Қолданылған әдебиетттер тізімі
Қолданылған әдебиеттер тізіміне қосылған әрбір әдебиет көзі жұмыста
қолданылуы
керек.
Факт
бойынша
қолданылмаған
жұмыстарды
кітапханалық тізімге қосудың қажеті жоқ. Қолданылған әдебиеттер тізімі
ғылыми жұмыстарға орнатылған талаптарға сәйкес рәсімделеді. Олар
жұмыстың мәтінінде қолдану тәртібі бойынша келтіріледі. Әдебиет көздеріне
сілтемелерді тік жақшаға алынған түрде көздер тізімі бойынша тәртіптік
номерде көрсету керек.
Курстық жұмысты безендіру қойылатын талаптар:
Курстық жұмыс стандартты А4 форматтағы парақта орындалады. Сол
жағынан – 3 см, оң жағынан – 1,5 см, жоғары 2см, төменгі жағынан – 2,5 см
қалдырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі компьютерде терілген 25
беттен кем болмауы керек.
Мәтін Times New Roman шрифтісімен теріледі. Шрифт размері 12
(таблицада) -14 кегль (мәтінде). Шрифт түсі қара. Мәтінді екі шеті бойынша
туралау, азат жол (абзацтың бірінші жолы) – 1,25; жоларалық интервал – 1.
Құрылымдық
элементтердің
атауы
«Мазмұны»,
«Кіріспе»,
«Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмыстың
құрылымдық
элементтерінің
тақырыбы
болып
табылады
және
көрсетілгендей әріптермен (тырнақшасыз), қатардың ортасында соңына
нүкте қоймай, астын сызбай жазылады. Тақырыпты тасымалдауға болмайды,
яғни қатардың соңында сөз міндетті түрде толық болуы керек. Әрбір бөлімді
жаңа беттен, азат жолдан бастау керек.
Курстық жұмыстағы (жобадағы) бөлімдер (тақырыптар) майлы
қаріптермен немесе курсормен белгіленбейді.
Бөлім, тақырып атаулары жаңа жолдан (азат жол) орналасады. Әрбір
тарау (бөлім) жаңа беттен жазылады. Тарау атауы мағынасына сай болуы
қажет.
Тарау, тақырып атауларының соңынан нүкте қойылмайды. Егер
тақырып бірнеше сөйлемнен тұрса араларына нүкте қойылады. Тараудың
атынан кейін екі интервал, тақырыптың (тарау ішіндегі, М: 1.1) атынан кейін
бір
интервал қойылады. Тақырыптардың аты мәтіннің жоғары және төмен
жағынан 1 интервалмен бөлінеді.
Мәтін беттерінің рет саны төменгі жақта, парақтың ортасында араб
санымен белгіленіп, 3-беттен (кіріспеден) басталады. Титулдық парақ пен
жоспарға реттік саны қойылмайды, бірақ ағымдағы түрде курстық жұмыстың
бірінші және екінші парақтарына орналасады.
Мазмұндағы тақырыптар мәтіндегі тақырыптарды дәлме-дәл қайталауы
керек, оларды қысқартуға немесе басқа мағынада жазуға рұқсат етілемейді.
Қазақстан-Американдық еркін университеті
Жоғары колледж
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жазба жұмыстарының түрлері
Пәні: Әдебиетті оқыту әдістемесі
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»
Орындаған: Әзи Айбота
Тексерген: Самарханова Н. Н.
Өскемен, 2020 ж
Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................................... 3
І Жазба жұмыстарының түрлері .......................................................................... 5
1.1 Диктант ............................................................................................................. 5
1.2 Мазмұндама ..................................................................................................... 6
1.3 Шығарма ......................................................................................................... 10
1.4 Эссе ................................................................................................................. 14
ІІ Іс-тәжірибе барысындағы жазба жұмыс түрлерін қолдану.......................... 17
2.1 Өскемен қаласы әкімдігінің «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ іс-
тәжірибе барысындағы қолданылған жазба жұмыстарының түрлері ............ 17
2.2 Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 мектебі» КММ
байқау және бақылау іс-тәжірибеде қолданылған жазба жұмыстар түрлері..25
Қорытынды .......................................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер ....................................................................................... -
Кіріспе
Әдістемені зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба
жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба
жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар
қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі,
екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып
табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша
сөйлеу, есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз
тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және
орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз
беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай
білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя
білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама
дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке
алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай
жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің
нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа
белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның
орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті.
Оқушыларға сапалы білім беруде мұғалім олардың білім, білік және
дағдыларын міндеттік деңгейге жеткізуі тиіс. Ал оны іске асыруда әрине
бақылау жазба жұмыстары жүргізіледі. Бұл оқушылардың қаншама қандай
деңгейде білім нәтижелерінің бар екенін айқындайды. Жүргізілетін жазба
жұмыстары арқылы оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіруге
және
оқу
бағдарламасында
берілген
тақырыптарды
қаншалықты
меңгергендіктері анықталады. Жазба жұмыстарының анықтайтын міндеттері:
- оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіреді;
- орфографиялық, пунктуациялық біліктіліктерін қалыптастырады;
-талдау,
салыстыру,
топтау
және
жинақтау
дағдыларын
қалыптастырады;
- өздігінен мәтін құру ;
- өз ойларын сауатты түрде жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын
жетілдіреді;
- ауызекі және жазба тілде мазмұндау жұмыстарын қалыптастырады;
Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиеттi оқыту процесiнiң сапаға
айналған нәтижесi болып табылады. Мұғалiмнiң педагогтiк шеберлiгi мен
еңбегiн айқындайтын, оқушының әдебиеттiк ұғымын, бiлiмiн байқайтын,
сынайтын көрсеткiш.
Оқушылар арасында әлi де шығарма жазып, жоспар құра алмайтын, өз
ойын жеткiзе бiлмейтiн, тiл орашолақтары жиi кездесiп отырады. Осындай
кемшiлiктердi мектеп бiтiрушi оқушылардың жазған шығармаларынан жиi
байқаймыз. Қазiргi уақытта жазу жұмысына қойылатын талаптар күшейдi.
Әрине, мұндай талапты орындап шығу – бiр күннiң немесе бiр айдың,
бiр жылдың iсi емес, бүкiл орта мектеп көлемiнде алған бiлiмнiң ұзақ
мерзiмде қол жеткен нәтижесi болу керек. Емтихан уақытында оқушылардың
шығарма жазуда жiберетiн, жиi кездесетiн шығарманы қалай бастау керек
екенiн бiлмеу, бiрiншi беттi бастағанда алдымен жоспар одан кейiн
тақырыпты жазу сияқты кемшiлiктердi болдырмас үшiн шығарманы қалай
жазу туралы арнайы нұсқауды негiзге алу жөн.
Тақырыптың өзектілігі: Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік
көзқарасының қалыптасуы, ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан
басталады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесі жеке
тұлғаға бағдарланған оқыту принципіне негізделініп, оқушылардың жас
ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін
айқындауды қарастырады. Сол мүмкіндіктердің ең бастысы – қазақ тілі мен
әдебиет сабақтарындағы жазу жұмыстарының белгіленген нормалары мен
бірыңғай талаптарының қатаң сақталынуы. Бұл жайлар әрбір мұғалімге
бұрыннан-ақ таныс, белгілі, күнделікті жұмысында кеңінен қолданып жүрген
жайлар. Әйтсе де әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет ететін, жеке тұлға
мен жалпыға бағытталған жұмыс түрлерін жобалау және өткізу түрлері мен
талаптарының әр мектепте әртүрлі жағдайда болып келетіндігі ойлантатын
жағдай. Сондықтан да әр кезеңде, әр әдістемелік нұсқаулықтарда көрсетіліп
жүрген жазба жұмыстарының нормасы мен оларға қойылатын талаптарды
бір жүйеге түсіріп, ортақ бір пікірге келу жазба жұмыстарның өзекті мәселесі
болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Жазба жұмыстарының түрлері мен оны өткізудің жолдарын
қарастыру;
- оқушы шығармашылығын жазба жұмыстары арқылы дамыту;
- жазба жұмыстарының түрлерін жаздыру арқылы дарынды
білімгердің қабілет көзін ашу;
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Жазба жұмыстарының түрлері туралы мәліметтер іздестіру;
- теориялық мәліметтерімді бір жүйеге келтіру;
- тақырыпқа байланысты теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану;
- курстық жұмысты қорытынды жасау.
І Жазба жұмыстарының түрлері
1.1 Диктант Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар
1.
Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып,
оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі (қайталау, жаттау, т.б.)
ескертіледі.
2.
Диктант үшін ұсынылатын текстер орфографиялық тұрғыдан таныс,
яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст құрамында
өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер
кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.
3.
Диктанттың қай түрі болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп,
кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.
4.
Тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап,
мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.
5.
Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп,
іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен
жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің
екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының
дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін
сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады.
6.
Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу
жылдамдығын сақтап оқиды.
7.
Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел
оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп,
қалып қойған сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен
толықтырылады.
8.
Ең соңында оқушылар жазған текстерін өз беттерімен тексеріп
шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.
Диктантты бағалау нормалары:
Мұғалім ІV-VІ сынып оқушыларының жазба жұмыстарын бағалағанда,
мынадай бағалау өлшемдерін басшылыққа алғаны жөн. Диктанттағы
орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер жеке
есептеледі. Сондықтан баға жалпы қойылады.
«5» деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл бір қатеге
немесе тыныс белгісінен жеңіл бір қатесі болса қойылады.
«4» деген баға үш тыныс белгіден, үш емледен, немесе екі тыныс
белгіден, екі емледен болса қойылады.
«3» деген баға алты тыныс белгіден, алты емледен, немесе сегіз тыныс
белгіден, үш емледен болса қойылады.
«2» деген баға бес тыныс белгіден, тоғыз емледен, немесе тоғыз тыныс
белгіден, сегіз емледен болса қойылады.
Сондай-ақ
диктанттармен
қосымша
өткізілетін
бақылау
тапсырмаларына екі баға қойылады, бірі – диктантқа, екіншісі
грамматикалық тапсырмаларға қойылады. Фонетикалық, грамматикалық,
лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және пунктуациялық қосымша
тапсырмаларды бағалауға мынадай өлшемдер басшылыққа алынуы қажет:
«5» деген баға толық дұрыс орындалған тапсырмаға қойылады.
«4» деген баға тапсырманың 75% -ті орындалса,
«3» деген баға тапсырманың 50%-ті орындалса,
«2» деген баға тапсырманың 50%-ке жетпесе қойылады.
Диктант жазғанда кейбір оқушылар ілесіп жаза алмай, қайталап сұрай
береді, уақытты алады. Сондықтан ондай оқушыларға 7-8 сөйлемнен
құралған шағын диктанттар тиімді болып саналады.
«Есте сақтау» диктанттарда мұғалім сөйлемді бір-ақ рет (ұзақ сөйлем
болса екі рет) оқиды. Дереу оқи сала «жазыңдар» дейді. Ондағы мақсаты –
оқушыларды сақтыққа, естігенді есте сақтауға, айтқанды ұғып тыңдауға және
жылдамдыққа баулу. Егер сынып жаза алмаса, есіне сақтап қалған оқушыға
қайталаттырады. Сөйтіп, үйренеді.
Диктант тексерудің де түрлі жолдары бар. Сыныпта жазу
сауаттылығына қарай топтайды.
1.
«Сенімділер тобы» үнемі «4» пен «5»-ке жазатындар.
2.
«Әрқалай» «4», кейде «3»-ке жазатындар.
3.
«Қателер».
4.
«Шимайлар» тобы. Шимайлап, түзеп, бұзып, былғап жазатындар
кіреді.
Әр топтың аты-жөндері, жіберетін қателері жазылатын арнайы дәптер
жүргізеді. Тұстарына оқушының аты-жөні жазылады. Диктантты жазу
үстінде оқушы қателерін мұғалім ескертіп отырады.
Мектеп оқушыларының білімін бағалау үшін оқу жылының басы мен
соңында және әрбір тоқсанда өткізілетін диктанттардың сөз саны шамамен
мынадай нормаларда белгіленуі тиіс:
1. ІV сынып үшін – 80 -100 сөз.
2. V сынып үшін -100 –110 сөз.
3. VІ сынып үшін – 110 -120 сөз.
4. VІІ сынып үшін – 120 –140 сөз.
5. VІІІ сынып үшін – 140 -160 сөз.
6. ІХ сынып үшін – 170 -180 сөз.
7. Х сынып үшін - 190 - 200 сөз.
1.2 Мазмұндама
Жазба жұмыстарының бір түрі – мазмұндама жұмысы. Балалардың
мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері
жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама
екінші сыныптан бастап жүргізуге мүмкіндік бар екендігі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |