4. XX ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі. Салыстырмалы саясаттану саяси ғылым немесе саясаттану деп аталатын пәнің және өзіндік ерекшелігі бар әдістемелік ғылым саласының күрделі жеке бөлімі ретінде ХХ ғасырдың 50 – жылдарында қалыптаса бастады. Сондықтан салыстырмалы саясаттанудың бірінші кезектегі міңдеті және кез – келген жүйелі сипаттамасы саяси білімнің анағұрлым ауқымды кешенді қызметтің анықтау болып табылады. Бір қарағанда қарапайым көрінгенмен бұл күрделі міңдет. Себебі ғылыми ортада бұл мәселе бойынша ортақ позитция әлі қалыптасқан жоқ. Кейбір зерттеушілер Салыстырмалы саясаттанудың ерекшелігі оның әдістемесінде көрініс тапқан деп есептейді. әйткенмен американдық белгілі саясаттанушы Габриэль Алмондтың ( « Әлеуметтік ғылымдардың халықаралық энсиклопедиясында ») салыстырмалы саясаттану - өмір талабынан туған тиянақты әлеуметтік қызметі бар деп есептейтің позитциясы бар саясат адамзаттың қызығушылығын ерте кезде – ақ тудырды. Оған Аристотелді, Никколо Макиавеллиді, Джон Локты т.б. ертедегі философтарды саясаттанудың негізін қалаушылар деп есептейтініміз дәлел. Әйткенмен Дэвид Истон атап өткендей көп ғасыр бойы, классикалық ежелгі дәуірден он тоғызыншы жүз жылдықтың соңына дейін саяси өмірді үйрену пәні ретінде емес, мүдделердің жиынтығы ретіңде ғана болды.
Алғашында саяси мәселелерді философтар ой толғау үшін азық ретінде пайдаланады, кейінен оған құқықтанушылар қосылды, ХIХ ғас. саясаттану әлеуметтанушылардың назарына ілікті.
Саяси ғылымның жеке ғылым ретінде дамуы барысында жүйелілік функцйонализм Азия, Африка және Латын Америкасы елдерің- бұрын саясаттанушылардың назарына ілікпеген үшінші дүниені салыстырмалы саяси талдауға мүмкіндік берді. ХХ ғ. 50 ж. Эванстон семинарының бір топ мүшелері, сондай – ақ басқа да бірқатар, ғалымдар Американдық әлеуметтік ғылым зерттеу кеңесінің салыстырмалы саясаттану комитетіне бірікті. Әрбір ғылмның, соның ішінде ғылыми пәндердің де сөзсіз өз жаратушылары бар. Олардың бірі фундаментальды зерттеу жүргізше, екіншілері кафедра мен оқулықтар жасайды, үшіншілері ұйымдастыру жобалары мен кәсіби қауымдастық жүзеге асырса, төртіншілері ғылыми жетекшілерді практикада пайдалану жолдарын жабады. Бұл түрлі қабілеттердің бір адамның бойына біту өте сирек кездеседі.
Әйткенмен саясаттануда, нақтырақ айтар болсақ салыстырмалы саясаттануда осы қабілеттердің бәріне ие болған тұлға бар. Ол 30 – шы жылдардан бүгінге дейін саяси ғылымдардың ғылымдардың майданыңда жемісті еңбек етіп кле жатқан американдық ғылым Габриель Алмонд.
Алмонд докторлық диссертациясына 1938 ж. Чикаго қорғағаннан соң Бруклин колледжінде қазіргі Нью – Иорк қалалық университетінде оқытушы болып істеді. Соғыс жылдары ол АҚШ қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери ақпарат басқармасы мен стратегиялық бомбалаудың тиімді бағалау бойынша басқармасында қызмет атқарады. Алмонд соғыстан кейінгі ( 1947 – 1951, 1959 – 1963 ) жылдары Иель және ( 1951 – 1959 ) жылдары Принстон университеттерінде сабақ берді; 1963 жылдан бастап Стенфорд университетінде саяси ғылымдар профессоры лауазымына ие болды; шақырылған профессорлар ретінде дүние жүзінің жетекші унверситеттерінде дәріс оқыды. Алмонд саяси зерттеулер аясында бірнеше рет жоғарғы наградаларға ие болды; 1965 – 1966 жылдары саяси ғылымдардың Американдық ассоциацының президенті болды.