Иммануил Кант: «Мемлекет көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан қорғану мақсатында пайда болды»
Әл-Макдиси: «Шаш қаласынан басқа елдерге сапалы тері бұйымдары, ер, жебе салатын қорамсақ пен шатырлар әкетілді»
2008 жылы АҚШ конгресмені Дана Рорабахер: «Қазақстан қазіргі таңда тек Азия орталығы емес, әлем орталығына айналды»
Әл-Фараби: «Азаматтар өзара көмегі мен бірлігі арқылы бақытты, ізгі өмірге қол жеткізеді»
Әл-Фараби: «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр»
Әл-Фараби: «Ғылым үйренуге кіріспекші кісі ... тәрбиелі, адамгершілігі мол, адал, қулық-сұмдықтан және басқа жағымсыз мінезден аулақ болуы қажет»
Әл-Фараби туралы Ақман Машани ол Платон, Аристотель сияқты ғалымдарды зерделеген, Әл-Бируни, Авиценна және басқалары оны өзіне ұстаз тұтқан деген
Ж. Баласағұн: «Кісі мәңгі болмас, мәңгі қалар оның жақсы аты», яғни адам өмірге – қонақ, дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетпей, Алланы сүю, ізгілікке жету, білімге ұмтылу керек.
Ж. Баласағұн ойынша, ел басқаруда білімнің күш-құдіреті зор. Ізгілікті қоғамның мәңгілік арқауы – әділеттілік. Ол бақытқа апарар жол деген.
Ж. Баласағұн: «Игіліктің барлығы – ғылымда, ал ұлылық - танымда»
М. Қашқари: «Мен түркі боламын», «Түркі тілі – ең ашық-айқын әрі тура – түзу тіл»
М. Қашқари: «Ізгілікке талпын, өркөкірек болма»
М. Қашқари: «Ауырлықта ерік-жігер танытып, шыдамды бол»
М. Қашқари пікірінше, қоғамның дамуы адамгершілік қасиеттерге байланысты.
М. Қашқари деректері бойынша, қыпшақ пен қарахандардың қарым-қатынасы күрделі болды
О. Сулейменов «Аз и Я»: «Бейбітшілік пен достық кезінде ғана славян түріне түркі сөздері ене алады»
Достарыңызбен бөлісу: |