32
Өнім сапасының қасиеттері мен көрсеткіштері
Өнім сапасы оның қасиеттерінің жиынтығының талаптарға сай болуы
дəрежесімен анықталады.
Қасиеттер - өнімді дайындау, бағалау, қолдану
немесе тұтыну кезінде
көрінетін объективті ерекшеліктер.
Өнімнің қасиеттері қарапайым жəне күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайым қасиет - өнімнің бір объективті ерекшелігін сипаттайды (түсі,
қаттылығы, автомобильдің орташа ресурсы), күрделі қасиет - өнімнің бірнеше
объективті ерекшеліктері, демек қарапайым қасиеттердің жиынтығы (мысалы:
сыртқы түр түсі, көлемі, пішіні) жатады.
Қасиеттерді шартты түрде негізгі жəне қосалқы деп бөледі. Негізгі
қасиеттер - өнімнің өзінің қолдану мақсатына сəйкестігін сипаттайды (жиhаз
үшін оның ыңғайлылығы, сыртқы түрінің əдемі болуы). Қосалқы қасиеттер –
негізгі қасиеттерді күшейтеді немесе азайтады (мысалы, жиhаз үшін оның
массасы).
Қасиеттердің өлшем бірліктері ретінде
өнімнің сипаттамаларында
көрінетін сапа көрсеткіштері алынады.
Өнім сапасының көрсеткіштері – жасау, қолдану немесе тұтыну
шарттарының белгілі біреуінде қаралатын өнімнің бір немесе бірнеше
қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.
Сипатталатын қасиеттерге байланысты сапа көрсеткіштері бірлік жəне
комплекстік болып бөлінеді.
Өнім сапасының бірлік көрсеткіші өнімнің қарапайым қасиетін
сипаттайды, кешендік көрсеткіш - өзара байланысқан
қарапайым немесе
күрделі қасиеттердің жиынтығын сипаттайды.
Өнім сапасының кешендік көрсеткішінің бір түрі интегралды көрсеткіш
болып табылады:
I=Э/(З
с
+З
э
)
мұндағы
, Э - өнімді тұтыну немесе қолдану кезіндегі пайдалы əсердің
қосындысы;
З
с
-
жасауға кетке шығын;
З
э
- қолдану немесе тұтыну кезінде кеткен шығын.
Өнім сапасының жалпыланған кешендік көрсеткіші - өнімнің сапасын
бағалайтын барлық қасиеттердің жиынтығы. Өнім сапасын бірнеше
көрсеткіштермен өрнектеуге көмектеседі, мысалы: бір санмен, баллдармен.
Өнім
сапасының негізгі көрсеткіші – сапаны салыстырмалы бағалаған
кезде, бастапқы көрсеткіш ретінде алынған көрсеткіш. Негізгі көрсеткіш
ретінде мыналар алынады:
- Мемлекетте немесе шетелдерде шығарылатын алдыңғы қатарлы
өнімдердің сапасының көрсеткіштері;
- Белгілі уақыт аралығында қол жеткізілген сапа көрсеткіштері;
33
- Тəжірибелік
немесе
теориялық
түрде
табылған
нұсқалардың
көрсеткіштері;
- Өнімге қойылатын талаптарда берілген сапа көрсеткіштері.
Өнім сапасының
анықтауыш көрсеткіші - өнім сапасы бағаланатын
көрсеткіш. Мысалы, тұтынушылар үшін тамақ өнімдерінің сапа көрсеткіштері
органолептік көрсеткіштер болып табылады.
Қасиеттерді көрсету үшін көрсеткіштер абсолютті жəне салыстырмалы
болып бөлінеді.
Өнім
сапасының абсолют көрсеткіші - əртүрлі өлшем бірліктері арқылы
немесе өлшемсіз шамалармен өрнектелетін сапа көрсеткіштерінің нақты
мəндері.
Өнім сапасының салыстырмалы көрсеткіші
- өлшемсіз мəндермен немесе
пайызбен өрнектелетін абсолют көрсеткіштің бастапқы көрсеткішке қатынасы.
Салыстырмалы көрсеткішті келесі формуламен есептейді:
q
i
=P
i
/P
iб
,
i=1,2,3,…n
мұндағы,
P
i
, P
iб
- сəйкесінше абсолют жəне негізгі нұсқалардың
i-ші көрсеткіші;
Сапа көрсеткіштерін тура жəне жанама деп екіге бөледі. Тура
көрсеткіштер - өнімнің қасиеті мен сапасын тура сипаттайды (мысалы,
жекеленген заттардың массалық үлесі).
Жанама көрсеткіштер – бірнеше факторларға тəуелді қасиеттерді
байланыстырады, өнімнің сапасын жанама сипаттайды. Мысалы, сүттің
тығыздығын жəне оның химиялық құрамын анықтайды.
Сипаттайтын қасиеттің табиғатына байланысты
өнімнің сапасының
көрсеткіштері органолептік, химиялық, физика-химиялық,
физикалық,
биохимиялық, микробиологиялық т.с.с. бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: