Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары



бет41/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

Лекция№11


Тақырыбы: Мемлекет және азаматтық қоғам.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Азаматтық қоғам ұғымы.


2.Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы.
3.Азаматтық қоғамның құрылысы.
4.Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелігі белгілері.
5.Әлеуметтік мемлекеттің функциялары және демократияның жаңа тұжырымдамалары.
6. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары


Лекцияның мақсаты:

Студенттерге азаматтық қоғам ұғымы, азаматтық қоғам идеясының пайда болуы, дамуы,азаматтық қоғамның құрылысы,құқықтық мемлекет ұғымы, оның ерекшелігі,белгілері,


әлеуметтік мемлекеттің функциялары, демократияның жаңа тұжырымдамалары және Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары туралы түсінік беру.


Лекция мәтіні:


1.Азаматтық қоғам ұғымы.. Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емін – еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар ( қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоцияцаиялар және т.б. ) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет – ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылмайды. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Азаматтық қоғамды адамдар бір – біріне тәуелсіз индивидтер ( жеке азамат ) ретінде қарым – қатынас жасайтын өзінше бір әлеуметтік кеңістік ретінде түсіну керек. Азаматтық қоғамның негізі - өркениетті, ынта – жігерлері, толық құқықты индивид ( жеке азамат ). Демек азаматтық қоғамның қалыптасуы жеке бастың бостандығы, әрбір адамның өз құндылығы идеяларының қалыптасуымен байланысты.
Демократиялық қоғамда саяси және әлеуметтік міндеттердің арасы айқын бөлінген, оларды әртүрлі институттар атқарады. Адамның құқықтық дәрежесі оның азаматтық қоғамдағы әлеуметтік – эканомикалық ролінен ажыратылған. Ол әрі жеке адам, әрі қоғамның азаматы. Бұл адамның жеке мүдделері, жалдамалы еңбегі, жеке басының құқы саяси бақылаудан тыс деген сөз.
Азаматтық қоғамда адам құқы мен азамат құқының ара жігі айқындалған. Жеке адамның құқын азаматтық қоғам, азаматтың құқын мемлекет қорғайды. Бұл жерде адамның құқы дегеніміз оның өмір сүру, бостандықта болу, бақытты тұрмысқа ұмтылу құқы деген сөз, ал азаматың құқы дегеніміз оның саяси құқықтары деген сөз.
Демек азаматтық қоғамның негізі элементі жеке адам. Ал оның өзін - өзі көрсету, таныту, мақсат – мүдделерін, іске асыру жөніндегі талаптарына қоғамдағы әртүрлі институттар, ұйымдар, топтар көмектеседі. Олардың қатарында жұмысшы, инженер, дәрігер ұйымдарын, ынталы топтарды, кәсіподақтарды, жастар ұйымдарын және т.б. атауға болады.
Қорыта айтқанда, азаматтық қоғам дербес әрі тәуелсіз институттар мен қатынастар жүйесі, олардың міндеттері жеке индивидтер ( адамдар ) мен ұжымдардың өз қабілеттерін көрсетіп, іске асыруына, жеке адамның немесе коллективтің мүдделері мен қажеттерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз оқшау өзіндік жүйе деп қарауға болмайды. Бұл екеуінің айырғысыз байланысын азаматтық қоғамға да, саяси салаға да жатқызуға болатын бірқатар институттары бар екендігі дәлелдейді. Бұл ең алдымен саяси партиялар мен ұйымдар, олар жеке адамдар мен азаматтар топтарын мемлекет пен оның билік құрылымын байланыстыратын буын болып табылады.
Жоғарыда айтқанымыздай, билік қатынасы саласында азаматтық қоғамның екінші беті, көрінісі – құқықтық мемлекет - оның мақсаты барлық салада өз азаматтарының құқықтары мен бостандығына кепілдік жасау. Бұл жерде ол кепілдіктің жүзеге асуы үшін азаматтардың да билік жүйесіне құрметпен қарап, оның заңдарын мүлтіксіз орындауының маңызы зор екенің айта кету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет