ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р



бет104/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   118
Криоскопиялық тұрақтылық (немесе ерітіндінің қату температурасының төмендеуінің константасы) еріген заттың қасиетіне тәуелсіз және бірге тең молялдық кезінде ерітіндінің қату температурасының төмендеуін көрсетеді.
Жүйенің макрожағыдайы көптеген әртүрлі микрожағыдай арқылы жүзеге асатын, жағыдайы мен энергиясы бойынша бөлшектердің көп мөлшерімен таралатын күйі.
Молекулааралық өзара әрекеттесу (ван дер-вальс күштері) – жаңа химиялық байланыстардың түзілуіне немесе үзілуіне әкелмейтін молекулалар арасындағы салыстырмалы әлсіз өзара әрекет.
Химиялық реакциялардың механизмі – бастапқы заттардың реакция өнімдеріне айналу процессінен тұратын элементар стадиялардың жиынтығы.
Жүйенің микрожағыдайы – жүйенің әр бөлшегінің шамасы мен энергиясы арқылы анықталатын жағыдайы.
Молекулалық – химиялық реакциялардың молекулалығы химиялық өзара әрекеттесудің элементарлық актісіне бір уақытта қатысатын бөлшектердің (молекулалар, атомдар, радикалдар, иондар) санымен анықталады.
Мольдік үлес – ерітіндідегі бір компоненттің моль санының барлық компоненттердің жиынтық моль санына қатынасы.
Моляльдық - 1000 г еріткіштегі еріген заттың моль саны.
Молярлық - 1 литр ерітіндіде еріген заттың моль саны.
Термодинамиканың бастамасы – экспериментке қайшы келмейтін постулаттар түріндегі тұжырымдамалар.
Нөлдік, бірінші, екінші, үшінші.
Теңсіздіктегі жүйе – термодинамикалық параметрлері уақыт бойынша өзгеретін және жүйенің әр түрлі нүктелерінде әр түрлі мәндері бар тепе-теңдікке жетпеген жүйе.
Теңсіздіктегі термодинамика – теңсіздіктегі процесстердің термодинамикасы:
сызықтық тепе-теңдікке жақын термодинамика; ағын мен термодинамикалық күш арасындағы сызықтық байланысты анықтайды.
сызықтық емес – тепе-теңдіктен алыс термодинамика; кез-келген теңсіздік жүйеде тепе-теңдікте болатын локальды жерлері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет