Тәжірибелік бөлім
№1. Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Тақырыбы: Таңертеңгі жаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Жүру түрлері 1минут. Заттардың арасымен оларға тиіп кетпей жүру және жүгіру. Команда бойынша сапқа тұру. Допты жерге лақтыру және оны екі қолымен қағып алу. Жалпы дамытушы жаттығулар.
Мақсаты: допты қағып алуды және беруді үйрету. Допты алып жүруді жетілдіру. Шапшаңдық, жылдамдық сапаларын дамыту.
І. Кіріспе
Мәлімет қабылдау, сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар: - Оңға, солға, кері бұрылу. - Секіріп бұрылу. Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен. Спорттық жүріс. 10 мин Спорттық киіміне назар аудару.
Бір адамдай істеу. Денені түзу ұстау. Саптан шықпай бір қалыпты жүгіру.
ІІ. Негізгі бөлім
- Тізені жоғары көтеріп жүгіру; - Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру; - Аяқтың басын алға сілтей жүгіру; - Оң, сол жақ пен қолды айналдыра жүгіру; - Артпен жүгіру; - Жай жүгіру; - Спорттық жүріс; - Тыныс алу жаттығулары. 2 рет Арақашықтықты сақтау. Алақанға тізені тигізу, кеудені тік ұстау, қол бел тұста. Қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау.
Доппен Алаңды толық пайдалану. Арақашықтықты сақтау, тепе – теңдік сақтау, көзді жұмбау, толық айналдыру. Жалпы дамытатын жаттығулар: a) б. қ. Аяқ алшақ, қол белде. 1 – 4 оңға солға, 5 – 8 солға басты айналдыру; ә) б. қ. Қол иықта 1 – 2 алға, 3 – 4 артқа айналдыру; б) б. қ. Оң қол жоғары, сол қол төменде, 1 – 2 оң қолды, 3 – 4 сол қолды көтеру; в) б. қ. Қол бүгулі кеуде тұста, 1 – 2 оң бүгулі, 3 – 4 түзу күйінде артқа көтеру; г) б. қ. Қол кеуде алдында, 1 – 2 қолды бүгіп артқа 3 – 4 оңға/солға/бұрылып сілтеу; д) б. қ. Қол белде. Белді оңға – солға айналдыру. Е) б. қ. Аяқ бірге, қол алда. 1 – оң аяқты сол қолдың ұшына, 2 – сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу; ж) б. қ. Қол белде, 1 – отыру қол алда, 2 – тұру қол белде; з) б. қ. Н. т 1 – 4 рет саны бойынша оңға, солға секіріп бұрылып. Денені тік ұстау, толық айналдыру. Қолды бүкпеу, барынша артқа керу жылдам орындау. Барынша артқа керу шынтақты бүкпей йық көлемінде ұстау. Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.
«Аралар» қимылды ойынын ұйымдастыру.
арнайы жаттығулар. Доп беру әдістері: 1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру - Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру; - Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады; - Допты екі қолмен кеудеден беру. 3. Допты бір қолмен беру Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету. 4. Допты ұстау - Допты ұсынған бетте тез әріптесіне беру; - Допты ұстау кезінде орнықты тепе – теңдікті сақтаған қалыпта және кез – келген еркін қозғалатындай ыңғайда болуы керек; - Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанда ұшып келе жатқан допты қарсы бағыттау керек.
ІІІ. Қорытынды
Допты бір орында тұрып ұстап беру, кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.
Оқу қызметін қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |