Ұжым және тұлға Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс – тәрбиені демократияландыру жағдайында адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық тұжырымдамаларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.
Білім алушыны ұжымдык қатынас үрдісіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа. Ең алдымен тұлғаның жекелей мәнді екенін ескеру керек. Білім алушыларды – болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез-құлықтарына, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері есерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі маңызды болып табылады. Ол арқылы білім алушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүрлі тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Студент тәжірибиесі басқаша болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі.
Ұжымға педагогикалық жетекшілік Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін әрі ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
1) Ұжымға болатын педагогикалық әсерлерді кешенді пайдалану;
2) Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі әрі жан-жақты көмегі;
3) Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;
4) Білім алушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;
5) Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.
Топ ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:
Педагогикалық жетекшілікті білім алушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;
Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып, кемелденіп отырады. Сол үшін барлық оқытушылар қарым-қатынас пен әсер ету жобілім алушырын жиі өзгертіп отыруы міндетті.
Топ кураторы ұжым тәрбиесінде оқытушыларға, студенттік ұйымдарға сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздегені жөн.
Еңбек – тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау – бұл ондағы тәсілдер. Сөз (кең түсініктегі) – тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу – бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдар жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.
Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда білім алушылардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Ұжым жетілген сайын өзін-өзі басқару да жетіле түседі. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей қызметтерді орындайды:
- бейімделушілік (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);
- интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, білім алушылар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
- прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
- басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
Білім алушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (білім алушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір білім алушы өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару білім алушылардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген білім алушылар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.
Тұлғаның көзқарасы мен сенімінің тұрақтылығы, оның идеясы мен қоғамдық белсенділігі – тұлғаның маңызды сипаттамасы. Бұл қасиеттер тәрбиелеу процессінде қалыптасады. Тәжірибеде көрінгендей, осы мәселені нәтижелі меңгеру үшін білім алушылар маңызды басты ұғымдардың мәнін саналы түрде меңгереді.
«Дүниетаным» – бұл сөзді білім алушылар жиі естиді. Ал оның нені білдіретінін сұрасаңыз, көбі оның мағынасын біле бермейді. Дүниетаным – бұл көзқарастар, сенімдер, идеялар жүйесі. Ал бұл компоненттер қалай жүйеленеді? Білім және дүниетаным, олар қандай байланыста, бір-біріне қалай әсер етеді? Міне, осындай сұрақтарды студенттерге қоюға болады. Бұл сұрақтарды оқытушы өзі қойып, оған жауапты студенттермен бірге іздегені дұрыс. Талдауды тек абстрактілі емес, сонымен қатар фактілерді, белгілі тұлғалар өмірінен мысал келтіру арқылы жүргізген жөн.
Адамгершілік тәрбиесі Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, мінез-құлығына адамгершілік сапаларды қалыптастыру жолындағы мақсатты түрде бағытталған жүйелі әрекет. Келесі анықтама бойынша, адамгершілік тәрбиесі – білім алушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыруға және оларға өздерінің бір-біріне, отбасына, адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дамыту жөніндегі педагогтардың мақсатты түрдегі іс-әрекеті.
«Азаматтық-патриоттық» тәрбие Қазақстан Республикасының егемендік алуы, нарықтық экономикаға көшуімен байланысты болып жатқан өзекті өзгерістер білім алушы жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін теңдесі жоқ биіктікке көтеруді талап ететіні айқын көрініс. Осы тақырыптағы дәрістің сыни тұрғыда жазу және ойлау технологиясы бойынша жоспарланған үлгісін ұсынамыз.
Тақырыбы: Азаматтық-патриоттық тәрбие
Мақсаты: эстетикалық тәрбие, оның мақсат-міндеттері, эстетикалық тәрбиенің принциптерін, формалары және құралдарын меңгерту.
Өткізу әдістері: Студенттермен диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, эссе жазу, түртіп алу, 2 жақты күнделік, әңгіме құрастыр немесе 2-3 айналым.
Күтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:
Азаматтық-патриоттық тәрбие туралы түсінік алады;
Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері танысады.
Патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың классификациясымен танысады.
Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдарын меңгереді.
Дәрістің мазмұны: Азаматтық-патриоттық тәрбие және оның мақсаты.
Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері.
Патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың жіктелуі.
Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдары.
Эстетикалық тәрбие
Өркениет өрісінде адам өзін қоршаған ортада сұлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деп атауын алды. Эстетика категориясының ең негізгісі – әдемілік. Әсемдік – бұл өмірдің өзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның еңбегінің жемісі.
«Эстетика» термині гректің «эстезис» – сезімталдық деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс өнертану ғалымы Баумгартен ғылыми атау ретінде енгізіп, 1750ж. оның «Эстетика» деген еңбегі жарық көрді. Сол кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Ал эстетика ұғымының өзі ертеректе туған. Оның бастауы ежелгі заманға кетеді.
Эстетикалық тәрбие – бұл өнерде және өмірде әсемдікті толықтай қабылдап және дұрыс түсінуге жеке адамның қабілетін дамытуға мақсатты түрде бағытталған үрдіс.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – эстетикалық талғамды және өмір шындығына (еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, өнерге, өз қылығына) эстетикалық қатынасты қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
-эстетикалық сананы қалыптастыру, яғни отандық және дүниежүзілік мәдениет, эстетика негіздері бойынша білімдер жинағы, өнерде, халық көркемөнер шығармашылығында, табиғатта, адамда шынайы әсемдікті айырып, түсіне білу кабілеті;
-эстетикалық сезім, талғамды қалыптастыру, көркем - шығармашылық іс-әрекетке қабілетін және мотивациясын (сұранысын; қызығушылығын т.б.) дамыту;
-көркем-шығармашылық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру, дарынды білім алушыларды қолдау, тұрған ортасын, еңбегін, оқуын эстетикалық нормаға және құндылықтарға сай ұйымдастыру тәжірибесін (іскерліктер мен дағдылар) жасау.