2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері – динамикалық жүйе ретіндегі оқыту үдерісі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Тақырыпқа ену үдеріс, қарама-қайшылық, оқыту үдерісі, оқу, оқыту үдерісінің қарама-қайшылығы деген ұғымдармен жұмыс істеуден басталады.
Қарастыруға ұсынылатын негізгі сұрақтар ретінде оқытудың мәні, оның белгілері; оқытудың әдіснамалық негіздері және меңгеру үдерісінің құрылымы; оқыту үдерісінің тұтас жүйе ретіндегі сипаттамасы, оқыту қызметтері және олардың байланысы; оқытудың психологиялық негіздері;(бихевиоризм, гештальтпсихология, когнитивизм, іс-әрекеттік); оқытушылықтың мұғалім қызметінің түрі ретіндегі мәндік сипаты; оқу тұтас үдерісіндегі оқушының танымдық қызметі ретінде; оқыту үдерісіндегі оқушылардың дербестігін қалыптастыру; әр түрлі оқыту моделіндегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері (түсіндірмелі-иллюстравтивті, проблемалық, модульдік, қашықтықтан оқыту және т.б.) беріледі.
Семинар сабақтарын өткізу формаларын таңдау сабақ2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттеріна байланысты. Осыдан семинар-пікірталас, семинар-әңгіме, проблемалық-семинар, «дөңгелек үстел» және т.б. семинарларын таңдауға болады.
СӨЖ үшін дидактиканың теориялық идеяларына негізделген, практикалық сипаттағы топтық тапсырмаларды ұсынылады. Мұндай амал оқу материалын абстрактілі қабылдаудан гөрі оны практикамен, өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, студенттер үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында қатысқан сабақтарынан бейне роликтер, бейне жазбалар дайындайды, олар мынандай тақырыптарда болуы мүмкін «Оқушылардың сабақтағы танымдық іс-әрекеттерінің құрылымы», «Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті», «Проблемалық оқытуды ұйымдастыру», «Оқытудың техникалық құралдарын оқушылардың танымдық іс-әрекетін және дербестігін арттыру тәсілі ретінде қолдану».
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері – оқыту заңдылықтары мен принциптерін жүзеге асырудың мәні мен механизмі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Тақырыпты меңгеру студенттерге мынандай ойларды бағыттайды: оқытудың барлық компоненттерінің тұрақты байланысы мен оқыту үдерісін ұйымдастырудың жалпы нормаларын басшылыққа алғанда ғана оқытудың барлық міндеттерін тиімді шешуге болады. Дидактикада бұларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері деп атайды. Онда оқытудың заңдары мен заңдылықтарының өте көптеген түрлері қалыптасқан. Дегенмен, олар күрделі жүйеге енгізілмеген, өйткені олар бір жағдайда ішкі емес сыртқы, тұрақты емес вариативті байланыстарды білдіреді, оқыту үдерісін функционалдануы және дамуы емес, оқыту үдерісінің құрылымын көрсетеді.
Осы тақырыпты меңгеру барысында студенттер дидактикалық заңдылықтардың, дидактикалық принциптер мен ережелерге себептесуін ұғынулары керек. Дидактикалық заңдылықтар оқытудың құбылыстары мен факторларының арасындағы тұрақты байланысты көрсетіп, педагог пен оқушы іс-әрекетінің технологиясын әзірлеу мен жетілдірудің теориялық негізі болып қызмет етеді. Дидактикалық принциптер жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сәйкес оқу үдерісінің мазмұнын ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындайтын ережелер. Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру дидактикалық ережелерге байланысты. Ол қалыпты жағдайда мұғалімге не істеу қажеттілігін нақтылы көрсетеді.
Тақырыптың күрделі екендігін ескере отырып, оқытушының түсіндіру, баяндау мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға болатын дәріс түрлерін таңдап алған жөн. Ондай дәрістерге ақпарат-дәріс, оқытудың техникалық құралдарын пайдаланған жинақтау дәрісін атауға болады.
Семинар сабақтары пікірталас, проблемалық семинарлар және белсенді үлестірмелі материалдарды қолданған «дөңгелек үстел» түрінде өткізіледі.
СӨЖ үшін теориялық және практикалық тапсырмаларды береміз. Біріншілері сұрақтың теориялық жағын қарастырса, екіншілері теорияны практикалық іс-әрекетте қолдануға үйретеді. Студенттер сабақтың бейне жазбасын қарастырып, дидактикалық заңдылықтардың сақталуын (сақталмауын), есепке алуын (есепке алмауын) талдайды. Олар өз жауаптарын белсенді үлестірмелі материалдар (планшет) түрінде әзірлейді.
Дидактика жүйесіндегі маңызды тақырыптардың бірі –- білім беру мазмұнының мәні, оның қалыптасу факторлары, білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Осы тақырыпты меңгеру барысында студенттер өскелең ұрпақты не нәрсеге үйрету керек, оны үйрету үшін қандай білім таңдау керек, білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісін ұйымдастыруда ең маңызды болып табылатын қандай критерийлердібасшылыққа алу қажет деген сұрақтардың жауабын түсінулері шарт.
Осы негізгі сұрақтардан туындайтын сабақ үстінді қарауды қажет ететін мынандай мәселелер бар:
-білім беру, білім беру жүйесі, білім беру моделі ұғымдарының мәні;
-білім беру мазмұны, оны анықтау жолдары, тарихи сипаты (білім беру теориялары); білім беру мазмұнының ғылыми негіздері (білім берудің білімдік-бағыттылық, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-дамытушылық концепциялар);
-жалпы білім беру мазмұнын қалыптастырудың дереккөздері, факторлары мен принциптері; білім беру мазмұнын таңдау критерилерінің жүйесі;
-білім беру мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттар: мемлекеттік жалпыға міндетті білім берустандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқу әдебиеті.
Семинар сабақтарында дәріс беру барысында жалпы сипатталған немесе шолу түрінде өткен теориялық сұрақтарды қарастыру қажет. Бұған білім беру мазмұнын сипаттау, білім берудің білімдік-бағыттылық, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-дамытушылық концепцияларының сипаттамасы; оқу бағдарламаларын құру тәсілдері (сызықты, шоғырлас, шиыршықты); оқулықтар мен оқу құралдарының түрлері мен құрылымы. Студенттер үшін осы сұрақтарды қарастыру барысында көрнекілік-иллюстративтік материалдар (оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар және т.б.) бойынша түсіндіру қажет. Арнайы құрастырылған жаднама негізінде студенттер өз бетімен оқу бағдарламаларды және оқулықтарды талдайды. Салыстырмалы-салғастырмалы талдау түрі студенттерге білім беру мазмұнындағы өзгерістерді түсінуге, тақырыптар арасындағы құрылымдық-қисындық байланысты байқауға және білім, іскерлік, дағдыларын нақтылы анықтауға негіз болады.
Бір сабақта екі міндетті жүзеге асыру әдістемелік тұрғыдан дұрыс амал болып табылады, оған теорияны тереңдету және нормативті құжаттарды оқу мен талдауға байланысты ұйымдастырылған студенттердің практикалық жұмыстары жатады, өйткені теориялық материал құжаттар талдауына енгенде шынайы көрініс тауып, практикалық мәнге ие болып, абстрактілі болудан қалады.
Семинар сабақтарында студенттерге дидактиканың, психологияның, жас ерекшелік физиологиясының және ақпараттық жүйелерді оқытудың әдістері мен ұйымдастыруында қалай жүзеге асыру керектігін көрсету қажет. Тақырыпты меңгерту үшін ақпарат-дәріс, визуалдау-дәріс, проблемалық дәріс, алдын-ала жоспарланған қателер түрінде дәрісі типтерімен ұйымдастыруға болады.
Семинар сабақтарының шекарасын «бұзуға» болады, яғни теорияны талдау оқу сабақтарының үзінділері бар бейне жазбаларды көрсетумен байланыстырылып отырады. Студенттердің міндеті тәжірибеден алынған нақтылы үлгілерді талдап, оқыту құралдары мен түрлі тәсілдерді пайдаланудың айқын мақсаттылығын (немесе мақсатсыздығын) дәлелдеп көрсету.
СӨЖ студенттердің құрылымдау және жобалау іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін төмендегі тапсырмаларды беруге болады:
1) Оқылып жатқан тақырып бойынша аңдатпалық әдебиет тізімін құрастыру (ең азы 5-7 дереккөз болуы керек);
2) Оқытудың әр түрлі әдістер мен құралдарын қолдана отырып оқу сабағы кезеңдерінің түрлі үзінділерін даярлау.
Тақырып форма түсінігінің негізі, оқытуды ұйымдастыру формасы; оқыту формасының жіктелуі және оның дидактикада дамуы (жеке оқыту, жеке-топтық оқыту формалары, сынып-сабақтық оқыту жүйесі, модифицирленген формалар – Белл-Ланкастерлік, Батовтік, Маннгеймдік оқыту жүйелері, Дальтон-план, План Трамп және т.б.) деген сұрақтарды оқытуды қарастырады.
Тақырыпты оқу қорытындысында студенттер оқытудың ұйымдастыру формалары және тағы басқалары ғылым мен техниканың дамуына байланысты туындаған қоғам мен мемлекеттің сұранысына байланысты екендігін ұғыну керек.
Тақырыпты студенттерге келесі дәріс типтерін қолдана отырып таныстыруға болады: иллюстративті материалдарды қолдана отырып ақпараттық-дәріс жүргізу.
Семинар сабақтары дәстүрлі үлгіде ұйымдастырылып өткізіледі, мысалы, оқытуды ұйымдастыру формаларын дамытуға үлес қосқан классик-педагогтар шығармаларының көрмесін жоспарлау және ұйымдастыру негізіндегі әңгіме.
СӨЖ ғылыми педагогикалық әдебиетті оқумен тақырыптың салалық сұрақтары бойынша тірек сызбаларды құрастырумен байланысты болуы мүмкін.
Тақырыпқа ену сабақ деген жаңа ұғымды меңгертуден басталады. Одан кейін сабақтың мәні мен міндеті; сабақ2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері; сабақтың типі мен құрылымы; оқушылардың сабақтағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмыстары; оқытуды ұйымдасырудың басқа формалары деген сұрақтар қарастырылады. Осы тақырыпты меңгеруге бөлінген дәріс уақытын шектеу кейбір сұрақтарды тек шолу түрінде қарауға мүмкіндік беретіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан кейбір сұрақтарды семинар сабақтарында кеңінен қарастыруға нұсқау беріледі. Ондай тақырыптарға оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмыстары; оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары (экскурсия, үй жұмысы, кеңестер, қосымша сабақтар, пән үйірмелері, оқушылардың ғылыми қоғамдастығы, олимпиадалар, байқаулар және т.б.); мұғалімнің сабаққа дайындалуы және т.б. жатады. Тақырыпты меңгеру үшін ақпарат-дәрісі, визуалдау дәрісі, проблемалық дәріс секілді дәріс типтерін ұсынуға болады.
Семинар сабақтары теориялық білімді тереңдетіп, дамытып қана қоймай практикалық жұмыстармен толықтырылып отыруы керек. Мысалы, мұғалімнің сабаққа дайындалуы деген сұрақ тек теориялық жағынан ғана емес аналитикалық, проективтік, рефлексивтік және т.б. іскерліктері мен дағдыларын жетілдіруді қажет етеді.
СӨЖ үшін жеке және топтық тапсырмалар ұсынылады:
өз мамандығының пәні бойынша оқушылардың сабақтағы (үйдегі) өзіндік жұмыстары үшін тапсырмалар жүйесін құрастыру;
сабақтардың бейне жазбасын көріп, ондағы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру формаларын сипаттау;
өз мамандығының пәні бойынша экскурсия (кеңестер) өткізудің жоспарын құрып, ондағы оқушылар жұмысын ұйымдастырудың формаларын көрсету.
оқытуүдерісіне арналған тақырыптар жүйесін аяқтайды.2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері - студенттердің білімді тексеру мен бағалауды ұйымдастыру рәсімі және оның теориялық негіздері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Тақырыпты оқу соңында студенттер оқыту үдерісінің нәтижесі оның соңғы кезеңінде, яғни оқушының білімін тексеру мен бағалау кезінде анықталатындығын білулері керек. Сондықтан педагог оқушылар білімін тексеру мен бағалауды дұрыс жүзеге асыра білгені жөн.
Бұл тақырыпты оқыту барысында ақпарат-дәрісі, визуалдау-дәрісі, проблемалық дәріс типтерін ұсынуға болады. Дәріс сабақтарында көбінесе білімді тексеру мен бағалау үдерісінің теориялық негіздері қарастырылады.
Семинар сабақтары практикум сабағының элементтерімен толықтырылуы мүмкін, өйткені білімді тексеру мен бағалаудың мақсаттары мен міндеттері мынандай тапсырмаларды, атап айтсақ, сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар және т.б. таңдауға себеп болады. Осыдан келіп педагогтың әр түрлі тапсырма түрлерін құрастыру әдістемесін меңгеру қажеттігі туындайды. Ал бұл әдістемені практикумда ғана меңгеруге болады.
СӨЖ үшін тапсырмалар тәжірибелік бағытта болуы шарт, мысалы:
1) оқу материал бойынша тексеру үшін әр түрлі нұсқадағы тапсырамаларды дайындау;
2) ауызша жауап беруге сұрақтар дайындау (тақырыпты студенттердің өздері таңдап алады);
3) педагогика (психология) бойынша «жетістіктер портфолио» құруға арналған талаптар тізімін дайындау.
Педагогика мамандықтарында элективті курс ретінде жеке пән болып оқытылады.
Семинар сабақтарын тақырыптық семинар үлгісінде өткізіп, оқыту технологиясының мәні, міндеттері және жүзеге асу механизмі жоспары бойынша талқылау ұйымдастыруға болады.
СӨЖ үшін мынандай жеке және топтық тапсырмаларды ұсынылады:
1) «Педагогикалық үдерісті технологияландыру: артықшылықтары мен кемшіліктері», «Мұғалім іс-әрекетінде технология мен шығармашылықты үйлестіру мүмкін бе?» және т.б. тақырыптары бойынша эссе жазыңыз.
2) Өз сабақтарында оқытудың нақтылы бір технологияларын (модульдік, ақпараттық, проблемалық, адаптивті және т.б.) қолданатын мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысып, оның нәтижесін презентация немесе қысқаша баяндау мен бейне фильм түрінде ұсыну.
Соңғы жылдары орта білім беру жүйесі оқытудың ұйымдастырушылық формалары мен әдістерін, мазмұнын, инновациялық бағдарламалар мен жобаларын жаңашаландыру үрдісімен ерекшеленуде. Сондықтан бүгінгі таңдағы педагог енгізіліп отырған инновация мәні, принциптері, енгізілу жүйесі туралы білуі, олардың түрлерін (әдістемелік, ұйымдастырушылық, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, заңды) ажырата білуі қажет. Осы аспектілердің барлығын дәріс сабақтарында шолу түрінде оқып шығу керек.
Студенттердің инновацияның тамыры тереңге жайылған дәстүрлер аясында пайда болатынын және де шығармашылық іс-әрекет нәтижесі болатынын білулері өте маңызды. Біз ғалымдардың мынандай пікіріне қосыламыз: «Білім беру инертті (салғырт, селсоқ), педагогикалық инновациялар қоғамда олардың білім беру саясаты мен тәжірибесінің аренасына шығуға шақ қалған уақытта пісіп жетіледі. Олар қоғамның және білім берудің дамуындағы бұған дейін өткен амалдармен дайындалады. Өзгерістердің жаңашылдығы тек қатысты түрде ғана, өйткені бұрынғы болғандармен жаңа позиция тұрғысынан қайта қаралған олардың арасындағы сабақтастық байқалады. Білім берудегі инновациялар өзгірске түсіп отырады, мысалы, дәстүрлі қалыптасқан амалдар бар, оған баламалар табылып, өзгеріс пайда болады: «бұл болған және бар» және «жаңа», арасында тербеліс туындап, «ескірген естеліктер» болады, бірақ жаңа контекстік мағынаға ие болады».
Студенттер инновациялық жүйе мен инновациялық үдеріс арасындағы айырмашылықты білулері тиіс. Инновациялық жүйе – бұл қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын, ертеде осы жүйені құрайтын бөліктерге тән емес болып келетін және өнімді (материалды және рухани) өзгерістерге түсіретін кешенді басқарушылық үдерістер.
Инновациялық үдеріс дегеніміз педагогикалық қауымдастықтың педагогикалық жаңашылдықты құру, қабылдау, бағалау, игеру және қолдануды басқаратын үдеріс.
Семинар сабақтарын инновациялық үлгідегі мектептерде (авторлық мектептерде) немесе өздерінің авторлық бағдарламаларымен жұмыс істейтін мұғалімдерді шақыру арқылы «шығармашылық қонақ бөлме» түрінде ұйымдастыруға болады. СӨЖ үшін ұсынылатын топтық тапсырмалар:
1) Оқушылардың лицейлердегі, гимназиялардағы (авторлық мектептердегі) ғылыми ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен танысу.
2) Жаңа типтегі мектептердің, атап айтсақ, бірінші Президент Н.Ә. Назарбаев атындағы интеллектуалды мектеп, «Нұрорда» халықаралық қазақ-түрік лицейі, Вальдорф мектебі және т.б. мектептеріндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру тәжірибесімен танысу.
Бастауыш және негізгі деңгейлер мазмұны дәстүрлі түрде пәндік болып қала береді. Бірақ таңдау бойынша пәндер есебінен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және кәсіптік бағдар беру үшін алғышарттар жасалады. Жоғары деңгей мазмұны бейіндік оқытуды енгізу жолымен ерекшеленеді.
Бұл арада студенттердің бейіндік оқытуға дейінгі даярлық пен бейіндік оқыту ұғымдарын ажырата білулері маңызды. Біріншісі, таңдау бойынша курстарды ұйымдастыру, ақпараттық жұмыс пен бейіндік бағдар беру арқылы негізгі деңгей оқушысының өзін-өзі анықтауға ықпал етуші білім беру кеңестігін құру негізінде түсіндіріледі. Екіншісі, оқытуды жекелендіруге, тұлғаны әлеуметтендіруге, сонымен қатар мектептің жоғары деңгейінің орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарындағы мамандандырылған даярлықтар жүйесі.
Дәріс кезінде бейіндік білім беру концепцияларының негізгі ережелерін шолу түрінде ұсынған дұрыс, ал семинар сабақтарында мынандай сұрақтарды қарастыру қажет: бейіндік білім беру педагогикасының принциптері; әр түрлі типтегі мектептерді бейіндік білім беруді ұйымдастыру; бейіндік білім беруді ұйымдастырудың негізгі формалары; бейіндік білім беру педагогикасының әдістері.
Осылайша, дидактика бөлімі педагогиканың негізгі құрамдас бөлігі ретінде оқу үдерісі құрылатын оқыту теориясы болып табылады. Сонымен қатар, барлық қатысушыларының демократизм мен гуманизм, бастамашылдық пен белсенділік, шығармашылық пен ынтымақтастық, өзін-өзі жетілдіру және өзінің мәнін арттыру қасиеттерімен ерекшеленетін іс-әрекеттік оқыту аса маңызды болып саналады.