Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Орта ғасырлық шығыстағы саяси ойлар (Әл- Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаий )



бет9/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

3. Орта ғасырлық шығыстағы саяси ойлар (Әл- Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаий ) Араб – мұсылман Шығысындағы саяси ойлар VII ғасырда пайда болған Ислам дінінің ықпалымен дамыды. Мұсылман дінінің екі тармағы – Суниттер ( Мұхамед пайғамбардың «Құран» кітабына негізделген ) және шейіттер ( Әлидің партиясы басталған ) болды.
Суниттердің пайымдауынша мұсылмандардың саяси өмірі Халифат деп аталатын мемлекет шеңберінде дамыды, ал суниттер мемлекетті имандар басқаратын иманат түрінде түсінеді. Иманды Алланың – Құдайдың жердегі өкілі деп санайды. Сондықтан иманның билігі – алланың әмірі әрі ол шектелмейді.
Мұсылман әлемдегі мемлекет даму процесін XIV ғасырда алғаш зерттеп жазған араб ғалымы Ибн Хальдун ( 1332 – 1406 ж. ) еді. Ол « Үлкен тарих » деген еңбегінде арабтардың, парсылардың, берберлердің шексіз билігінің сабақтарын, мысалдарын келтіреді. Ибн Хальдун мемлекет дегеніміз адамдардың агрессияшылдығы мен бірін – бірі қырып жоюға ұмтылсын тоқтатудың бастамасы деп көрсетті. Кез келген мемлекеттің өмірі үш ұрпаққа созылады. Осы дәуірде мемлекет бес кезеңнен: билікті бір қолға жинақтау; гүлдену; билік тарапынан ашық зорлық жасауға көшу; құлдырау және күйреу кезендерінен өтеді. Ғалым бұл жерде күйрейтін жалпы мемлекет емес нақты мемлекет деп көрсетті. Ол күйреудің бірнеше түрі болатынын, ұсақ мемлекеттерге бөлініп кету, оны басқа бір мемлекеттің жаулап алуы, сарай төніркесі болуы мүмкін екенін ескертеді.
4. Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр ( Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер) Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саси ойлар. Саяси ілімдер тарихында орта ғасырлар ойшылдарының еңбектері мен идеяларының маңызы зор. Олар феодалдық қоғамдық-экономикалық құрылыспен тығыз байланысты.Әрі олардың саяси тұжырымдары діни сипатта болды.
Солардың бірі, Аврелий Августин (354-430 ж.ж. )Христиан философиясының негізгі қағидаларын дәріптеп уағыздаған.Ол “Құдай қала” туралы атты еңбегінде саяси ой-пікірлерін білдірді.А.Августин барлық әлеуметтік,мемлекеттік,құқықтық ұйымдармен заңдар адам күнәсінің нәтижесі деп санады.Себебі оның ойынша адамдарға баста екі жолмен өмір сүруге мүмкіндік берілген. Бірі құдай жолымен екіншісі адам жолымен. Біріншіні қалағандар құдаймен мәңгілік патшалық құрып бақытты өмір сүрсе, екіншілер жын-шайтандармен бірігіп азапқа түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет