1913 жылы Әлихан Бөкейханов: «Бұрынғы ел билеушілердің басым көпшілігі уақыты мен күшін өзара қастандыққа, күш көрсету мен зорлық-зомбылық, алауыздыққа жұмсады»
Әлихан Бөкейханов ұстанымы: «Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін»
Ахмет Байтұрсынов: «Өз тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар халық қана дербес өмір сүруге ұмтылуға қақылы екенін еш уақытта ұмытпау керек»
Ахмет Байтұрсынов: «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді»
Ахмет Байтұрсынов: «Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізде, сонан соң басқа тілде оқытуға тиіспіз»
Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осыларға жету үшін көп жұмыс істеу керек»
Түркітанушы ғалым Қ. Сартқожаұлы: «Мәңгілік Ел – түркі жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея»