Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет63/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

СӨЖ-н жетілдіру жолдары:

  • Білім алушыларды СҒЗЖ-на тарту үшін оқытудың жеке жоспарларын мүмкіндігінше өндіріс тапсырмасын шынайы жобілім алушыу мақсатында ұйымдастыру;

  • СӨЖ-ын оқу жоспарына және сабақ кестесіне кафедрада жеке кеңес берулерді ұйымдастырумен бірге ендіру;

  • СӨЖ-ын орыдауға қажетті оқу және оқу-әдістемелік құралдар кешенін даярлау;

  • кіріктірілген кафедрааралық тапсырмалар жүйесін жасау;

  • дәріс курстарының өздік жұмысқа бақытталуы;

  • СӨЖ-ын рейтингілік бақылау әдісі;

  • оқытушылар мен студенттердің коллегиалдық қарым-қатынастары;

  • стандартты емес шешімдерді ұсынатын тапсырмалар жасау;

  • оқытушының жеке кеңес беруі және СӨЖ-ді есепке ала отырып оқу жүктемесін қайта қарау;

  • дәріс-әңгіме, дәріс-пікірталас түріндегі дәріс сабақтарын өткізу, бұнда оқытушы жүргізуші ролін атқарса, студенттер баяндамашылар болады. Бұндай сабақтар нақты тақырып бойынша оқу құралдарынан алдын-ала өз бетімен даярлықты, оқытушымен жеке кеңесуді және қосымша әдебиеттердің қолданылуын қажет етеді.

Жалпы оқу үрдісінің өзбетімен жұмыстануға бағытталуы және оның тиімділігін арттыру, бұл:

  • СӨЖ-на бөлінетін сағат санын арттыру;

  • әрдайым кеңес, кеңес беру қызметін, тапсырмалар жинағын беруді ұйымдастыру;

  • өз бетімен пәнді меңгеруге мүмкіндік беретін ЖОО-ның оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, компьютерлік кластар) жасау;

  • зертханалар мен шеберханалардың қол жетімдігі;

  • әрдайым тексеріп отыру;

  • өздік жұмысқа көп уақыт беру және кеңс беру пункттерінде қызмет көрсету мақсатында практикалық және зертханалық сабақтардың көп бөлігін жою.

СӨЖ-н ұйымдастыру формалары. Қазіргі уақытта ЖОО-нда өздік жұмыстың бірнеше түрі бар: 1) дәстүрлі, яғни студенттің өзіне ыңғайлы уақытта, әдетте, аудиториядан тыс кезеңде, қажет болған жағдайда шеберханада немесе зертханада өз бетімен орындалатын кәдімгі СӨЖ-сы. 2) ӨЖ-тың тағы бір түрі – оқытушы бақылауымен жүретін аудиториялық ӨЖ. Оның барысында студент оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру өздік жұмысы (КӨЖ). 3) Сонымен бірге, бүгінгі таңда СӨЖ-ның үшінші, аралық түрін жасау бағыты байқалады. Бұл түрі студенттерден көбірек өзбеттілікті, тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін, кеңес беру пункттерінің болуын талап етеді және кеңестер мен бақылаулар сипатына, тапсырмалардың мазмұнына байланысты енгізілетін психологиялық-педагогикалық жаңалықтармен ерекшеленеді.
Бұл тақырыпта оқытушы бақылауымен жүргізілетін СӨЖ-ын ұйымдастырудың кейбір жақтарын қарастыруды жөн көріп отырмыз. Себебі кәдімгі СӨЖ дәстүрлі болып табылғандықтан, ол ӨЖ-тың жаңа формаларына, әсіресе, КӨЖ-на ауысуда, ал үшінші нұсқасы әлі де эксперимент деңгейінде жүріп отыр.
Коллоквиум. «Коллоквиум» сөзі латынның «collocvium» - әңгіме, әңгімелесу дегенді береді. Бұл оқу сабақтары формаларынң бірі, оқытушы білімді анықтау мақстында студенттермен әңгімелеседі. Коллоквиум бақылау-оқыту қызметін атқарады. Егер оқылатын пән 2-3 семестрге жоспарланған, бірақ қорытынды бақылау бір рет болса, коллоквиум қолданған орынды. Оны семинар орнына қорытынды практикалық сабақта белгілеуге болады. Коллоквиум білімнің меңгерілу деңгейін анықтауға сүскіндік береді, ұйымдастырушылық қызмет атқарады, студенттерді белсендендіреді, оқытушы мен студент арасында кері байланыс орнатудың формасы ретінде ұснылады.
Өзіндік жұмыстың шығармашылық сипаты.
Шығармашылық ойлау – ойлау түрлерінің бірі, субъективтік жаңа өнімнің жасалуымен және оны жасау жөніндегі танымдық іс-әрекеттің өзіндегі жаңа түзілімдермен сипатталады. Өз бетімен білімін жетілдіру – жеке адамның өзі басқаратын мақсатты танымдық іс-әрекеті; қандай да бір саладан (ғылым, мәдениет, техника, саяси өмір және т.б.) жүйелі түрде білім алу.
СӨЖ студент әрекетінде қайта өндіру және шығармашылық үрдістерді қажет етеді. Осыған сәйкес СӨЖ-ның үш деңгейін ажыратады:

  1. Репродуктивті (жаттығу) деңгейі. Жаттығу өзіндік жұмыстары үлгі бойынша орындалады: есеп шығару, кесте толтыру, сызба және т.б. Студенттің танымдық әрекеті танудан, ұғынудан, есте сақтаудан көрінеді. Мақсаты – білімді бекіту, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру.

  2. Реконструктивті деңгей. Реконструктивті ӨЖ-тарда жоспар құру, тезистер құру, аннотация жазу сынды тапсырмалар беріледі. Бұл деңгейде рефераттар орындалады.

  3. Шығармашылық, ізденіс деңгейіндегі тапсырмалар проблемалық ситуацияны талдауды, жаңа ақпарат алуды талдауды қажет етеді. Студент мәселені шешу құралдары мен әдістерін өзі дербес таңдауы тиіс.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:

  • студенттің өзі атқаратын жұмысының мақсатын айқын, саналы түсінуі;

  • жұмыстың жемісті аяқталуына сеніп, алдағы нәтижесіне қызығуы;

  • жұмысты студенттің өз еркімен орындауы;

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға төмендегідей талаптар қойылады:

  • жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, сапасын арттыруға көңіл аудару;

  • студенттердің өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

  • студент жастардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

  • өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

  • табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, нақты деректер мен құбылыстарды өздігінен талдап тұжырымдауға үйрету;

  • алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

  • өз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет етуге баулу;

  • өздігінен жұмыс істеуге, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Өзіндік жұмыс жастардың танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, сондай-ақ, өз бетінше білім жинай алу қабілеттерін дамыту барысында жетекші рөл атқарады, ойлау, сыни ойлау қабілеттерін жандыра түседі және оқып үйренуде шәкірттердің жалпы белсенділігін арттырады. Студенттердің өзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет