Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет38/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Бақылаудың жүйелілік принципі оқу үдерісін ретке келтіреді, білім алушылардың оқу жетістіктерін көрсететін сапалық және сандық мәліметтердің жеткілікті көлемін алуға мүмкіндік туғызады.
Бақылаудың жан-жақтылық принципі бақылау кезінде оқу бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтып, білім мен іскерліктерін тексеруді қамтамасыз етеді.
Бақылаудың обьективтілік принципі білім алушылардың білім, іскерліктерінің деңгейі туралы педагогтың әдейі, субьективті және қате бағалау пікірлерінің болмауын көздейді.
Бақылаудың жекелік сипатты принципі барлық топ жұмысының нәтижелерін жекелеген оқушының нәтижелерімен алмастырмайтындай білім алушының әрбірінің іс-әрекетін, жұмысын жеке бақылауды талап етеді.
Дифференциалды амал принципі педагогиканы оқу пәні ретіндегі ерекшелігін, сонымен қатар білім алушылардың жас және жекелеген ерекшеліктерін есепке ала отыра оқытушы бақылаудың мақсаттарына сай әдістері мен формаларын таңдайды.
Бақылаудың тәрбиелік принципі білім алушылардың педагогиканы оқуға деген саналы қатынастарын арттырып, танымдық қажеттіліктерінің артуын ынталандырады, педагог кәсібін меңгеруге деген оң әсерін тигізеді.
Студенттердің үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:
-білім көлемі – студенттің жеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;
-білімнің жүйелілігі – оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;
-білімнің ұғынықтылығы – пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;
-білімнің беріктігі – оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;
-білімнің пәрменділігі – алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.
Білім алушылардың үлгерімін бағалаудың негізі болып бақылау нәтижелері болып табылады. Бұл жағдайда олардың жұмыстарының сандық та, сапалық та көрсеткіштері есепке алынады. Сандық көрсеткіштер балл мен пайыздық мөлшерлеме түрінде, ал сапалық «жақсы», «қанағаттанарлық» т.б. бағалау пікірімен тіркеледі. Әрбір бағалау пікіріне алдын ала келісілген, тағайындалған балл, көрсеткіш сәйкес келеді (мысалы, «үздік» немесе «өте жақсы» деген бағалық пікірге 5 баллы сәйкес келеді).
Факторлардың көптүрлілігі субьективтілікке әкеліп соғады, сонымен қатар оқытушыға білім алушының іс-әрекетіне сәйкес бағаны қою кезінде ерекше жауапкершілік жүктейді. Ортақ талаптар мен обьективті амалды қамтамасыз міндеттерінда педагогика ерекшелігін есепке ала отырып студенттердің жауабын бағалау критерийлері белгіленді. Осыған дейін қолданылып келген амалдарды жинақтай отырып, жауаптарға қойылатын бағалардың критерийлерін құрастыруға болады.
Бақылау педагогиканы оқытудың қажетті компоненті болып табылады. Біріншіден, ол сыртқы кері байланысты қамтамасыз етеді (педагог бақылауы) және, екіншіден, ішкі байланыс (білім алушының өзін-өзі бақылауы). Бақылау ақпаратты алуға бағытталған, педагог оны талдай келе педагогиканы оқыту үдерісіне қажетті түзетулерін енгізеді. Өзгертулер мазмұнға, оқыту әдістері мен формаларына, білім алушылардың оқу іс-әрекетіне және т.б. енгізіледі. Өзін-өзі бақылау білім алушыға өзінің «артық», «кем» жақтарын көруге, білімінде кездескен әлсіз тұстарды байқауға көмектеседі және де олардың орнын толтыру жұмыстарын арттыра түседі.
Педагогиканы оқытудың әр кезеңдерінде бақылаудың бірнеше түрлері қолданады: алдын-ала, ағымдық, тақырыптық (аралық) және қорытынды.
Алдын-ала бақылау – оқытушы білім алушылардың даярлық деңгейлерін алдымен анықтап, алынған нәтиже бойынша өз жұмысын, білім алушының оқу іс-әрекетін жоспарлау үшін білім, іскерлік, дағдыларын анықтауға бағытталған бақылау түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет