66
жəне өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені
ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік жəне отандық практиканы еске ала
отырып құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы
Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың жəне жеке тұлғалардың
құқықтарының бұзылуында құқықтарын жəне мүдделерін қорғаудан тұрады.
Бiздiң ұлттық экономикамыздың бəсекеге қабiлеттiлiгiне оны əлемдiк
экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз. Сондықтан да
Қазақстанның Бүкiлəлемдiк сауда ұйымына кiруiн жеделдету аса маңызды
мiндет болып табылады. Бұл тұста өзiмiздiң бүкiл саяси жəне дипломатиялық
əлеуетiмiздi толығымен iске қосқанымыз абзал. Жалпы, қазақстандық бизнестiң
қалыптасу процесi аяқталып келедi. Ол iшкi ғана емес, сондай-ақ сыртқы
нарықтарда да күш сынасу үшiн “пiсiп-жетiлдi”. Ендiгi жерде барлық іс-
əрекеттерімізді Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ əлемдiк нарықтардағы
бəсекелестiк күреске дайындауымызды қажет етеді. Қазақстан капиталының
шетелге қозғалысы, оның сыртқы нарықтарды игеруiн қолдауды қажет етеді.
Бұл – жаһандық бəсекелестiктiң элементi, сондықтан шетелдердегi барлық
мемлекеттiк құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетулерi тиiс.
Ээкономикамыздың бəсекеге қабiлеттiлiгi, көбiнесе, кəсiпорындарымыздың
халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуiмен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: