Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет14/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Жасыл балдырлар — төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Жасыл балдырлардың 5 класы бар, олар:

  • вольвокс жасыл балдырлары (Volvocophyceae);

  • хлорококк жасыл балдырлары (Chlorococcophyceae);

  • улотрикс жасыл балдырлары (Ulotrіchophyceae);

  • сифонды жасыл балдырлары (Sіphonophyceae);

  • конъюгаттар (Conjugatophyceae).

Қазақстанда 178 туысы, 700-дей түрі анықталған. Бұлар бір клеткалы, көп клеткалы, колониялы тіршілік етеді. Клеткалары бір не көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе целлюлозалы және пиктинді қабықшамен қапталған. Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан клеткаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлары). Клеткаларында хлорофилл басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей каротин, ксантофил пигменттері болады. Қор заты – крахмал, кейде май. Жыныссыз (зооспораларымен, жылжымайтын спораларымен), жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия, коньюгация) және вегетативтік (бір клеткалы түрлері – екіге бөліну арқылы, көп клеткалы түрлері – жіпшелерінің бөліктерімен) жолдармен көбейеді. Кейде бір клеткалы және колониялы түрлері (вольвоксты жасыл балдырлары) шамадан тыс көбейіп кетсе, су «гүлдеп» тұрғандай көрінеді. Жасыл балдырларыдың теңіз салаты (Ulva), монострома (Monostroma) түрлері Шығыс Азия елдерінде тағам ретінде пайдаланылады. Бір клеткалы жасыл балдырларды (хлорелла, сценедесмус, т.б.) тағамға, малға жем ретінде, лас суды, ауаны (ғарыш кемелерінде, сүңгуір қайықта) тазарту үшін қолдан өсіреді.
Жасыл балдырлар - төменгі сатылы өсімдіктер бөлімі. Құрамына біржасушалы, колониальді, көпжасушалы және жасушасыз, (сифонды балдырлар) ағзалар кіреді. Бұл өсімдіктердің 15 мың түрі белгілі. Жасыл балдырлар бөліміне жататын балдырлар өз құрамына барлық хроматофоры бар таза жасыл түсті, көбінесе пиреноидты, азық қоры ретінде крахмал, зооспорагамета, 2 немесе 4 тен кірпікшені біріктіреді. Жасыл балдырлардың көбінде жасушалары бірқатарлы болып келеді. Пигменттері, хлорофил а және в, коротин, ксантофилл және т.б. Вегетативті көбею жолы жасушаның бөлінуі арқылы өтеді. Бір жасушаларда колониялары мен жіпшелерінің құлдырауы арқылы жаңа жіпшелердің жасушасы кері колонияда дамиды. Жыныссыз көбею зооспора немесе апланоспораның қатысуы арқылы өтеді.
Жынысты көбею хологами, изогами, гетерогами, оогами, және конъюгация пішіндерінде өтеді. Жасыл балдырлардың көбі тұщы су қоймаларында мекендейді. Кейбір түрлері, теңізде, кейбіреуі ылғалды жерде, таулы жартаста, ағаштар қабығының арасында және т.б. жерлерде мекендейді. Жасыл балдырлар бөлімі келесі кластарға бөлінеді: вольвоксты, протококты, улотриксты, сифонды, конъюгатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет