56
сараптау жəне тиімділігін бағалауында.
СМЖ-ң
ішкі
тексерулері
арнайы
дайындықтан
өткен
фирма
басшылығымен тағайындалатын арнайы мамандар көмегімен жүзеге
асырылады. Осындай тексерулер жоспар бойынша немесе ақауларды анықтаған
кезде жəне фирмада ұйымдық өзгерістер болған жағдайда жүргізіледі.
Ұйымдастыру реті мен тексеру жүргізу СМЖ-ң құжатталған
процедурасында анықталуы қажет. Бұл құжаттарда тексертудің нысандары мен
тəсілдері, тексерудің қайталануын; жұмысшыларға талаптар; тексеру
жүргізудің реті т.б. Тексерудің нысандары, əдетте, өнім сапасының
параметрлері, СЖ-ң ұйымдық құрылымы болып табылады. Тексеру нəтижесі
бойынша есеп дайындалады.
Басшылық қызмет ететін сапа жүйесі тиімділігіне сараптау жүргізу қажет.
Сараптаудың мақсаты өзгерген сыртқы жағдайлармен анықталады, мысалы,
тауардың жаңалығы жəне оны нарыққа өткізу. Сараптау, əдетте, басшылықтың
тағайындауымен немесе тəуелсіз мамандармен жүргізіледі. Қызмет ететін
жүйеге өзгерістерді енгізген кезде, өнім сапасын жоғарылатудағы ғылыми-
техникалық бағдарламаға енгізілуі мүмкін.
Сапа менеджменті жүйесі келесі топтарға сəйкес болу керек:
• өнімге жəне қызметке деген тұтынушылар талаптары қанағаттандыруы
қажет.
• ақаулар шыққаннан кейін анықталмай, алдын-ала қарастырылуы керек.
Егер ақау немесе талаптарға сəйкессіздік жіберілген болса, онда жүйе оларды
анықтауды қамтамасыз ету қажет;
• жүйе келесі өндіріске немесе тұтынуға ақаулы өнімді немесе сəйкес
келмейтін өнімді жібермеуге кепілдік беру қажет;
• жүйе өнімнің, өндірістің, жүйенің үздіксіз жақсартуын қамтамасыз ету
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: