Ағымдық бақылау – педагогика пәні бойынша студенттердің білімін академиялық кезеңнің (семестр) барысында дәріс, семинар, зертханалық сабақтарда, сонымен қатар СӨЖ кезінде жүйелі түрде бақылау. Бақылаудың бұл түрі жүйелі түрде ұйымдастырылады, яғни білім алушының білімі, іскерлігі, дағдысы жаңа материалды игеру мен оны бекіту жұмыстары (практикалық қолдану кезінде) жекелей немесе жаппай жүйелі бақылаудан тұрады. Ағымдық бақылау үдерісінде студенттердің жаңа материалды меңгерумен байланысты білім, іскерлік, дағдылары да тексеріледі.
Ағымдық бақылау әр оқу модульді, тақырыпты меңгеру көлемін, сапасын, тереңдігін анықтау; жақсы жұмыс істеуге бөгет келтіретін себептерді, кемшіліктерді айқындау және олардың алдын алу шараларын тағайындау. Сонымен қоса ол болашақ педагогтардың мамандыққа деген қызығушылықтарын, оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу дағдысын арттырады.
Тақырыптық бақылау (аралық) педагогиканың жаңа оқу модульдерін (бөлімдерін) өту барысында ұйымдастырылады. Бұл бақылаудың білім алушылардың педагогика бойынша білімдерін жүйелеу және оқу материалы бөлігінің қалай игерілгенін тексеру, өйткені онсыз материалдың келесі бөлігін меңгеру мүмкін емес болады.
Қорытынды бақылау – педагогика бойынша білім мен іскерліктердің деңгейі мен сапасы анықталатын өткен оқу материалын меңгерудің қорытындысы. Ол семестр соңында және білім беру мекемесіндегі оқу аяқталған кезде өткізіледі.
Бақылау түрлері бақылау формаларымен тығыз байланысты. Бақылаудың жеке, топтық және жаппай деген формалары бар. Аталған формалар бақылауға қатысатын адамдар санымен және сұрақтар сипатына байланысты болады. Олар оқыту әдістемесіне сәйкес қарастырылуы тиіс.
Бақылау әдістері – бұл білім алушылардың оқу-танымдық және де басқа іс-әрекеттері мен оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесін анықтайтын тәсілдер. Қазіргі дидактикада білім алушыларды бақылаудың және өзін-өзі бақылаудың ауызша (жеке, топтық, жаппай), жазбаша (жеке, топтық, жаппай), практикалық (зертханалық), электрондық сияқты әр түрлі бірліктегі әдістері қолданылады.
Ауызша жеке бақылаудың жеке білім алушының білім, іскерлік, дағдысын анықтау. Студентке бір жалпы сұрақ беріледі, ары қарай ол бірнеше нақты, дәлелді сұрақтарға бөлінеді. Жеке бақылаудың артықшылығы білімді және оны меңгеру дәрежесін анықтауында болып келеді.
Ауызша жаппай бақылау – көлемі шағын оқу материалын қайталау және бекіту. Бақылаудың бұл түрі барлық білім алушылардың оқу іс-әрекетін белсендендіреді, сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында бірнеше студенттен жауап ала отырып, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.
Жазбаша бақылау міндеттері – білімді, іскерлік пен дағдыны жеке тексеру. Бұл бақылаудың артықшылығы барлық білім алушылардың білім, іскерлік және дағдысын бір уақытта тексеруі мен уақыт бойынша үнемділігінде.
Практикалық бақылау – қалыптасқан іскерлік пен дағды деңгейін тексеру. Бұл тексеру артықшылығы қалыптасқан іскерлік пен дағдыны бағалауында тұрады.
Электронды бақылау – оқылған оқу модулі немесе педагогика курсы бойынша теориялық білімдерін тексеру. Оқытушының білім алушының қалыптасқан білім деңгейін тексерудегі обьективтілігі бақылаудың артықшылығы болып табылады.
