің көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстық түрлерін, көпшіліктің әдет- ғұрпын, мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжыды. Сол уақыттан бастап, түріктер мен монғалдардың, кейінгі уақытка дейін сақталған, қоныстарының шекарасы анықталып қалыптасады. Моңғолдар жайлаған территория солтүстікте Байкалдан, Ертіс пені Енисейдің жоғарғы бойынан оңтүстікке Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады.