Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
-
Дебильдік (жеңіл түрі),
-
имбецильдік (орташа түрі),
-
идиотия (ауыр түрі).
Психикасының өзге де дертке ұшырауы - бұл сырқаттағы күйге жататындар
психикалық аурулардың жоғарыда көрсетілгендердің қатарына жатпайтын, бірақ адам
психикасының бұзылуына әсер ететін әр түрлі аурулар жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы
аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі
немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады.
Медициналық белгілердің мазмұнынан болатыны ауру емес психикасының бұзылуы
есі дұрыстықты жоймайды. Ауру еместік психикасы өзгеруінің мысалына қатты жан
күйзелісі жағдайы (аффект) болып табылады. Осындай жағдайда тұлғаның өзінің іс-
әрекетін басқаруы шектеулі болады, сондықтан жан күйзелісі жағдайында жасалған
қылмыс, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде саналады.
Есі дұрыс еместікті анықтау үшін нақты заңдылық белгінің интелектуалдық және
еріктілік кезеңдерін ашып алу керек.
Зандылық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп бере
алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан
(еріктілік кезеңнен) түрады.
Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін, оның қоғамға кауіпті мәнін
яғни, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының зияндылығын сезбейтінін көрсетеді.
Ақыл - ойдың бұзылуы еріктің бұзылуына себепкер болып, адамның өзінің іс-
әрекеттерін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін түсінгенімен, аурулық
жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезеңдер болады.
Мысалы, наркотикалық аштық жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем көрсетуші
медицина қызметкеріне шабуыл жасап, одан наркотикалық дәрі бар нәрсені тартып алуда
өз мінез-құлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақта наркотикалық тәуелділікке байланысты
еріктілік жағдайының терең бүзылуы салдарынан өзін-өзі ұстауға, басқаруға қабілеті
болмайды.
Заңдылық белгінің еріктілік кезеңі мінез-құлқын, қылықтарын бақылауда өзінің іс-
әрекетін басқара алмауындағы тұлғаның қабілетсіздігі. Есі дұрыс еместіктің еріктілік
кезеңі қозғалтқыш-еріктің бұзылуынан орын алады (өрт қою (пиромания), өлген адаммен
жыныстық қатынас жасау (некрофилия), жыныстық бұзылғандық (эксгибиционизм) ).
Нақты заңдылық белгінің болуы үшін берілген кезеңдердің біреуінің болуы жетеді.
Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық (аурудың біреуі) және заңдылық
(бір белгісі) белгілерінің сәйкес келуі қажет.
ҚР ҚК 17 бабында тұлғаның қылмыс жасау уақытында психикалық жағдайының
шекаралығын анықтайтын, есі дұрыстық (төмендетілген) шектеушілігі бойынша бірінші
рет норма бекітілген. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын
сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және ол ҚК-те
көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола
алады.
Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот-психиатриялық сарапшының
қорытындысы қажет.
Есі дұрыс емес деп танылғанда медициналық белгінің нышандарының кем дегенде
біреуін және зандылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің
екеуінде немесе аурулық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін аныктау
қажет. Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі.