Сөйлем Сұрақтары :
1.Жапырақтар түсіп жатыр. Қандай жапырақтар түсіп жатыр?
2.Жел соғады. Қандай жел соғады?
3.Бұлт торлаған. Нені, қандай бұлт торлаған?
4. Жаңбыр жауа бастады. Қалай жаңбыр жауа бастады?
5. Адамдар жылы киіне бастайды. Қашан адамдар жылы киіне бастайды?
Күз.
Сарғайған жапырақтар жерге түсіп жатыр. Суық жел соғады. Аспанды сұрғылт бұлт торлаған. Тамшылай жаңбыр жауа бастады.Күзде адамдар жылы киіне бастайды.
Осы берілген тапсырманың нәтижесінде берілген сұрақтарға толық жауап беру арқылы сөйлемдерді толықтырып, әңгіме құралады.
Оқушыларының сауатты жазу дағдыларын жетілдіру мақсатымен әр сабақта сөздік диктант жүргізіледі. Ол сөздердің дұрыс жазылуын меңгертіп қана қоймай, осы сөздер бойынша мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Мысалы, саябақ, ағаш, құс, гүл, балалар, әткеншек, экскурсия сөздерімен мынадай мәтін құрауға болады: Біздің қаламызда бірнеше саябақ бар. Онда ағаштар мен гүлдердің түрлері өте көп. Балалар саябаққа барғанды ұнатады. Өйткені онда әр түрлі әткеншекрер бар. Жаз айларында біз саябаққа сыныптастарыммен бірге экскурсияға бардық
Оқу-тәрбие үдерісінде дидиактикалық ойындарды қолдана отырып оқушылардың тілін дамытуға, ойын, қиялын ұштауға, сөздік қорын байытуға, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға тәрбиелеуге мүмкін туады. Әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Мысалы, «Әріптерді жоғалтпа» ойынында оқушылар әр әріпті жаңылмай орнына қойып, жаңылтпаш сияқты айтып беруі керек. Сәл мүдірсе болды, оқушы ойын тәртібін бұзған болып, одан шығып қалады. Сондықтан ойын тәртібін бұзбау үшін алфавитті жақсы білу талап етіледі. Бұл ойынды балалар сабақтан шаршағанда, тақырыпты пысықтау кезінде, сондай-ақ олардың кейбірі дыбыстарды дұрыс атап, жаза алмаған кездерде пайдалануға болады.
«Сөздерді тап» ойыны алдын-ала дайындалған сөздер қима қағаздарға жазылып таратылады. Әр оқушы сөздің ішінен сөздерді табу керек. Бұл ойынға оқушылардың мүмкіндігіне қарай 5-6 минут беріледі.
Қызметкер– қыз, қызмет, қеме, теке, етек;
Алдараспан – ал, аспан,нас, рас, пана, сана,дара, ара, сал, дала;
Таңертең – таң, аң,ер,ерте,ертең,тең;
Астана – ас, тана, тас, сана, аса, ана.
Достарыңызбен бөлісу: |