Өзін-өзі бақылау– білім алушылардың өз қателерін өз бетімен анықтауға, сол қателердің болу себептерін талдауға үйрету.
Бақылау әдістері мен қатар педагогикалық дереккөздерде келесі белгілері бойынша топтастырылатын бақылау түрлері көрсетіліп жүр:
-оқыту ауқымы бойынша – стратегиялық, тактикалық, жедел;
-оқыту кезеңдері бойынша – алдын-ала, ағымдық (аралық), қорытынды, аралық (тақырыптық);
-уақыт бағыттылығы бойынша – ретроспективті, ескертпелі, алдын-ала;
-бақылау жиілігі бойынша – бір жолғы, мерзімді, жүйелі;
-бақылау ауқымына байланысты –жергілікті, ішінара, тұтас;
-оқытудың ұйымдастырушылық формалары бойынша – жеке, топтық, жаппай;
-оқу сабақтарының түрлері бойынша – дәрістерде, семинарларда, практикалық және зертханалық сабақтарда, сынақтарда, коллоквиумдарда және емтихандарда;
-бақылауды жүзеге асыратын тәсілдер бойынша – жазбаша, ауызша, стандартталған, машиналық және т.б.
Педагогиканы оқу барысында әр түрлі бақылау әдістері қолданыла алады:
-ауызша сұрау – оқу модулінің бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы өткізетін бақылау;
-жазбаша сұрау – берілген сұрақтар бойынша, тапсырмаларды орындау, жағдаяттарды талдау, практикалық тапсырмаларды орындау, эссе, аналитикалық шолу, оқу модулінің арнайы тақырыптары бойынша глоссарий және терминологиялық диктант жазу жұмыстары бойынша жүргізілетін бақылау түрі;
-аралас сұрау – оқу модулінің бір немесе бірнеше тақырыптары бойынша бір мезгілде ауызша да, жазбаша да жұмыс түрлерін қарастырған бақылау түрі;
-үй тапсырмасын қорғау және презентация жасау – жеке немесе топтық тапсырмалар бойынша дұрыс орындалуын анықтау білімдеріне бақылау жасау, курс тақырыптары бойынша логикалық байланысты анықтау арқылы өтілген тақырыптарды жинақтау және оны көпшілік алдында қорғай алуын тексеру үшін жүзеге асатын бақылау түрі;
-пікірталас, тренингтер, «дөңгелек үстелдер», «кейс-стади» және т.б. өзара талқылауға түсетін топтық тапсырма арқылы студенттердің өзіндік ойлауы мен шешім қабылдау қасиеттерін тексеруді жүзеге асыратын бақылаудың түрі;
-тест – сұрақтар арқылы берілген оқу модулінің жеке тақырыптары бойынша орындалатын жазбаша бақылау түрі.
Тестілеу – бақылау сапасын арттыру және оқу үдерісінің тиімділігін бағалау құралы ретінде қарастырылады. Бұл жөнінде толығырақ тоқталайық.
Тест түлектердің білім, білік, дағдыларын анықтаудың объективті бағасын алуға, белгіленген стандарттарға сай болуын, оларды дайындаудағы кемшіліктерді анықтауға көмектеседі.
Тест білім алушылардың дайындық деңгейлерін анықтау және обьективті бағалау белгілі мазмұндағы жеңілден ауырға қарай берілетін тапсырмалар жүйесі деп түсіну қажет.
Тест тапсырмалары тек сұрақтар мен есептерден ғана емес, олар дұрыс, не дұрыс емес деген жауаптардан тұратын пайымдаулар түрінде де болатынын айта кетейік. Тестілеу рәсімінің технологиясы бойынша, жауаптар «1» - дұрыс және «0» - дұрыс емес деп белгіленеді және бұл түрде ақпаратты өңдеудің заманауи жүйелеріне де түсуі мүмкін.
Тест тапсырмасы бірнеше талаптарға сай болуы тиіс. Ол нақтылы формада, тек пәннің мазмұны айналасында, қисындық жағынан дұрыс құрылған, технологияландырылған, белгілі бір қиындық дәрежесі бар және таңдалған критерийлерге сай болуы қажет. Аталған талаптарға қарап, тест тапсырмалары эмпирикалық жағынан тексеруден өтуі тиіс дейміз.
Тест сапасы екі негізгі критерий бойынша бағаланады.
Біріншісі – тест сенімділігі, ол дегеніміз белгілі бір білім алушылар контингентіне қосымша тестерді немесе бақылаудың басқа әдістерін қолдану арқылы олардың сол тест тапсырмаларын орындағанда алған нәтижелерін қайта жаңғыртумен және салыстырумен анықталады.
Екінші – тест анықтылығы (валидность), яғни автор өз ойы бойынша білім алушылардың бойындағы анықтағысы келген өлшемді көрсетуге бағытталады. Тест анықтылығын айқындау барысында ол сараптамалық бағалаудан өтеді.
Бақылау әдісі ретінде тестілеудің шектеулері де болады. Ең жеңілі тест арқылы оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау. Ал пәнді терең меңгеру дәрежесін, ойлау стилін анықтау бұл орайда барынша қиынға соғады, бірақ мүмкін болатын нәрсе. Бір жағынан, білім алушымен тікелей қарым-қатынастың жоқтығы бақылауды әділ жүргізуге жол ашса, екінші жағынан басқа факторлардың әсер ету мүмкіндігін жоғарылатады. Сөйтіп, бақылаудың дәстүрлі әдістерін тестпен үйлестіру ғана жақсы нәтиже береді деген қорытынды жасауға болады.
Педагогика пәні бойынша тиімді бақылау әдістерінің бірі – глоссарий диктанты болып табылады. Оның2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері пән бойынша деректі білімдерін жедел тексеру. Бұл жаппай 5-10 минутқа белгіленген жазба жұмысы.
Глоссарий диктанттың2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері – білім алушылардың жіберген қателерін уақытында табу. Оны аудиториялық сабақтардың барлық кезеңдерінде жүргізуге болады.
Жедел кері байланыс қысқа мерзімде мақсатқа бағытталған түзетушілік жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, педагогиканың «Педагогика пәнінің2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері, міндеттері және нысаны», «Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамуы», «Оқыту үдерісі», «Оқытуды ұйымдастыру формалары», «Оқытудың әдіс-тәсілдері, құралдары» және т.б. тақырыптары бойынша глоссарий диктанттарын әзірлеуге болады.
Өзін жақсы жағынан ұсынатын тағы бір бақылау әдісі – педагогикалық есептерді шешу.
Педагогикалық есеп – педагогикалық үдерістің негізгі бірлігі.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының тәжірибесінде модульдік-рейтингтік оқыту технологиясы 10 жылдан артық уақыт қолданылуда. Сол себепті модульдік-рейтингтік оқыту технологиясының педагогиканы оқытудағы тиімділігіне назар аударайық.
Рейтинг «ratig» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «баға» дегенді білдіреді. Рейтинг – білім алушылардың жекелеген тапсырманы орындаудағы білім, іскерлік, дағдыларының балл жүйесінде көрініс беретін сандар жиынтығы. Осы арқылы бүкіл курс бойындағы білім алушылардың үлгерімдері анықталады.
