Квалиметрия


Сапа басқарудың шетелдік тəжірибелері. Жапониядағы сапа



Pdf көрінісі
бет34/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Байланысты:
treatise8149 (2)

Сапа басқарудың шетелдік тəжірибелері. Жапониядағы сапа 
басқару 
Жапонияда өнімнің сапасын басқару саласының формалары мен əдістері 
жасалынған, олардың АҚШ пен Батыс Европадан көптеген айырмашылығы 
бар. Олардың ерекшеліктері компаниялар мен тасымалдаушылардың 
арасындағы сапалы өнімнің шығарылымы үшін жауапкершілік, сапаны ұзақ 
мерзімге жоспарлау, жаңалықтармен алмасу, өнімнің сапасын басқару 
саласында мамандар дайындау, стандарттау, есептеуіш техниканы қолдану
сапа белгісін алуын аттестаттау. 
Өткен ғасырдың 40-50 жылдарының басында жапондық мамандар беделді 
американдық ғалымдар Э. Деминг пен Дж. Джураннан сапаны басқару 
бойынша білімдерін жетілдірді. Алған білімдерін Жапонияның өнеркəсібінде 
табысты қолдана бастады. 
Технологиялық прогрестерді басқару үшін бақылаулық карталар белсенді 
қолданылды. Э. Демингтің лекциялар кітабынан түскен авторлық төлемақы 
оның есімімен аталған сыйлықты тағайындау үшін пайдаланылған. Э. 
Демингтің алтын медальдары 1951 жылдан бастап жеке тұлғалар мен бүтін 


58
кəсіпорындар үшін беріледі. Жапонияның алдыңғы қатарлы фирмаларында 
толық жəне кезегімен атты тəсілі жəне сапаны басқарудың жүйелік принціптері 
енгізілген. Мұндай фирмалардың тəжірибелері түпкілікті оқып танылды, 
сараптама жасалынды жəне оларды АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде 
қолдануға əрекет жасалынды. 
Жапониялық сапаны басқару тəсілінің бірқатар ерекше қасиеттері бар деп 
саналғанмен, салыстырмалы сараптамалар көрсеткендей, теориялық жағдайы 
өте ұқсас жəне интернационалды болып келеді. Жапондық сапа басқару 
тəсілінің айрықша элементтері келесідегідей: 
1. Процестің тұрақты дамуына бейімделу жəне барлық бөлімшелерде 
еңбек нəтижелеріне жету; 
2. Өнімнің сапасына емес процестің сапасының бақылануына бейімделу; 
3. Ақаулардың пайда болмауын қадағалауға бейімделу; 
4. Түпкілікті зерттеу жəне қазіргі операциядан келесі операцияға дейінгі 
жүретін принціп бойынша туындаған мəселелерді сараптау; 
5. “Сенің тұтынушың келесі өнеркəсіптік іс-əрекетті жүзеге асырушы” 
атты принціпті дамыту; 
6. Еңбек нəтижесінің сапасы бойынша жауапкершілікті тікелей 
атқарушыға жүктеу; 
7. Адам факторын белсенді түрде қолдану жəне жұмысшылар мен 
қызметкерлердің шығармашылық потенциалын дамыту, “дені сау адамға 
жұмысты нашар істеу ұят“ деген моральды санаға сіңіру. 
Жапондық мамандар “сапа – кəсіпорын тағдырын белгілейді“, “сапа 
туралы минут сайын ойла“ атты ұрандармен жұмыс істейді. Осындай ұрандар 
кəсіпорын жұмысына қарқын береді деп ойлайды. Жапондық кəсіпорындарда 
(“бес ноль“ деп аталатын) сапаландыруға қатысу мүмкіндігін беретін 
бағдарлама жасалынған. Ол мынадай қысқаша ережелерден тұрады:
• ақаудың пайда болуына жол бермеу;
• ақауы бар өнімді келесі кезеңге өткізбеу;
• ақауы бар өнімді алдыңғы кезеңнен қабылдамау;
• технологиялық режімді өзгертпеу;
• қателерді қайталамау. 
Бұл ережелер өнімді дайындау мен өнімді өндіру кезеңдерінде 
бөлшектеніп əрбір жұмысшыға жеткізілген. Осыған орай Жапониядағы сапаға 
қатысты ең басты мəселелерді былай бөлуге болады: 
1. Басқару мен техника саласындағы ғылыми жаңалықтарды кеңінен 
қолдану. 
2. Басқару жəне сараптау мен өнімді бақылаудың жоғарғы деңгейде 
компъютерлендірілуі. 
3. Адам мүмкіншіліктерін жоғарғы деңгейде қолдану. Бұл үшін 
шығармашылық 
белсенділігін 
арттыру 
мақсатында 
түрлі 
шаралар 
ұйымдастырылады, мысалы: өздерінің Отандық фирмаға деген патриоттығын 
арттыру, персоналды жүйелі түрде оқыту, үйрету. 
Өнімнің сапасын басқарудың шетелдік əдістері, оның ішінде Жапондық 


59
тəжірибесі өнімнің көптеген түрлеріне байланысты əр салада қолданыс табуда. 
Өнімнің сапасын басқаруының осындай алуан түрлі тəжірибелері бар. Мысалы, 
өнімнің сапасын басқарудың Еуропа, Ресей, АҚШ, Корея, ... т.б. тəжірибелері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет