Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Жас өспірім тұлғаның құрылымында болып жатқан ондағы жағдай, кәмелетке
толмағандарға әлемді ұғынуында және даму дәрежесіне айтарлықтай әсер етеді.
Қолайсыз өмірлік шарттар мен жағдайлар жас өспірімді өзінің құрдастарынан
психофизологиялық айтарлықтай артта қалдыруы мүмкін. Кәмелетке толмағандардың
артта қалу салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін
толық көлемінде ұғына алмауы не оған ие бола алмауы мүмкін. Сот кәмелетке
толмағандардың психологиялық артта қалуын кешенді сараптаманың психолого-
психиатриялық көмегімен белгілеу керек.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылықтың ең көп жас шамасы шектелмеген.
Қылмыс жасған тұлғаның егде тартқан жас шамасы жаза тағайындауда ескерілмейді:
кейбір айтарлықтай қоғам жазалардың түрін қолдануда анықталған шектеулер болады.
Сонымен қатар жазаның түрін және мөлшерін тағайындауда егде тартқан
(қартайған) жас шамасы сотпен жеңілдететін мән-жайлар ретінде есептелуі мүмкін.
3. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік.
Есі дұрыстық – қылмыс субьектісінің міндетті белгілерінің бірі. Тек денсаулығы бар
адам өзінің қоғамға қауіпті әрекеті үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
Есі дұрыстық – бұл қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде қалыпты есі дұрыс
күйде болған, өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық
қауіптілігін ұғынатын және қылмыс жасаған кезде басқара алатын , тергеуде өзін ұстай
алатын , жаза мен қылмыстық жауаптылыққа тартуға қабілетті адам.
Есі дұрыстыққа қарсы есі дұрыс еместік болып табылады.
Есі дұрыс еместік – бұл қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес
күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психиканың уақытша бұзылуы,
кемақылдығы немесе психикасының өзге де детке ұшырауы салдарынан өзінің іс-
әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған
немесе оған ие бола алмаған адамның қабілетсіздігі. (ҚР ҚК 16 б.1.б. )
Тұлғаның есі дұрыс еместігін тану үшін екі белгінің жиынтығын тану қажет:
медициналық және заңдылық.
Медициналық белгі есі дұрыс еместіктің негізгі себептерін анықтайды, оған
жататындар:
1) созылмалы психикалық ауруы,
2) психикасының уақытша бұзылуы,
3) кемақылдығы,
4) психикасының өзге де дертке ұшырауы.
Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте қиын,
аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бүған: шизофрения, желікпе,
депрессиялық есаландық, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал ауруына шалдығу,
кәрілікке байланысты дамыған есаландық және басқалары. Соттық – психиатриялық
тәжірибеде созылмалы психиатриялық ауруы есі дұрыс еместіктің белгісі ретінде әркез
кездеседі.
Психикасының уақытша бұзьшуы – бұл тез жетілетін, жалғаспайтын уақытқа
созылатын және емделген жағдайда толық жазылумен аяқталатын психикалық ауру. Бұған
жататындар: алкогольдік есаландық, паталогиялық маскүнемдік, белая горячка т. б.
аурулары.
Кемақылдық (олигофрения) - бұл адамның ақыл-ой қабілетінің төмендеуінен
туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе,
энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдыктың үш түрі бар.