Модульдік оқыту мынадай негізгі идеяларға негізделген: білім алушы өзі оқу керек, ал педагог оның оқуын басқарып отыруға міндетті, яғни оқуға деген мотив туғызу, ұйымдастыру, реттеу, кеңес беру, бақылап отыру керек. Бұл технологияның авторларының көзқарасы бойынша, ол педагогикалық теория мен практикада жиналған прогрестерді кіріктіреді. Яғни, бағдарламалық оқытудан білім алушының әрекетіндегі нақты логикалық процестердің белсенділік идеясы, оқу-танымдық әрекетінің жеке қарқындығы алынды. Ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясынан ең маңыздысы – әрекеттін бағдарлаушы негізін қолданады. Модульдік оқытуды кибернетикалық бағыт қатысушылардың іс-әрекетін өзі басқару арқылы икемді басқару идеясымен толықтырып отыр. Психологиядан рефлекстік жағдай қолданылады. Дефференциацияның теориясы мен практикасында, оқытудың оптимизациясында жиналған жалпылаулар – бұлар модульдік оқытудың негізінде, принциптерінде, ережелерінде, әдістері мен оқыту формаларында кіріктіріледі.
Модульдік оқытудың негізін қалаушы П.Ю. Цявичине. Оның идеясын С.Я. Батышев, К.Я. Вазина, Н.Н. Суртаева, Т.Н. Шамова, А.Жанпейсова жалғастырды.
Модульдік оқытудың мәні білім алушы толықтай өзі немесе белгілі бір көлемдегі көмекпен оқу-танымдық іс-әрекетте модульмен жұмыс істеу арқылы мақсатына жетеді.
Модуль – дегеніміз мақсатты функционалдық байланыс, онда оқу мазмұнымен оны меңгеру технологиясы байланысады. Сондықтан, модуль модульдік оқытудың құралы болып табылады, өйткені оған іс-әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат банкі, дидактикалық мақсатқа жету үшін методикалық басқару кіреді. Модуль оқытудың программасы ретінде бола алады.
Модульдік оқыту кезінде әрбір білім алушы белсенді және тиімді оқу-танымдық іс-әрекетке кіріседі. Мұнда бақылау, өзін-өзі бақылау, түзету, кеңес беру, өзбеттілігі қалыптасады. Білім алушы өзін жетілдіруге зор мүмкіндік алады, ол оқуға деген құлшыныс, мотивация тудырады. Бұл оқыту жүйесі әр білім алушыға білім беру және оқуда жоғары сатыға көтерілуге кепілдеме береді. Білім алушының өзбеттілік, ұжымшылдылық сияқты мінез сапаларын дамытуға да мүмкіндік бар.
Модульдік оқытуға көшу үшін нақты жағдайлар туғызу керек:
педагогтің мотивациясымен байланысты;
білім алушылардың оқу-танымдық әрекеттерді өз бетімен орындауға дайындығы;
мектептің материалдық мүмкіндігіне байланысты.
Модульдік технологияға көшу тәжірибесі бірден барлық топтың көшпей, ондағы кіші топпен жұмыс істеуді көздейді. Бұл көлемін, құрылымын, қиындық дәрежесін, білім алушылардың әрекеттенуін, бақылау, өзін бақылау жүйесін көріп – бағалауға, осыған байланысты түзетуге мүмкіндік береді.
2. Модульдік оқытудың принциптері.
Модульдік оқыту теориясы жалпы дидактикамен тығыз байланысты арнайы принциптерге жүгінеді. Модульдік оқытудың жалпы бағыты, оның мақсаты, мазмұны мен ұйымдастыру әдістері мынадай принциптерді анықтап отыр:
модульдік;
оқытудың негізгі элементтерін бөліп көрсету;
динамикалылық;
білімнің әрекеттілігі мен оперативтілігі және олардың жүйелілігі;
икемдігі;
саналы перспективасы;
әдістемелік кеңестің әр түрлілігі;
паритеттілік (П.А. Юцявичене).
Осыларды жеке қарастырайық.
Модульділік принципі оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру формасы мен әдісін бейнелейді. Бұл принципке байланысты оқыту жеке функционалдық байланыстардан құрылады, дидактикалық мақсаттарға жетуді көздейтін модульдерден тұрады. Бұл принциптің орындалуы үшін мынадай педагогикалық ережелер сақталу керек:
оқу материалын қойылатын дидактикалық мақсатқа әрбір білім алушы жете алатындай құру керек;
ол жеке модульден құралған кешенді дидактикалық мақсатқа сәйкес оқу мазмұнынан құралу керек;
оқу материалына сәйкес көзделген мақсатқа бағына отырып, әр түрлі оқу формаларымен интеграциялануы керек.
Оқытудың негізгі элементтердің бөліп көрсету принципі оқу материалын интеграциялық дидактикалық мақсаттарды шешуге бағытталған біртұтас модуль ретінде қарайды, яғни модульдің өзінің құрылымы бар. Бұл принцип программалық оқытудағы оқу материалын бөлшектерге (порция, саты) принциптерімен ұқсас, дегенмен айырмашылықтары да бар. Программалық оқытудағы материалдарды кішкентай бөлшектерге бөледі, олар өзара байланысты, біртіндеп сатылап қиындайды. Ал модульдік оқытуда оқу мазмұнындағы кішкентай бірліктер дидактикалық мақсатқа жауап беретін курстағы нақты тақырып немесе тақырыптың фрагменті болып саналады, оны модульдің элементі деп атайды.
Модульдік оқытудағы оқыту курсы мазмұнының құрылымдық ерекшелігі Модульдерді жасау мақсаты – кәсіби, педагогикалық және дидактикалық міндеттерге сәйкес курстың мазмұнын бөлшектеу немесе курстың әрбір тақырыбын компоненттеу, оқытудың түрлері мен формаларының компоненттеріне анықтама беру, уақытпен үйлестіру және бір комплекске интеграциялау. Осы тұрғыдан модуль оқу курсының ортақ тақырыпқа немесе көкейкесті ғылыми - техникалық проблемаларға бағытталған оқытудың әр қилы түрлері мен формаларының интеграциялануын көрсетеді.
Модульдің шеңбері оны құрардағы теориялық білімдер мен дағдылардың жиынтығына, болашақ мамандарға қажет ұстанымдар мен сол класқа тиісті ғылыми - техникалық тапсырмаларды орындауға қажетті практикалық әрекетке байланысты.
Көбіне семестрлік курс ( 40 - 50 дәрістік сағат ) 10-12 модуль курстың бөлімдеріне ұқсастырып бөлінеді, солар арқылы коллоквиум өткізеді. Ең жақсы шетел ЖОО-да модульдік бөлу пәннің түсініктік ақпаратын қатаң түрде жүйелі талдау негізінде жасалынады, ол негізгі түсініктердің топтамасын жасауға, материалдарды логикалық және компактты топтастыруға, курстың ішінде және аралас пәндерде қайталаулардан аулақ болуға, курстың көлемін 30 пайыз немесе одан да жоғары азайтуға мүмкіндік береді.
Модуль – өзіндік құрылымдық бірлік және кей жағдайда студент толық курсқа қатыспай, тек кейбір модульге қатыса алады.
Модульдік оқытудағы педагогикалық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері. Модульдік оқытуда білімді бағалау үшін жаңа, прогрессивті жүйе қолданады, оқу кезінде және аралық рейтинг этаптарында үздіксіз жиналып отыратын дәстүрлі дискретті - сессиялық бақылаумен ауысады. Бұл бағалау жүйесі рейтингтік деп аталады.
Рейтинг адамның қандай да бір қасиетін сандық бағалау деуге болады. Осыған орай, студенттің оқу рейтингі - адамға педагогикалық әсер ету қорытындысының сандық бағасы. Студенттің рейтингі дегенге мынадай түсінік береміз: рейтинг – студенттің белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір формулаға байланысты саналған балының жалпы сомасы.
Біздің өмірімізде рейтингтер көп қолданылады. Оларды анықтау әдістері әр түрлі, бұл әдістердің қиындық дәрежесі де әр түрлі болып келеді. Модульдік оқытуда рейтингтік бағалау жүйесі мынадай.
Жүйелі рейтинг көрсеткіші студенттердің бақылау жұмысында көрсеткен білімінің бағасына сәйкес келеді. Бұл жағдайда модульдік базалық бағасы алдын-ала белгілі болады. Басқаша айтқанда, студенттің білімін көрсететін стандарттық тіркеумен байланысты қиын формула арқылы көрсетуге болады.
Бірінші жағдайда оқыту үрдісінде және емтихандарда модуль бойынша коэффеценттерді коррекциялау арқылы шыққан балдардың сомасы бойынша пәннің жалпы рейтингі шығады, ал семестрдегі барлық пәндердің рейтингі сомалық рейтингті құрайды, ол рейтинг - рейтинг парағына жазылады.
Екінші жағдайда студентің рейтингі (R ) мына формула арқылы есептелінеді: