Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Белгіленген тәртіппен есі дүрыс емес деп танылған адамдар қылмыс субъектісі болып
табылмайды, демек, бұл оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді.
Қылмыстық кодекстің 17-бабының 2-бөлігінде есі дұрыс күйінде қылмыс істеген,
бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің
әрекетін басқару мүмкіндігінен айрылып қалған, есі ауысу дертімен ауырып қалған
адамды жазаға тартпау туралы айтылған.
Есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс
түсінбейді, мұндайда сот-психиатриялық сараптың қорытындысына сәйкес, есі ауысуы
уақытша деп танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайындауы
бойынша медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал
уақытша есі ауысу дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін.
4. Қылмыстың арнайы субъектісі.
Кәзіргі қылмыстық заңнамада қылмыс құрамының айтарлықтай мөлшері, онда
қылмысты тек арнайы субьектілер жасауы мүмкін екендігі қарастырылған.
Қылмыстың арнайы субьектісі - бұл субьектінің жалпы белгілерімен бірге ерекше
қосымша заңдылық мәнді белгілерді меңгерген тұлға.
Нақты қылмыстың арнайы субьектісінің қосымша белгілері Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің диспозициясында беріледі немесе талқылау жолымен белгіленеді.
Қылмыстың арнайы субьектісінің белгілерін кейбір кезде факультативті деп атайды,
сондай –ақ олар барлық қылмыс құрамдарында көрсетілмеген.
Нақты қылмыс құрамдарында, егер бұл белгілер көрсетілсе, онда олар қатаң міндетті
болады. Қарастырылған нақты қылмыс құрамдарында арнайы субьектінің белгілерінің
жоқ болуы , бұл қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың болмайтындығын білдіреді.
Бір жағдайларда жалпы қылмыстың болмауын , ал келесі жағдайларда – жауаптылық
басқа нормалар бойынша болуын білдіреді.
Арнайы субьектінің белгілері көптеген әр түрлігімен өзгешеленеді және жеке
тұлғаның әр алуан қасиеттерімен жанасуы мүмкін. Осыған байланысты қылмыс
құрамының көптеген санын арнайы субьектісі бойынша субьектіні қосымша белгілерімен
жіктеу қажеттілігі пайда болды.
Барлық арнайы субьектінің белгілерін келесі үлгіде шартты бөлуге болады:
субьектінің құқықтық жағдайы және әлеуметтік ролін сипаттайтын белгілер:
субьектінің демографиялық және физиологиялық қасиеттерін сипаттайтын белгілер:
субьектінің жәбірленушімен қарым-қатынасын сипаттайтын белгілер:
Ең көптегені бірінші топтың белгілері болып табылады, оған келесі белгілер кіреді:
1. азаматтық (ҚР азаматы, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адам, ҚК –тің 165,166
баптары)
2. қызметтік жағдайы жөніндегі адамдар (ҚК-тің 307- 316 баптар)
3. әскери міндетіне қатысты (ҚК-тің 367-393 баптар)
4. атқаратын жұмысының сипаты мен кәсіби міндетіне қарай (ҚК-тің 114,118,144
баптары)
5. сот үрдісіне қатысушы немесе сотталуышы (ҚК-тің 348 бабы)
6. бұрын сотталған (ҚҚ-тің 117 бап.3 бөлім)
7. бірнеше рет (ҚК-тің 175 бап.2 бөлім. «б» тармағы)
Екінші топқа
-
жас мөлшерін құрайтын белгілері жатады (ҚК 131.132 баптар),
-
кінәлінің жынысына қарай еркек (ҚК –тің 120,121 баптар) әйел (ҚК-тің 121 бап),
-
денсаулық жағдайына (ҚК-тің 115,116 баптар).