Модульдік-рейтингтік бақылаудың артықшылықтары ретінде мыналарды жатқызуға болады:
-біріншіден, қарастырылатын оқу материалы 4-5 немесе одан да көп тақырыптардан тұратын қисындық жағынан аяқталған модульдер түрінде беріледі;
-екіншіден, білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін рейтингтік баллдардың тұтас жүйесін пайдалану арқылы басқару мүмкіндігі. Бұл арада тек қана студенттің нақтылы орындаған оқу тапсырмасы үшін қосылатын ғана емес, оның сабақтағы белсенділігі, тапсырманы уақытында орындағаны, ғылыми жұмыстарға, конференцияға қатысуы, ғылыми жұмыстар мен жобалар байқауына қатысуы және т.б. үшін қосыла алатын баллдары туралы да сөз болып отыр;
-үшіншіден, оқытушының үндестірілген рейтингтік үдетулер шәкілін (шкаласын) қолдануы студенттердің табысты оқуының мониторингін жүргізуге және белгілі бір уақыттағы оқу кезеңіндегі (ай, семестр, оқу жылы) әрбір студенттің жеке рейтингін жасауға мүмкіндік береді;
-төртіншіден, оқу үдерісіне қатысушыларға олардың оқу іс-әрекетінің нәтижесі туралы толық ақпарат береді, бұлай ету білім алушылардың көпшілігінің өз білімін курстастарының білімімен салыстыруы үшін қызығушылықтарын туғызады; сонымен қатар білім алуға уәжі, бәсекелестігі, оқыту субьектісінің менмендігі артады, білім алушының уақытын тиімді пайдалану қасиетін қалыптастырады;
-бесіншіден, білім алушылар үлгерімін бағалауда оқытудың барлық кезеңіндегі оның жұмысының динамикасын бақылап, жемістілігін бағалау мүмкіндігі, сонымен қатар жұмысты орындауда кездескен қиындықтар мен оның нәтижелілігін, үлгерімнің төмендеу себептерін анықтау және түзету;
-алтыншыдан, білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау мен бағалауда рейтингтік жүйенің тестілеу әдісін қолдану, рейтингтік баллды есептеуде оқытушы тұлғасы, оның білім алушымен қатынасы секілді субьективті факторлардың ықпал ету мүмкіндіктерін бірден төмендетеді;
-жетіншіден, бүкіл рейтингтік жүйеге математикалық қолдау көрсету сәйкес келетін баллдарды қою үдерісін автоматтандыруға және бақылаудың соңғы қорытындысын білім беру порталдарында шығаруға толық мүмкіндік береді.
Қорытынды бақылау педагогиканы оқып біткенде өткізіледі. Қорытынды бақылау – білім алушылардың пән бойынша білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау және бағалау. Ол емтихандар барысында да ұйымдастырылуы мүмкін (компьютерлік және бланкілік тестілеу, жазбаша не ауызша емтихан, тестілеу мен қорытынды бақылау әңгімелесуден тұратын кешенді емтихан және т.б.).
Қорытынды бақылауға курстық жұмыстар және іс-тәжірибенің барлық түрлерінің нәтижелері жатқызылады.
Пән бойынша қорытынды (емтихандық) баға аралық бақылау мен қорытынды аттестация үлгерімінің максималды көрсеткіштерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Қорытынды бақылау нәтижелері электронды емтихандық ведомостке енгізіледі. Оқу пәні бойынша емтиханды қайта тапсыру аппеляцияға өтініш білдірген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Емтиханды екінші рет тапсыру кафедра меңгерушісінің, дау тудырған жағдайларда факультет деканының өкімімен комиссия алдында қабылданады. Дау туғызған жағдай көбінесе студенттің емтихан бағасына келіспеушілігінен және білімді обьективті түрде бағаламаған кездері туындайды.
Жоғары оқу орнындағы оқытудың соңғы кезеңінде студенттер мемлекеттік бітіру емтихандары немесе бітіру жұмыстарын қорғау түріндегі қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.
Педагогиканы оқыту тәжірибесінде жоғарыда баяндалған бақылау түрлері, әдістері мен формалары оқытушының әдістемелік шеберлігі мен бақылау міндеттеріне қарай «таза» күйінде де, «аралас» күйінде де қолданыла береді.
2. Оқыту үрдісінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностиканың көмегімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық үрдістің нəтижесін анықтау.
«Диагностика» түсінігінің мəні «білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едəуір терең əрі кең. «Тексеру» нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс-тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар-бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобілім алушынуын қамтиды.