Спортшылардың техникалық және тактикалық дайындығына бақылау жасаудың метрологиялық негіздері



бет1/4
Дата13.12.2022
өлшемі94 Kb.
#56956
  1   2   3   4

8. Спортшылардың техникалық және тактикалық дайындығына бақылау жасаудың метрологиялық негіздері


Техникалық дайындыққа бақылау жасау
Техникалық дайындыққа немесе техникалық шеберлікке бақылау жасау дегеннің мәні спортшы не жасай алады және осы уақытка дейін меңгерген қимыл - қозғалыстарын қалай орындай алады дегенге келіп саяды.
Техникалық шеберлікке бақылау жасаудың негізгі екі әдісі бар: көзбен шолып бақылау және аспап аркылы бақылау. Көзбен шолып бакылау жалпы кең тараған әдіс және спорт ойындарында: жекпе - жекте, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда және спорттың басқа да көптеген түрлерінде негізгі әдістердің бірі болып табылады.
Техникалық шеберлікті көзбен шолып бақылау екі түрлі әдіспен жүргізіледі: спортшының әрекетін тікелей бакылау барысында және видиомагнитофон техникасының көмегімен. Екінші әдіс соңғы кезде кеңінен таралып келеді. Оның себебі мына төменгі жайларға байланысты:

  1. Спортшының кимыл - қозғалысын сол калпында жазып алу.

  2. Видиотехника жүйелі түрде жазып алып отырған жағдайда қимыл -
    козғалыстың видиотехникасы қолда болады және олардың динамикадағы
    техникасын талдауға болады.

  3. Стоп - кадрды пайдаланып, сондай-ақ қимыл қозғалысты жайлап
    көрсете отырып талдаудың сенімділігін, нактылығын арттыру.

  4. Бақылау процесіне жарасу жағдайынын әсерін жою.






Спортшылардың техникалық шеберлігінің көрсеткіштері
Техникалық шеберлікті аспап арқылы бақылау техниканың биомеханикалық сипаттамасын өлшеуге арналған. Тұтастай алғанда уақыт, жылдамдық және қимыл - қозғалыстың жылдамдауы немесе онын жекелеген фазалары, қимыл - қозғалысты орындаған кезде дамитын күш - жігер, дененің немесе оның сегметтерінің жағдайы тіркеліп отырады. Тіркелген көрсеткіштер талданады (графоаналитикалық математика - статистикалық және т.б. талдаулар), талдау нәтижелерін спорттық техниканың тиімділігіне критерий ретінде пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет