Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет76/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы 
сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды. 
Тақырып 13. Сыбайлас жемқорлықты мінез-қылық табиғатының психологиялық 
ерекшеліктері (1 сағат) 
Дәрістің 
мақсаты: 
сыбайлас 
жемқорлықты 
мінез-қылық 
табиғатының 
психологиялық ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады. 
Жоспар: 
3.1 Сыбайлас жемқорлықты мінез-қылықтың психологиялық механизмдері
3.2 Сыбайлас жемқорлықты мінез-қылықтың жеке детерминанттары
3.2.1 Әртүрлі мінез-қылық моделдеріндегі субъект-субъекттілік қатынастың 
профилизациясы
3.2.2 Сыбайлас жемқорлықты факторлардың әсерінен жеке тұлға қасиетінің құрылу 
ерекшеліктері
Түйінді сөздер: психологиялық механизмдер, жеке детерминанттар,
субъекттілік қатынас, профилизация.
3.1 Сыбайлас жемқорлықты мінез-қылықтың психологиялық механизмдері
Мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктерінің тағы да бір түрі девиантты 
мінез. Девиантты мінез - құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден 
ауытқитын әлеуметтік іс - әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік 
топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған 
адамның мінез-құлқы. 
Кең мағынасында девиантты мінез - құлық кез келген әлеуметтік ережелерден 
(мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек - қорлық, альтруизм, өзін құрбан 
ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті 
бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет - ғұрыптарды аттап өту, өзіне - өзі қол 
жұмсау және т. б.) ауытқушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан 
құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай 
девиантты мінез - құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп 
соқтырады. 
Әлеуметтенудегі девиантты мінез - құлық тұжырымдамасын қалыптастырған 
француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін 
аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда 
ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез - құлық ауытқушылығының себебін 
қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының 
арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. 
Девиантты мінез - құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, 
еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, 
жыныстық жат мінез - құлық, суицид т. б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет