Курстың мақсаты мен міндеті



бет17/23
Дата01.04.2022
өлшемі71,83 Kb.
#29585
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Экстенсивті тыңдалым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман, әңгіме) тыңдау.

Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы:



1.Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

2. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.

3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.
14. Айтылым

Жоспары:

  1. Айтылым төрт тілдік дағдылардың бірі.

  2. Айтылым туралы түсінік.

  3. Айтылымның ішкі дағдылары.

  4. Сөздерді дыбыс үндестігінің ерекшелігіне сай айта білу; Вербальді емес тілді қолдана білу ( сөйлеу барысында дене мүшелерін пайдалану);

  5. Мәтін түрлерін ( әңгіме, ертегіғ т.б.) өндіре білу;

Айтылым 4 тілдік дағдылардың бірі және ол да жазылым сияқты өндіруші дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін сөздерді қолдану.



Сөйлесу барысында кейбір іс-әрекеттерді жиі қолданамыз және олардың тізімі төмендегідей:

  1. Сөздерді дыбыстау

  2. Сұрақтарға жауап беру

  3. Интонацияны қолдану

  4. Бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну

  5. Сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру

  6. Пікірталасқа қатысу

  7. Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдану

  8. Әңгімелесуге қатысу (әңгімеге араласу)

  9. Адамдармен сәлемдесу

  10. Сөйлеу сөзін жоспарлау (презентация жасау барысында)

  11. Езу тартып күлу

  12. Ақпаратты сұрау немесе айту

  13. Грамматиканы және сөздерді қолдану



  14. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет