Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Хроококкалылар (CHROOCOCCOPHYCEAE) класы



бет7/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Хроококкалылар (CHROOCOCCOPHYCEAE) класы.
Бұл класқа бір клеткалы, қауымды организмдер жатады. Қауымның құрылысы және оның формасы ондағы клетканың бөлінуіне және кілегейдің құралуына байланысты. Қауымды құрап байланыстырып тұратын кілегей түссіз, көк-жасыл, қоңыр, сарғыш, сұр, күлгін, қара сияқты әр түрлі түс береді. Клетка бір, екі, үш кейде көп бағыттағы жазықтыққа бөлінеді. Соның нтижесінде әр түрлі пішінді қауым құралады. Қауымдағы клеткалар көпшілік уақытта ретсіз орналасады. Клеткалары шар, эллипсоид, цилиндр, алмұрт, орақ, кейде ұзын иілген цилиндр пішінді. Хроококкалы балдырлар клетканың жай екіге бөлінуі, кейде планококкалар, споралар және аналық клетканың ұсақ клеткаларға – нанноциттарға бөлінуі арқылы көбейеді. Нанноциттер немесе ұсақ шар тәрізді көптеген клеткалар аналық клетканың үздіксіз тез бөлінуінің нәтижесінде түзіледі. Эндро, экзоспоралар және гедероцисталар құрмайды. Бұл класс хрооккалылар, энтофизалиялар және тубиеллалар болып үш қатардан тұрады.
Хроококкалылар – Chroococcsles қатары табиғатта көп тараған әр түрлі пішінді бір клеткалы және қабат құрмайтын қауымды организмдер. Қауымдары шар, эллипсоид формалы, суда қалықтап жүретін организмдер.
Хроококк- Chroococcus туысы ылғалды топырақта, суда аса көп кездесетін бір клеткалы шар пішінді балдыр. Кейде клеткалар бөлінгеннен кейін ажырап кетпей, кілегеймен қоршалып, кішкене қауым түрінде қалып қояды.
Глекапса – Gioeocapsa туысы шар пішінді, 2-8 клеткадан тұратын қалың қабықшкасы бар қауым құрайды. Глеокапса бөліеген уақытта аналық клетканың қабықшасы бұзылмай қалпында қалады. Бірнеше рет бөлінгеннен кейін бірінің ішінде бірі орналасып күрделі қауым түзіледі. Сөйтіп әрбір клетка қанша рет бөлінсе, сонша қабатталған қабықшасы болады. Ол клетканы құрғаудан сақтайды. Қолайлы жағдайларда клетка қабықшасы клегейленіп, оның ішіндегі клеткалкр босап, жаңа қауым құрайды. Глеокапсаның кейбір түрлері түссіз кілегеймен қапталған, суда таралған (G, turgiba, G, minuta), екінші бір түрлері қызғылт (G, magma) қоңыр-сары (G,rupestris) күлгін түсті кілегейлермен қапталып, дымқыл жерлерде, тастарда, қабырғаларда, кейде суда кездеседі.
Микроцистис- Microcystis планктон түрінде тұщы суда кеңінен тараған шар тәрізді клеткалары кез-келген бағытта бөлініп, газ вакуолясы бар ретсіз қауым құрайтын организм көбейген уақытта су көк түске боялады. М.toxica сияқты түрлері улы заттар бөліп шығарады да, суда тіршілік ететін организмдерге зиян келтіреді. Микроцистистер судағы микроорганизмдердің қоры болып есептеледі.
Мерисмопедия – Merismopedia туысы тұщы суда планктонды, кейде эпифитті түрде тіршілік ететін шар не эллипсоид пішінді клеткалардан құралған кілегейлі, төрт бұрышты, бір қабаты пластина формалы, ірі қауым құрайтын балдыр. Бұлардың клеткалары екі бағытта бөлінеді. Тұщы суларда көп тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет