Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Қазіргі мемлекет және оның ерекшеліктері белгілері



бет40/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

6.Қазіргі мемлекет және оның ерекшеліктері белгілері. Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның екі жағы бар:
1) басқару түрі,
2) мемлекеттік құрылысы.
Басқару түріне қарай мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын басқару түрін айтады. Оны хан, патша император король деп атауы мүмкін. Монархия абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтамыз. Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.
Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: унитарлы, федерация, конфедерация .
Унитарлы (латынның “unuz”- біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Унитарлы құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, оның бір конституциясы, бірыңғай құқықтық және сот жүйесі болады. Біртұтас мемлекет түрі ресурстарды орталыққа жинақтауға мүмкіндік береді, ол жалпы алғанда елді жеделдетіп дамытуға жәрдем жасайды. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция, т.б. жатады.
Федерация (латынның “foedus” –одақ, бірлестік деген сөзінен шыққан) деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекетті құруы. Федерациямен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малазия, Мексика, Нигерия, Рессей , т.б.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет