Курстық жұмыс Пәні: Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ІІ тақырыбы


Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау



бет3/20
Дата06.01.2022
өлшемі58,2 Kb.
#12514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
2. Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау

2.1 Бруцеллез ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау

Бруцеллез – ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлері мен жабайы жануарлар, сонымен қатар кеміргіштердің созылмалы жұқпалы ауруы. Адамдарға да қауіпті. Табиғаттағы қоздырушының негізгі көзі – ауру жануарлар.

Қоздырушы – бруцеллдің 6 түрі (Br. abortus, Br. melitensis, Br. suis, Br. ovis, Br. neotomae, Br. canis), соның ішінде сойыс малдарының патологиясында ірі қара, қой және шошқалардың қоздырушысы көп кездеседі. Морфологиялық тұрғыдан олар ұсақ, қозғалмайтын, спора құрамайтын, теріс грамды кокко немесе таяқша тәрізді микроорганимздер.

Бұл ауруды анықтау үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Мал сойылғаннан кейін ауруды анықтау үшін зертханалық тексеруге сүйек( жілік майы), бауыр, бүйрек, көк бауыр, желін, без, жатыр кесінділері жіберіледі. Осы алынған сынамалардан екі жұғынды дайындалады. Төсеніш шыныдағы жұғынды спирт шамының жалынымен апталғаннан кейін Грамм әдісімен және Стамп (Циль-Нильсон әдісінің өзгерген түрі), Козловский және Шуляк-Шин әдістерінің бірімен боялады. Микроскоппен тексергенде ауру қоздырушысы қызыл түске боялады.



Жұғындыны Стамп әдісімен бояу. Жалында апталған жұғынды 10 минут бойына Цилдің карболды фуксинінің 1:10 есебіндегі судағы ерітіндісімен боялып, сумен жуылады. Сонан соң жұғындыға 30 секундқа сірке қышқылының 0,5% ертіндісі тамызылады. Жұғындыны сумен тазалап жуып, қосымша метилен көгінің 1% ерітіндісімен 20-30 секунд бояйды. Бояуды төгіп, тағы да сумен жуылған соң жұғынды бруцелдер – қызыл, ал басқа микробтар және фон көк түске боялады.

Жұғындыны Козловский әдісімен бояу. Спирт шамының жалынында апталған жұғындыға сафариннің 2% ерітіндісі құйылып, онда көпіршіктер пайда болғанша қыздырылады да, сумен жуылады. Сонан соң қосымша малахит жасылының 0,75% ертіндісімен 0,5-1 минут шамасында боялады. Бояуды төгіп, сумен жуғаннан соң сүзгі қағазының көмегімен құрғатылады. Бруцелдер алқызыл, ал басқа микробтар жасыл түске боялады. Малахит жасылының орнына 1% метилен көгін немесе бриллиант жасылын пайдалануға болады.



Жұғындыны Шуляк-Шин әдісімен бояу. От жалынында қыздырылған жұғынды Циклдің карболды фуксинінің 1:5 есебінде судағы ертіндісімен 2 минут боялады. Сонан соң сумен жуылып, қосымша 2% метилен көгімен 5 минут шамасында боялады. Бояуды төгіп, сумен жуғаннан соң сүзгі қағазбен құрғатылады. Микроскоппен қараған кезде бруцелдер ашық қызыл түске, ал басқа микробтар көкшіл түске боялады.

Ветеринариялық-санитариялық бағасы мен сақтық пен күресу шаралары. Бруцеллездің клиникалық белгілері мен паталогоанатомиялық өзгерістері бар жануарларының ұшаларын қайнатып залалсыздандырады. Бруцеллезді процеске тән клиникалық белгілер мен паталогоанатомиялық белгілері жоқ, бірақ бруцеллезге оң реакция берген ет пен сойыс өнімдерінің санитарлық бағасын ауруға қарсы нұсқауға сәйкес жүргізеді. Бруцеллездің клиникалық және патологиялық белгілер бар жануарлардың сүйегін азықтық майларды шыжғыруға немесе құрғақ жануарлар азығын өндіруге жібереді. Бруцеллезге оң реакция берген жануарлардың ішектерін, өңешті және қуықты 0,5% тұз қышқылы бар 1% тұзды ерітіндіде 48 сағат 15-20С және 1:2 коэффициент сұйықтықта ұстайды. Бруцеллездің клиникалық белгілері бар сойыс жануарларының бұл өнімдерін утильдейді. Клиникалық ауру және зерттеу кезінде оң реакция берген жануарлардың қанын азықтық ұн немесе техникалық өнім дайындауға қолдануға рұқсат беріледі. Бруцеллезбен клиникалық ауру және бруцеллезге бейім сойыс жануарлардың терісін, мүйізі мен тұяқтарын дезинфекциядан кейін жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет