Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет23/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
лекция жинағы

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ұлттық спорт ойындары

  2. Ұлттық ойындар

  3. Мерекелерде ойналатын ұлттық ойындар



Лекция №12
Тақырыбы: Шығыс жекпе жектерінің шығу тарихы, жетістіктері
1. Тэквондо, каратэ спорттарына сипаттама
2. У-шу, кикбоксинг спорттарына жалпы түсінік
Таэквондо (тхэквондо) - корей халқының ұлттық спортының бір түрі. 2000 жылдан бастап олимпиадаға енгізілген таэквондоның шығу тарихы алыста жатса да, заманауи күрес жүйесі ретінде ол тек XX ғасырда қалыптасты. Таэквондода спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, атауы да соған орай қойылған: «тхэ» - аяқ, «квон» - жұдырық (қол), «до» - өнер дегенді білдіреді. Мақсаты – жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып жеңіске жету. Таэквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы, не нәрсе жасаса да, ойланып барып орындайтын адам болуы керек.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін азат етілген Кореяда күрестерге қойылған тыйымдар күшін жойды. 1945 жылдан бастап корей шеберлері Сеулге оралып, квон жүйесі бойынша жеке дара жаттығуларын жалғастыра бастады. Әрқайсысының жеке дара стилі болды. Квонды жақсы меңгергендер- Чан Му Квон , Чи До Квон, Кан Ду Квон, Сон Му Квон , Му Ду Квон.
1958 жылы генерал Чой Хон Хиге Оңтүстік Кореяның Вьетнамға баратын әскери делегациясын басқару туралы нұсқау берілген. Содан ол әскерлерге спорттың осы түрінен сабақ беріпті. Тэквондо-аяқ пен қолды шебер қимылдатудың ерекше формасы. Бұндай анықтаманы ол Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ри Синманаға берген.
Осылайша 1859 жылы тхэквондо Оңтүстік Кореяның әскери базасына алғаш рет ресми таныстырылды.
Кейіннен әскери қызметкер, генерал Чой назвал Ох До Квон бұл үрдісті шебер жалғастыра білді.1960 жылы сәуір айында Ри Синмана басқаратын үкімет құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл кезеңде елде Дж. М. Чан басқаратын азаматтық үкімет құрылған. Төңкеріс 1963 жылға дейін жалғасты.
Билік өзгергеннен кейін жаңа әскери жасақтың бастығы генерал Парк Чул Хи кез келген күрес ойындарын дереу тоқтатты. Дегенмен 1961 жылы өткізілген конференцияда бұған спорт шеберлері қарсылық танытты. Наразылықтың арқасында Тусудо қауымдастығы құрылды. Бұның құрамына Кореяның атлеттер одағына кірді. Алайда, әскери күрес сынды спорт түрлері үкіметтің қатаң бақылауында болды. Қауымдастық тэквондо және суот консудо и тансудо деген спорт түрлеріне қолдау көрсетті.
1965 жылы Корейскую тхэквондо ассоциясы жеке дара құрылды. Спорт шеберлері мен әскери қызметкерлер үкімет басшысы қолдау берген генерал Чойдың қалыптасқан әдістерді жаңартып ойлап тапқан жаңа формасына қарсылық білдіргендер болды Кейіннен Чой тхэквондодан халықаралық қауымдастық құрды. (ITF). Чойдың орнына келген Парк Чул Хи саяси баспананы Канадан іздеуге тырысты. Солтүстік Кореяны аралаған ол тхэквонданы Кореяның артықшылықтарының бірі деп насихаттады.
Кореяның тхэквондо қауымдастығының дамуы елдің әскери құрылымының қалыптасуына да көп көрім септігін тигізді.
1972 жылдың желтоқсан айында Кореяның тхэквондо қауымдастығы палгуэ атты жаңа форманы бағдарламаға енгізді.
1972 жылы Сеулде Куккивоннан академиялық мектеп ашылды. 1973 жылдың мамыр айында тхэквондодан алғашқы әлем чемпионаты тұсауын кесті.
Ал, 1976 жылдан бері спорттан халықаралық атқару комитеті тхэквондоны Оңтүстік Кореяда ресми спорт деп мойындады. Кейіннен WTF Монреалда (Канада) халықаралық спорт федерациясының басты қауымдастығында тізімге тіркелді.
1960 жылы Халықаралық олимпиадалық комитет тхэквондоны спорттың «А» класының қатарына қосты. 1980 жылы 17 шілдеде Мәскеуде өткен халықаралық олимпиада комитеттің 83-сессиясында тхэквондо спорттың бір түрі деген мәртебе алып, 1988 жылғы олимпиада бағдарламасына енгізілді. Содан бері тхэквонда әлем чемпионатында елеулі орын алып келеді.
Даңқты спортшы, таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы, 6-дан иегері, Қазақстанда таеквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүрік болды. 2008 жылы Арман Шылманов Бейжін олимпиадасында қола жүлдегер болды.
Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сакталды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді ұзак, уакыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әpбip Tipi жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді Бодхидхарма Будда әpбip адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тужырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін - өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргенігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт кимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бipaқ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді
Да Мо монахтардың денсаулығының әлсіздігінен көп сағатты медитацияларға шыдай алмайтындығын байкатты, содан кейін "ар хат қолдарының 18 қимылы" атты психофизикалық жаттығулар жүйесін енгізуді шешті (архат - Оңтүстік Үндістандағы Будда пантеонының жартылай бұты). Кешен әдісі монахтардың күші мен рухын ұзақ діні лауазымдарда сутра оқу кезінде және рухани-медитациялық тәжірибе дене жаттығуларымен ауысып жатқанда, сондай-ақ аспан астындағы жолында сенімді корғаныс құралымен қызмет етуі қатаюға бейімделді.
XX ғасырға дейін Окинавада каратэ cөзi екі иероглифпен жазылатын қара сөзінің баламасы "Тян династиясын" басқаруы кезіндегі "Қытай" мағынасын білдіреді, бірақ кейде "¥лы Қытай" және тэ - "қол" түсінігін беруде кең мағынада да қолданады. XIX ғасырдың 30 жылдарының басында Сакугаваның шәкірті Сокон Мацумура Серидзи-Рю Гокону каратэ мектебін құрды ("Щаолинь стилі деп каратэ Отанды қоргау үшін"). Бұл мектеп кейіннен пайда болған Окинавалық стильдер мен мектептердің негізгі өзегі болды.
1871 жылдан бастап Жапония Окинаваға өздерінің заңын және білім жуйесін енгізе бастады, ал патшалықтың өзi автономиялы мемлекеттерден 47-ші империя префектурасына айналдырды. Бұдан баска, 1872 жылғы буржуазиялық реформалардың аркасында самурайлар өздерінің күшінен айырылды және басқа сословиялардың құқыларымен теңесті. Осы шаралардың нәтижесінде окинавалықтар мен самурайлар арасындаты соктығыстар тоқтатылды. Бірақ құпия қоғамдар сакталды әрі олардың мүшелері каратэмен және кобудомен қажырлы айналысуды жалғастырды Окинавалықтар бұлардан енді ұлттық рухқа күш беретін қайнар көзін көрді.
Осылайша Окинавада жекпе-жек өнердің астыртын дамуының ұзақ мерзімі бітті. XVII ғасырдың соңына карай шақыру пункттеріндегі және бұйрық беру өкілдері тэ жүйесінде айналысып жүрген Окинавалық денесі жақсы шыныққан шақырылдарғандарға көңіл бөлді. Бұл тексерудің корытындыланған берілгендері Окинаваның кейбір оқу орындарына эксперимент тәртібінде Каратэні оку пәні ретінде енгізу негізделді.
Жапондық каратэ ассоциацясы 1955 жылы негізделді, оның құрметті президенті Г.Фунакоси болды. 1957 жылы өткізілген каратэның бұл жапондык чемпионатынан бастап осы ежелгі ұрыс өнерінің жаңа спорттык өмipi басталады. Каратэның танымалдылығының өсуімен байланысты әрі алуан стильдердің бipiгy әрекеті және каратэның олимпиядалық мойындауға қол жеткізу үшін күрес басталды.
1965 жылы каратэның Еуропалык Одағы құрылады (EKU). Президенті болып Жак Делькур (Франция) сайланады. 1966 жылдан бастап каратэден Еуропа чемпионаты жыл сайын өткізіліп келеді.
1969 жылы Ж.Делькур және жапон миллиардері сол кезде каратэның жапондық федерациясын басқарған Сасагава 1970 жылы Токиода болған каратэден 1-ші әлемдік чемпионатын өткізу туралы келісім-шартқа қол қояды.
Осы чемпионатта 33 елдің өкілдерінің конгpeci каратэны ұйымдастырудың дүние жүзілік одағын (WVKO) құру туралы шешімді қабылдайды. Қазіргі уакытта WVKO дүние жүзілік каратэ федерациясы WKF болып қайта құрылды.
1976 жылы WVKO құрамынан Сетокан стилінің әйгілі шебері өзінің дәстүрлі жеке каратэ ұйымын (ITKF) құрған Нишияма Хидэтаки шықты және олимпиадалық ойындарда каратэны жеке өзін ұсыну құқық үшін күресті бастады. Бұл шебердің беделі мен әcepi жоғары болғаны сонша дүние жүзілік каратэ екі лагерьге бөлінді. Халыкаралық Олимпиадалық комитет Каратэны мойындауды екі ұйымның бipiryi шартымен қойды. Нишияма мен Делькур арасындағы келісімге келу 20 жылдан астам уакытқа созылды.
1998 жылы желтоқсанда EKF және WKF президенті Антонио Еспиноза (Испания) сайланғаннан кейін Халықаралық олимпиадалық комитет WKF-ты мойындады, каратэ 2020 жылы Токиода өтетін Олимп ойындары бағдарламасына енгізілді.
Каратэден жарыс ерлер мен әйелдер арасында екі негізгі бөлім бойынша өткізіледі.
1. Кумитэ - спортшыларды негізгі тәртіппен соққы беруде жіберілетін байланыс сатысын анықтайтын жекпе-жегі. Спортшылар бірнеше салмақ категориясында жеке және командамен сайысады. Жеңімпаз жинаған ұпайлары бойынша анықталады.
2. Ката (жапонша "форма") – дәстурлі каратэ тәсілдерінің техникалық кешені, олардың орындалуы тұрақты критерилерімен бағаланады. - Жеңімпаз орындалу формасы мен сапасына қарай анықталады. Сайыс жеке және командалық түрде өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет