ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р



бет95/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   118
§8.2 Гомогенді катализ.
Гомогенді катализ – реагенттер мен катализатор бір фазада болатын каталитикалық реакциялар. Гомогенді-каталитикалық процесстер жағыдайында катализатор реагенттермен бірге аралық реакцияға қабілетті өнімдер түзеді. Кейбір реакцияны қарастырайық
А + В ––> С
Катализатор қатысында екі тез өтетін стадия жүзеге асады, нәтижесінде АК аралық қосылыстардың бөлшектері және сосын (АВК# белсендірілген кешені арқылы) катализатордың регенарациясымен реакцияның соңғы өнімі түзіледі:
А + К ––> АК АК + В ––> С + К
Мұндай процесстің мысалы ретінде активтену энергиясы EA = 190
кДж/моль болатын ацетальдегидтің ыдырау реакциясын қарастыруға болады:
СН3СНО ––> СН4 + СО
Йод буы қатысында бұл процесс екі стадияда жүреді:
СН3СНО + I2 ––> СН3I + НI + СО СН3I + НI ––> СН4 + I2
Бұл реакцияның активтену энергиясың азаюы катализатор қатысында
54 кДж/моль құрайды; реакцияның жылдамдық константасы бұл кезде 105 есеге көбейеді. Гомогенді катализдің ең кең тараған типі қышқылдық катализ болып табылады, мұнда катализатор ролін сутек ионы Н+ атқарады.
§8.3 Автокатализ.
Автокатализ – химиялық реакцияның бір өнімімен каталитикалық жеделдету процессі. Мысал ретінде сутек ионымен катализденетін күрделі эфирлердің гидролиздену реакциясын қарастыруға болады. Гидролиз кезінде түзілетін қышқыл гидролиз реакциясын тездететін протон түзілуімен диссоциацияланады. Автокаталитикалық реакцияның ерекшелігі: берілген реакция катализатор концентрациясының тұрақты жоғарылауымен
жүреді. Сондықтан реакцияның бастапқы периодында жылдамдығы жоғарылайды, ал содан кейінгі стадияларында нәтижесінде реагент концентрациясының азаюына байланысты жылдамдық та азая бастайды; автокаталитикалық реакцияның өнімінің кинетикалық қисығы S-пішіндегі түрде болады. (сур.8.2.).


Сур.8. 2. Автокаталитикалық реакцияның өнімінің кинетикалық қисығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет