Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет6/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Әдебиеттер тізімі
1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2005.
2. Абдірахманұлы А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2004ж.
Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. - Москва, 1982 .
3. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. –Москва, 1976.
4. Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. -Ленинград, 1987.
5. Рейвн П.Современнея ботаника. -Москва., 1990.
6. Курсанов Л.И. и др.Ботаника . -Москва, 1966.


Лекция №2


Тақырыбы: Көк-жасыл балдырлар бөлімі


Мақсаты: Студенттерге көк-жасыл балдырлардың құрылысы, систематикасы, жер бетіне таралуы, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы білім беру.


Жоспары:

  1. Көк-жасыл балдырлардың клеткасының құрылысы.

  2. Көбею ерекшеліктері.

  3. Таралуы және табиғаттағы маңызы.



Лекция мәтіні: Көк-жасыл балдырларға бір клеткалы, қауымды және көп клеткалы жіптесімді 1500-2000 түрі бар организмдер жатады. Олар барлық тіршілік ортасында тараған. Әр түрлі сулы және сусыз биотоптарда кездеседі. Бұлар төсемікке бекініп не бекінбей бос жатып тіршілік етеді. Талшықты қозғалыс стадиясы болмайды, алайда кілегейдің болуына байланысты сырғый қозғалып отырады. Жеке дарақтары микроскоп құрылымды, кейде әр түрлі жиынтықтар – қауымдар құрап макроскопты келеді. Бір клеткалы және қауымды көк-жасыл балдырлар коккоид құрылыс, ал көп клеткалы түрлерінде тризальды, сирек гетеротрихальды құрылысты келеді. Гормогониальды түрлерінің негізгі құрам бөлігі болып трихома деп аталатын жіптесінді бөлшектер есептеледі. Трихома бір, сирек екі, бірнеше қатардан тұратын клеткалардан құралады және бір-бірімен физиологиялық қарым-қатынаста болады. Қарапайым гормогониялықтар бір трихомала болып келсе, жиі бірнеше трихомалы болады және оның құрамына гетероцист пен кілегейлі қынап енеді. Морфологиялық жағынан күрделі құрылымды дамыған формаларына тарамдалған көп қатарлы гетероцисты трихомалар бар түрлер есептеледі. Трихомалардың құрылымына қарай гомоцитты және гетероцитты болып екіге бөлінеді. Гомоциттылардың клеткалары атқаратын қызметіне және формасына қарай дифференцияланбаған. Гетероцитты трихомалар тармақталып келеді және құрамында гетероцисталары мен кілегейлі қынаптары болады.
Көк-жасыл балдырлардың клеткалары дөңгелек, орақ, жарты сақина, үш жақты, эллипсоид, шар, цилиндр, күбі т.б. пішінді. Басқа далдырлардан клетка құрылысының, пигменттерінің ерекшелігі, тіршілік ортасының өзгешіліктері арқылы айырылады. Клетка қабықшасы оңай кілегейленетін пектинді, тек кейбіреулерінде целлюлозды болады.
Электрондық микроскоппен қарағанда клетка қабықшасы цитоплазматикалық мембранадан және сыртқа қарай айқын байқалатын 4 қабаттан (L1, L2, L3, L4) қабаттарынан тұрады. Цитоплазматикалық мембранадан сыртқа қарай L1 – түссіз электронд қабат, L2 - бактериялардың клетка қабықшаларының құрамына кіретін муреиннен құралған тығыз электронды қабат. Эукариотты организмдер мен саңырауқұлақтарда муреин заттары кездеспейді. Осы қабат клетка қабықшасына мықтылық қасиет және белгілі бір пішін береді. Муреин қабатынан сыртқа қарай түссіз электронды L3 және мембрана тәрізді L4 қабаттары орналасқан. Бұл қабаттар углеводтардан құралған, L2 қабатынан айырмашылығы – серпімділік қасиеті бар. Клетканың көлденең қабықшасы L1, L2 қабаттарынан тұрады. Клетка сыртын кілегейлі сауыт қаптап жатады.
Клетканың протоплазмасы ядросыз, хлоропластасыз, басқа организмдердің протоплазмасынан қою. Протоплазмасы шеткі боялған хроматоплазма қабатынан және түссіз орталық центроплазма бөлімінен тұрады. Хроматоплазма бөлімінде болатын (хлорофилдің жасыл каротиннің қызғылт-сары, фукацианның көк, фикоэритриннің қызыл) пигменттері хлоропластың қызметін атқарады. Бұл бөлімде рибосома мен полисома және әр түрлі кристалдар болады. Хроматоплазма бөлімінде тилакоидтар жинақталған, бірақ басқа организмдердікі сияқты цитоплазмадан мембрана қабаттары арқылы оқшауланбаған. Тилакоидтар фотосинтез қызметін атқарады. Центроплазма бөлімі өзінің атқаратын қызметі жағынан клетка ядросына жақындайды. Центроплазманы нуклеоплазма алып жатады. Ол цитоплазмадан қабықша арқылы бөлінбеген. Онда ядроның құрамына кіретін бір ғана ДНҚ элементі бар ядро бояуымен боялатын хроматин орналасады. Мұнда да ДНҚ жіпшесі эукариотты организмдердің хромосомасы сияқты гистондармен байланысып жатпайды. Бұларда эукариотты организмдердің ядросында болатын гистон белогі болмайды. Алайда кейінгі уақытта көк-жасыл балдырлардан гистон белогі сияқты белоктар табылып жүр.
Клетка шырыны бар вакуолялар есейген клеткаларда ғана болады, оның пайда болуы клетка тіршілігін жоюға әкеп соғады. Оның есесіне көк-жасыл балдырлардың клеткаларында азотпен толған газ вакуолясы деп аталатын жалған вакуолялары болады. Пигменттерінің құрамы жағынан көк-жасыл балдырлар басқа балдырларға қарағанда ерекше келеді. Олардың хлорофильдің а фикоэритриннің қызыл, фикоцианиннің көк, аллофикоцианин және әр түрлі ксантофиндер мен каротиноидтар болады, жалпы саны 30 шақты пигменттер табылған. Осы пигменттердің орайласып келуіне байланысты олардың түсі көк-жасылдан сарғыш, күлгін, қызғылт, ақшыл-көгілдір, кейде тіпті қара түске дейін өзгереді. Хлорофильдің в пигментінің болмауы, фикобилиндердің болуы көк-жасыл балдырлардың ерте заманда пайда болғандығын дәлелдейтін бір бөлігі. Орталық денеде қол заттары ретінде гликопротеид (иод ерітіндісінен қоңыр түске боялады), воллютин және анабенин жиналады. Крахмал түзілмейді. Көк-жасыл балдырларда қозғалғыш талшықты кезеңі және жынысты көбеюі болмайды. Көбеюі вегетативтік жолмен өтеді. Бір клеткалы формалары клетканың тең сирек тең емес екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Қауымды формалары клетканың ыдырауы немесе бөлінуі арқылы көбейеді. Егер клетка екі перпендикулярлық бағытқа қарай бір жазықтықта бөлінсе, онда ол пластинка тәрізді дұрыс орналасқан клеткалары бар Merismopedia сияқты төрт бұрышты қауым құрайды. Клетка үш жазықтықта бөлінген уақытта Eucapsis тірізді көлемді пакетиктер түзіледі. Ал кез-келген бағытта бөлінсе, Microcystis сияқты белгілі бір формасы жоқ қауым түзейді. Клеткалы бөлінуі кезінде митоз және мейоз процестері болмайды. Көпшілік жіптесінді балдырлар гормогония, гормоспорлар, гондиялар, коккалар және планококкалар арқылы да вегетативтік көбейеді. Гормогония арқылы көбею көк-жасыл балдырларда кеңінен тараған, соған байланысты тұтас бір класты гормогониялықтар класы деп аталады. Гормогония кейбір крональды емес клеткалардың жойылуы нәтижесінде не жіпшелердегі клетка арасындағы байланыстардың үзілуінен бөлшектерге бөлектенуі арқылы түзіледі. Клегейленудің арқасында олар клеткадан теңселіп қозғалу арқылы сусып сыртқашығады да, әрбір гормогоний жаңа дарақтың бастамасын береді. Кейбір гормогонияның өзі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Гормоспормалар да гормогонияға ұқсас, бірақ қалың қабықпен қапталған клеткалар жиынтығы. Кейбір балдырлардың талломдарының бір клеткалы бөлшектерге бөлінуі нәтижесінде гондиялар, коккалар, планококкалар түзіледі. Гондиялардың кілегейлі қабықшасы болады. Ал коккалардың оқшауланған қабықшасы болмайды, жалаңаш келеді. Планококкалар коккалар сияқты жалаңаш, бірақ гормогония тәрізді қозғала алады. Планококкалар мен гормогониялардың қозғалысы сыртқы L4 мембрана қабаттың толқын тәрізді жиырылуы мен клегейдің бөлінуіне байланысты болуы мүмкін. Бір клеткалы споралар көбінесе Nostscales қатарында пайда болады. Олар вегатативтік клеткадан ірі келеді. Споралар қалың екі қабатты қабықпен қапталған. Оның ішкісін эндо, сыртқысын экзоспора қабаттары деп атайды. Спора қабықтары тегіс не уақ үрпі тәрізді көп өсінділері бар түссіз, сары не қоңыр түсті болып келеді. Сирек экзо, эндоспоралар арқылы көбею көбінесе хамесифон класына тән.
Экзоспоралар аналық клетканың үш жағынан ширатылып үзіліп бөлінуі арқылы түзіледі. Кейде олар үзіліп түспей, тізбек құрайды. Эндоспоралар ұлғайған аналық клетканың көптеген ұсақ бөлшектерге бөлінуінен пайда болады. Мұндай споралар қолайсыз жағдайларға төзімді келеді. Көк-жасыл балдырларды көп зерттеген А.А.Еленкин бұл бөлімді үш класқа (Хроококкалылар, Хамесифондылар, Гормогониялылар) 12 қатарға, 50-ге жуық тұқымдасқа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет