Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет59/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Модульдік оқытудың тиімділігі.
Курстың модульдік құрылуының көп тиімділіктері бар, ол оқыту процесінің әсіресе мамандарды интенсивті дайындау жағдайында тиімді интенсификациялау жолы.
Бұл оқыту әдісінің тиімдігі мыналар:

  • оқу үрдісінің барлық түрлеріндегі модульдің методологиялық негізде үйлесімділігі;

  • жүйелік тұрғыда курсты құру, оның мазмұнын анықтау;

  • курсты модульдік құру икемділігі;

  • студенттердің білімді игеру тиімділігін бақылау;

  • оқытушылардың ғылыми – методологиялықжұмысының перспективалықбағытын шығару;

  • студенттердің тез дифференцияциялануы: яғни студенттердің дәрежелік ретін көрсетеді;

  • магистратураға кандидиаттарды алу өте жеңілдейді, белсенді, бірақ қабілеті төмен студенттердің көтерілу дәрежесін реттейді;

  • дәріске кететін уақыттың аздығына байланысты оқытушы студенттерге өз пәнінен қажетті білім, іскерлік, дағды беріп үлгереді.

Емтихан алдында стрестік жағжайға да түспейді, білімді бақылау процесі қызықты әңгіме, ғылыми проблемалар туралы дискуссияға айналады.
Сонымен, ЖОО-дағы модульдік жүйе, білімді және кәсіби дайындықты бақылау жүйесі маман дайындау тиімділігін және сапасын көтеруге, тұлғаның іс-әрекетінің шығармашылық мақсаттылығын қамтамасыз етеді.
Әрине, модульдік оқытуды ендіру оқу процесінде елеулі өзгерістерге, қайта құруларға әкеледі. Ол оқытушының жұмысын жоспарлауға, фронталды жұмыс өткізуге, лабораториялық базаны әзірлеуге, методологиялық құрал, білімді тексеретін бақылау ұйымдарын ашуға итермелейді. Бірақ, осы проблемалар ЖОО-да осындай оқу формаларының енуіне кедергі болмау керек.
Педагогикалық мониторингтің әдістемесі
Оқытушыны оқу орны жағдайында дамытуда әдістемелік жұмыстың алар орны зор. Өйткені әдістемелік жұмыстар: 1) оқытушының өзіндік педагогикалық білгірліктерін бірлескен топтық жұмыс арқылы шешуге бағыттайды; 2) өз мүмкіндігін дамытуға үйретіп, өзіндік зерттеу жұмысының инновациялық жүйесін қалыптастырады; 3) өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра білуге үйренеді.
Оқытушының кәсіптік деңгейін анықтау әдістерінің жүйесі – педагогикалық диагностика. Ал диагностиканың нәтижесі мониторинг арқылы көрсетіліп отырады. Ол жұмыстағы қиындықтарды анықтауға және оны жоюдың тиімді жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді.
Оқыту нәтижелілігін бағалау мен талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалау, сондай-ақ білім алушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін бақылау мен педагогдердің тәжірибесін жинақтау, болашақта қателіктерді болдырмау және озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі. Педагогикалық мониторингтің жалпыға белгілі бақылаудан айырмашылығы: оқытушының білімділік деңгейі мен оқыту жағдайын үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтайды, сақтайды, өңдеуді және таратуды ұйымдастырады. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие мүмкіндігін, оқытушының жеке тұлғасын, педагогикалық үрдіс бөліктерінің жағдайын зерттеу педагогикалық мониторингтің мазмұнын құрайды. Педагогикалық мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуы және оқытушының іс-әрекеті зерттеледі.
Білім беру үрдісін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзетушілік қызметтер атқарады.
Педагогикалық үрдістің нәтижесін айқындай отырып нысанның жағдайы жөнінде мәлімет алу, кері байланысты қамтамасыз ете отырып нағыз білім беру үрдісін, оның қиындығын, бұрмалануын анықтау педагогикалық мониторингтің ақпараттық қызметі болып есептеледі. Жинақталған ақпарат толық, нақты, әділ, дәл мерзімді болу керек.
Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі педагогдердің өзін жан-жақты тануға түрткі болады әрі өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және педагог әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.
Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу сапасын көтеру мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу әрекетін басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген.
Соңғы қорытынды-диагностикалық кезеңінде мониторинг нысанының жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады. Мониторингтің мақсат-міндетіне сәйкестігі, логикалық талдау жасай отырып жүргізілген жұмыстың тиімділігі анықталады.
Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Сондай-ақ ол әлеуметтік-психологиялық, медециналық мониторинг, білім алушының жеке басныңы көзқарасын жалпылай алу мақстаында бұл оқу орындарына ең қажетті болып табылады.
Мониторинг бойынша оқытушы кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр білім алушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап, білім деңгейін білім алушы өзі бақылап отырады. Яғни білім алушылар өздігінен орындайтын жұмыстарын өзі бағалайды. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет