Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті»


II тарау Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті



бет7/12
Дата18.05.2023
өлшемі64,71 Kb.
#94128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
II тарау Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті
2.1 Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерінің практикалық маңыздылығы мен нәтижелегі

Қазақстан өз тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп жатыр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуындағы маңызды мәселелелерге тоқтала отырып, білім берудің бәсекеге қабілетті болуына ерекше басымдық береді.


Күнде өзгеріп отырған ғаламда уақыт талабынан қалмай, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер керек. Білім саласындағы басты өздерістердің бірі ретінде білім мазмұнының жаңаруын айтуға болады. Бұл-уақыт талабынан шығу деген талпыныстан туған жауапты қадам. Фундаменталбды білімнен функционалды білімге ауысу кезеңінде әрине, көзқарастар қайшылығы орын алатыны анық. Дегенмен бүгінгі күннің талабы осы. Қаншалықты күрделі болғанымен,бірақ осы өзгерістер түбегейлі жаңарулар – қажеттілік. Білім мазмұнының жаңаруы оқытудың жаңа механизмдерін,озық тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманғы табысты, өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат , болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама негізінен жеті модульге сараланған. Модульдер:

  1. Оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер;

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  3. Оқыту үшін баңалау және оқытуға үйрету;

  4. Оқытуда АКТ-ны пайдалану;

  5. Таланны және дарынды балаларды оқыту;

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу;

  7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту», «Қалай оқу керектігін үйрету» деп қарастырамыз. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқышалрдың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал.
Сабақтарымда әңгімелесудің үш түрін; топтық әңгіме, әңгіме дебат, зерттеушілік әңгіме түрлерін тиімді қолданылады. Топтық әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізіледі. Оқушылардың барлығы топтық әңгімеге белсенді түседі. Ал әңгіме-дебат кезінде пікірталасқа түсу кезінде үлгерімі жоғары, талантты және дарынды оқушылардың белсендлігі артады. Зерттеушілік әңгімеге түсу кезінде көшбасшының топ мүшелеріне жетекші сұрақтар қойып, әңгімені өрбіте білуімен байланысты болды.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады; оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтайтжеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын айту арқылы ортық бір пікңрге келеді. Оқытуды бағалау (жиынтық баға) баға қою,мадақтау, оқу қорытындысын шығару. Оқыту үшін бағалау (формативті) әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтерилер арқылы,жетістік ағашы, білім ағашы арқылы, смайликтер арқылы бағалауға болады.
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту да бұл молульмен тығыз байланыста. Көшбасшыны анықтау өткізетін кез-келген сабақта топтарды өзгертіп отыру арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық қамтылып шығады. Бұл баңдарламада айтылған 7 модульді кез-келген сабақтарда оқушылар топқа бөлінуге қалыптастады, постер арқылы қорғауға үйренеді, оқушылар постер қорғау кезәнде ерекше белсенділік көрсетеді.
Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.

  • Оқушының өз бетінше білім алуға деген қызығушылығын оятады;

  • Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады;

  • Оқуға ынта-ықыласы артады;

  • Бір – бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренеді;

  • Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренеді;

  • Өз ойын қағазға түсіруді үйренеді;

  • Оқушының жеке басын,ұжымды сылауды үйренеді[8, 13 бет].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет