«Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөздер жазылады.
1. Гүл ...............
Қыз................
2. Оқу............қазғандай.
3. Ата.................
Ана.................
«Бәйге» ойыны шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландырады. Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден оқушы шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Сұрақтарды қойылады, оқушылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.
Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз құрамына не жатады?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Қосымша дегеніміз не?
Ой шақыру. Мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру. Өздері білетін мақал-мәтелдерді айту, мақал-мәтелдерден оқшау сөздерді табу.
Өз тапсырмаларыңды сал оқулықтардан???
Шығармашылық тапсырма:«Ел ертеңі-жастар» тақырыбында мәтін құрастыру, синтаксистік талдау жасау.
Қазақ тілі сабағында шығармашылық тапсырмаларды, ойын түрлерін пайдалану арқылы оқу танымдық белсенділіктің арта түсетініне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен ықпалы ететіндігі сөзсіз. Сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Қайталау кезінде өткен білімді тек еске түсіріп қана қоймайды, оқушылар бұрын назарға алмаған мәселелерге жаңаша қарап, білімдерін толықтыра түседі. Мұғалім жұмыстың алдымен мақсатын айтады, оны орындаудың жолдарын түсіндіріп, нұсқау береді. Оқушылар ойларын жинақтап, тақырып бойынша пікір-сыр жазуға талаптанады.
1. Оқулық бойынша өзіндік шығармашылық жұмыс. Жалпы кітап, оның ішінде оқулықтардың ең алдымен білімдік маңызы өте зор. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге үйретуде оқулықпен қоса хрестоматия да – мұғалімнің көмекшісі. Сабақтың сапасын жақсартып, оқушылардың үлгерімін арттыру мәселесі сабақта оқулықтың рөлін көтерумен тікелей байланысты. Мұны тәжірибе айқын көрсетіп жүр. Өз тәжірибемде шәкірттеріме ең алдымен оқулықты сүю сезімін тәрбиелеуге тырыстым. Ол үшін бірінші сабақтан бастап-ақ балаларды жаңа оқулықтың мұқабасымен, оның аты және авторларымен таныстырып өттік. Сонымен қатар әрбір өтілетін тақырыптар бойынша оқушыларға қосымша түсіндірме сөздіктерді де пайдалануға тырыстырттық.
Оқулық пен қосымша кітаптарды сабақта пайдалану ісі, негізінен үш бағытта жүрді: а) жаңа материалды түсіндіру процесінде кітаптан нақты деректер келтіру қажет болғанда; ә) мұғалім теориялық материалды түсіндірмей тұрып немесе түсіндіріп болған соң, сол теориялық материалдарды игерту мақсатымен оқушыларға өз бетінше жұмыс жүргізген кезде; б) оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын дамыту жөнінде оларға әртүрлі жаттығулар орындатқан уақытта оқулық пайдаланылды.
2. Оқулықты жаңа материалды өтумен байланысты пайдалану. Оқушы өзіндік тек мұғалімнің көмегімен ғана емес, сонымен бірге кітап арқылы да толықтырып, кеңейтиіп отырады. Оқулықтарда мұғалімнің түсіндіруінсіз-ақ өз бетінше үйреніп, оқушылардың меңгеріп алуына болатын жеңіл материалдар кездесіп отырады. Міне, осыларды оқушылар кітап бойынша өзіндік үйренуіне үнемі баулып отырдым. Ол үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандық. Оқулықта шебер де түсінікті жазылған материалдар аз кездеспейді. Сондай материалдарды баяндай келіп, оқушылардың көзін жеткізерліктей әсерлі болу үшін кейде кітапқа сүйендік: кітаптың ең тиімді жерлерін оқып беріп, оқушылардың назарын оқулықта келтірілген мысалдар мен ережелерге аударып отырады.
Жаңа материалды түсіндіріп болған соң сыныпқа «енді бұл мәселе туралы оқулықтарыңда не деген екен?» не «қандай мысалдар келтірген екен?» деп, оқулыққа бағыттадық. Кітаптың тиісті бетін, параграфын, абзацын көрсеттік. Осыдан кейін әлгі материал оқылып, бойынша қорытындыланды. Кей кездерде жаңа материалды түсіндіргенде, жеңілдеу ескертулерді қалдырып кетіп, оларды сол сабақтың үстінде оқушыларға оқулық бойынша өзіндік меңгеруді міндеттедік. Оқулықтағы ең маңызды, ауыр деген кейбір ұғымдар мен ережелерге назар аударып, оларға сүйеніп отыру да жақсы нәтижелер берді. Кей кездері жаңа материалды түсіндіргенде оқулықтағы жаттығуды орындату, жаттығу жинақтары, сөздіктерді пайдалану жұмыстарымен ұштастырдық.
3. Теориялық материалды түсіндіру алдында не соңында өткізілетін өзіндік шығармашылық жұмыс. Оқушылардың оқулық бойынша істейтін өзіндік шығармашылық жұмысы көбінесе жаңа материалды түсіндіріп болған соң жүргіздік. Бұл жұмысты өткізбес бұрын, оқушылармен әңгімелесе отырып, олардың жаңа материалды қаншалықты түсінгенін айқындау керек. Егер оқушылардың жауабында кемшіліктер болса, өздерінше таптыртып, түзеттірдік. Оқулық бойынша өзіндік істейтін жұмыстарды былай топтайды:
1) Оқытылған материалдағы негізгі ойды айқындап, оны оқулықтан оқып беру не өз сөзімен баяндап шығу.
2) Айқындалған негізгі ойды дәлелдірек өз мысалдарымен келтіру. Көркем әдебиет бойынша мысалдар теріп жаздырту.
3) Тұтас материалдарды немесе оның жеке бөлімдерін төмендегіше түрде ауызша, жазбаша жоспарлау: а) сұрақтар түрінде; ә) жеке бөлімдерге ат қою; б) мәтіннен цитаталар келтіру; в) тезис жазу; г) тиісті орфограммаға байланысты сөздер мен сөйлемдер көшіріп жазу т.б. Тәжірибеде тапсырманы оқушылар қиналмай-ақ орындап отырды.
Тапсырманы көбінесе сыныпта тексердік. Ережені жатқа айтқызумен қатар, мысал келтіруін талап етіп отырдық. Мұндай жағдайда оқушылар жаңа материалды өз бетінше үйрене отырып, грамматикалық ереженің мәнін жақсы ұғып, берік игеріп алды. Ең бастысы, өтілген материалға байланысты мысалдарды сабақта өздеріне ойлап тапқыздық. Оларды көбінесе мектеп өмірінен немесе өздері оқыған, жаттап алған материалдардан келтіртуге тырыстырттық.
4. Әр алуан жаттығуларды орындағанда кітап бойынша жұмыс істеу. Жаңа материалды игерумен байланысты әр алуан жаттығулар жүргізу сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу.
Сондықтан ондай тапсырмаларды үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Оқушылардың кiтап бойынша жасайтын өзіндік жұмысы сабақ үстiнде жүзеге асырылады. Ол үшiн мұғалім жаңа материалды баяндап, оқушылардың бiлiмiн ауызша тексеруге уақытты мейлiнше үнемдей жұмсайды да, ал оқушылардың өз бетінше орындайтын шығармашылық жұмысына көбiрек көңiл бөліндi. Оқушылардың өз бетінше iстейтiн шығармашылық жұмысын күрделендiре түсу керек. Ол үшiн алуан тәсiлдiр колдануға болады.
Жаңа материалды түсіндiру процесiнiң өзiнде-ақ оқушылардың бұрынғы бiлiмдерiне сүйене отырып, жетекшi сұраулар қою арқылы олардың логикалық ойлау қабiлетiн жетiлдiре түсуге көмектесеміз. [13,56]