ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р



бет1/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
??ëàæàíîâ ?. Ñ., Òàóñàðîâà á. Ð

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚҰЛАЖАНОВ Қ.С., ТАУСАРОВА Б.Р., СҮЛЕЙМЕНОВА М.Ш., АБИЛКАСОВА С.О.
ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ



УДК 544 (075.8) ББК 24.5я73
Қ 74
Оқу құралын Алматы технологиялық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі баспаға ұсынған
№ 3 хаттама 22 желтоқсан 2014 жыл


Пікір жазғандар: Қамысбаев Д.Х. - х.ғ.д., профессор
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Омарқұлов Т.О. - х.ғ.д., профессор Алматы технологиялық университеті Алмабеков О.А. - х.ғ.д., профессор Алматы технологиялық университеті

Қ 90 Құлажанов Қ.С. Физикалық химия: Техн. маман. кредиттік жүйе бойынша оқитын студ. арн. оқу құралы / Қ.С. Құлажанов, Б.Р. Таусарова, М.Ш. Сүлейменова, С.О. Абилкасова - Алматы: АТУ, 2014. – 264 б.


ISBN 978-601-263-285-9


Физикалық химия оқу құралы жоғары оқу орындарындағы химико- технологиялық және технологиялық мамандықтар үшін бағдарламаға сәйкес жазылған. Мұнда физикалық химияның негізгі бөлімдері: зат құрылысы, химиялық термодинамика негіздері, химиялық тепе-теңдік, фазалық тепе- теңдік, ерітінділер, электрохимия, химиялық кинетика, каталитикалық процесстер баяндалған.
Оқу құралы дәрістік курстың тақырыптары бойынша теориялық бөлімнен, зертханалық практикумнан, студенттердің өзіндік жұмыстары үшін тапсыр- малардан (СӨЖ), тесттік сұрақтардан, глоссарийлерден және ұсынылатын әдебиеттер тізімінен тұрады.
Оқу құралы күндізгі және қашықтан оқитын студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарына ұсынылған, сонымен қатар кредиттік технология бойынша студенттерді технологиялық мамандықтарда оқытатын ЖОО-дағы оқытушылардың да қолдануына болады.

УДК 544 (075.8) ББК 24.5я73


ISBN 978-601-263-285-9 © АТУ, 2014


© Құлажанов Қ. С., Таусарова Б.Р., Сүлейменова М. Ш., Абилкасова С.О., 2014
КІРІСПЕ

Физикалық химия инженер-технологты дайындауда негізгі роль атқарады. Қазіргі заманға сай физикалық химия химиялық технологияның ірге тасын құрайды және кез-келген саланың және әр түрлі жағыдайларда химиялық процесстердің есебі үшін сандық аппарат бола алады.


Физикалық химия материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара әсерін оқуға байланысты, химияның неғұрлым жалпы сұрақтарын қарастырады. Физико-химиялық жалпы заңдарды орната отырып, ол химиялық технологияның барлық салаларының негізі бола алады. Осыған байланысты, физикалық химия процесстердің жүруінің әр түрлі факторлардан тәуелділігінің математикалық сипатын, есебін және болжамын береді, ол саналы түрде химиялық және технологиялық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді.
Физикалық химия химиялық ойлауды қалыптастыруда негізгі рольді атқарады. Ол технологиялық процесстердің негізгі параметрлеріне сыртқы жағыдайлардың және реагенттердің табиғатының әсерін талдау іскерлігін дамытады. Физикалық химия инженер-технологты жалпы теориялық дайындаудың негізі болып табылады, өйткені оның тәжірибелік қызметінің теориялық базасын құрайды.
Оқу құралы физикалық химия курсының негізгі бөлімдерін қамтитын алты тараудан тұрады: заттың құрылысы, химиялық термодинамика, фазалық тепе-теңдік және ерітінділер, электрохимия, химиялық кинетика және катализ. Физикалық химия бойынша зертханалық практикум теориялық курсты оқумен қатар жүргізіледі және пәннің негізін тереңірек тануға, қазіргі заманға сай әдістерді, эксперименталды жұмыстардың дағдысын игеруге, сонымен қатар есептерді шешу тәжірибесін игеруге арналған. Эксперименттік жұмыстарды орындау үшін студентке көмек ретінде берілген оқу құралының әр бөлімі алдында қысқаша теориялық мәліметтер және типтік есептерді шығару үлгісі берілген. Студенттер емтиханға дайындалуға қажетті, сонымен қатар аралық және межелік емтиханды жүргізу кезіндегі өз білімдерін тексеру
үшін әр бөлімнің соңында тесттік тапсырмалар берілген.
Жоғары білікті маман дайындау үшін оқытудың барлық түрлері бойынша мақсаттық әрекеттік ұйымдар жүйесі, жоспарлау мен басқару қажет. Мұндай жүйенің маңызды формаларының бірі студенттердің өзіндік жұмыстары болып табылады (СӨЖ).
Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) – бұл нақты білім мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастыруға бағытталған студенттің үздіксіз зерттеу қызметі.
СӨЖ тесттер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, авторлық шығармашылық жұмыстар (АШЖ) және есептер түрінде бақыланатын, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсыныстармен қамтамасыз етілген, берілген тақырыптар тізімі бойынша жүргізіледі.
СӨЖ орындаудың тиімділігі ұйымдастырушылық-әдістемелік шаралар- дың жүйесімен нақты жобаланған кезде ғана қамтамасыз етіледі:

  • СӨЖ түрлерін анықтау мен тапсырмаларды дайындау;

  • орындау графигін құру және жұмыстарды тапсыру;

  • СӨЖ-ді оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі (оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар, анықтама материалдары, кестелер және т.б.);

  • СӨЖ-ді орындауға нормативтік талаптарды анықтау.

СӨЖ үшін тапсырмалар дәріс тақырыптарынан ауытқымау керек. СӨЖ тапсырмаларын орындауды тексеру СӨЖ-ді тапсырудың бекітілген графигіне сай, аудиториядан тыс уақытта оқытушының қатысуымен жүргізіледі.
Әр бөлімнің материалы келесі реттілікпен көрсетілген:

  • негізгі анықтамалар мен формулалары бар әр бөлімге теориялық кіріспе;

  • өзіндік шешуге арналған тапсырмалар;

  • есептерді шығару жолдары;

  • өзіндік шешуге арналған бақылау жұмыстары;

  • лабораториялық жұмыс;

  • тесттік тапсырмалар.

Оқу құралы білімгерлердің аралық аттестациялық білімдерінің бақылау сұрақтарын, глоссарийлерді, СӨЖ орындау үшін анықтама кестелерін және ұсынылатын әдебиеттер тізімін қамтиды.
Ұсынылып отырған қазіргі заманғы физикалық химияны оқытуға бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік тәсілдеме студенттерге оның негізгі түсініктері мен концепцияларын иеленуге мүмкіндік жасайды. Барлық оқу материалы Алматы технологиялық университетінің оқу процесіне енгізілген және қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет