2. Саясаттанусаясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым. Саясат – ғылым – біріншіден, саясат қоғамдық - саяси өмірдің маңызды бір саласы жөніңде білім көзі болып, ол туралы жан – жақты ғылыми мағұлмат береді. Екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, олар ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.
Саясат - өнер - саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірбиелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдалану мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап – арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі сондықтан. Дегенмен басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.
Саясат субьектіслері– іс - әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ. Саясаттың субьектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс - әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субьектісінің құрамы, іс - әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат – мүлделер, және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азамматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық - саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.
Саясаттану - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым – қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу обьектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.
Саясат және билік – Көптеген саясаттанушылар саясат «билік» санаты арқылы түсіндіруге тиіс деген пікірді ұстанады. Билік санатын пайдалану қажеттілігі саясат саласы тек мемлекет пен саяси жүйенің ғана қызметі шегінен шығады дегенді негізге алады.
Билік – бұл адамдарға берілетін нұсқауға және алда күтілетін тәсілге сәйкес іс – қимыл жасаған кезде шешімді күштеп міндеттеу және атқару немесе әсер ету қабілеті. Саясаттың пәні кез келген өкімет билігі емес, керсінше тек сөздің жария мағынасындағы билік қана болып табылады.
Саяси жүйе –билік жүргізуші әлеуметтік топтар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық – саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саясаттануда саясатты мүделер тұрғысынан қарап ұғыну бар. Мұндай көзқарасты жақтаушылар саяси процестер мен құбылыстардың жасалуының алғашқы тетігі ретінде адамдардың топтық қажеттері мен осының негізінде пайда болатын әлеуметтік ( экономикалық, саяси мәдени және басқа да ) мүделер болатына назар аударады.
Саясатты әралуан тұрғыда түсіндіру осы құбылыстың өзінің көп өлшемдігіне байланысты болады.
Саяси процесс – 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.б.