Криоскопиялықтұрақтылық (немесе ерітіндінің қату температурасының төмендеуінің константасы) еріген заттың қасиетіне тәуелсіз және бірге тең молялдық кезінде ерітіндінің қату температурасының төмендеуін көрсетеді.
Жүйеніңмакрожағыдайы– көптеген әртүрлі микрожағыдай арқылы жүзеге асатын, жағыдайы мен энергиясы бойынша бөлшектердің көп мөлшерімен таралатын күйі.
Молекулааралықөзараәрекеттесу (ван дер-вальс күштері) – жаңа химиялық байланыстардың түзілуіне немесе үзілуіне әкелмейтін молекулалар арасындағы салыстырмалы әлсіз өзара әрекет.
Химиялық реакциялардың механизмі – бастапқы заттардың реакция өнімдеріне айналу процессінен тұратын элементар стадиялардың жиынтығы.
Жүйеніңмикрожағыдайы – жүйенің әр бөлшегінің шамасы мен энергиясы арқылы анықталатын жағыдайы.
Молекулалық –химиялық реакциялардың молекулалығы химиялық өзара әрекеттесудің элементарлық актісіне бір уақытта қатысатын бөлшектердің (молекулалар, атомдар, радикалдар, иондар) санымен анықталады.
Мольдікүлес – ерітіндідегі бір компоненттің моль санының барлық компоненттердің жиынтық моль санына қатынасы.
Моляльдық - 1000 г еріткіштегі еріген заттың моль саны.
Молярлық - 1 литр ерітіндіде еріген заттың моль саны.
Термодинамиканың бастамасы – экспериментке қайшы келмейтін постулаттар түріндегі тұжырымдамалар.
Нөлдік, бірінші,екінші,үшінші. Теңсіздіктегі жүйе – термодинамикалық параметрлері уақыт бойынша өзгеретін және жүйенің әр түрлі нүктелерінде әр түрлі мәндері бар тепе-теңдікке жетпеген жүйе.
Теңсіздіктегітермодинамика – теңсіздіктегі процесстердің термодинамикасы:
сызықтық–тепе-теңдікке жақын термодинамика; ағын мен термодинамикалық күш арасындағы сызықтық байланысты анықтайды.
сызықтық емес – тепе-теңдіктен алыс термодинамика; кез-келген теңсіздік жүйеде тепе-теңдікте болатын локальды жерлері болады.