Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет31/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Шайбалы хоккей шайбамен мұз үстінде ойналатын командалық спорт ойыны. Шайбалы хоккейдің отаны — Канада. Канаданың табиғат жағдайы қазіргі хоккейдің дамуына үлкен әсер етті. 1879 жылы Монреаль университетінің студенттері хоккей ережесін жазды.
1908 жылы Шайбалы хоккейден бірінші халықаралық турнир Францияда өтті әрі сол жылы халықаралық лига құрылды. 1910 жылы Шайбалы хоккейден Еуропа чемпионаты өтті. 1924 жылы қысқы олимпиялық ойындар бағдарламасына енгізіліп, 1930 жылдан әлем чемпионаты өткізіле бастады. Шайбалы хоккей командасы 17 — 20 адамнан құралады, бірақ бір мезгілде әр командадан 6 адам ойнайды, ойыншы ауыстыруға шектеу жоқ. Қазақстанда Шайбалы хоккей 1950 жылдан басталды. Алғашқы респуб. чемпионат Алматыда өтті. Оған республиканың 6 командасы қатысты. Өскемен хоккейшілері бірінші болып еліміздің аймақтық біріншілігіне (1958) жеңімпаз атанып, КСРО халықтарының қысқы спартакиадасына (1962), РКФСР біріншілігіне (1963), “Б” (1963) және (1965) “А” класының ойындарына қатысты. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан құрама командасы қысқы Азия ойындарында 2 рет чемпион атанды (1996, НаганоЖапония, 1998, КонгвонОңтүстік Корея), қыздар құрама командасы қысқы Азия ойындарының чемпионы (2002, БусанОңтүстік Корея).
Ойын ережелері[
Шайбалы хоккей ойналатын мұз айдынының Ұзындығы 51 — 61 м, ені 24 — 30 м, айнала шетінің биіктігі 1,10 — 1,22 м етіп қоршалған алаң. Алаңның дәл ортасынан қызыл сызық (ені 30 см), әр қақпадан 18 м қашықтықтан көк сызық тартылады. Қызыл сызық алаңды екіге, көк сызық үшке бөледі. Көк сызықпен бөлінген алаңының екі шеткісін қорғаныс алаңы, ортаңғысын орталық алаң дейді. Қақпа сызығының дәл ортасына ені 183 см, биіктігі 122 см қақпа қойылады. Ойын үш кезеңде (әр кезең 20 мин.) өтеді. [1][2]
Шорт-трек (ағылш. short track – қысқа жол), хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Спортшының киімі дулығадан, қолғаптан, тізеге және балтырға киілетін сауыттан тұрады.
Шорт-трек 20 ғасырдың басында Канадада пайда болған.
1975 жылы коньки тебушілердің халықаралық одағы ISU қармағында қысқа жол жүгірістері бойынша 30 ұлттық одақты біріктірген техникалық комитет құрылды.
Ал қысқы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына шорт-трек 1992 жылы енгізілді.
Шорт-тректен жарыс былайша өтеді. Әйелдер де, ерлер де 1500, 500, 1000 және 3000 метрлік қашықтықтарда күш сынасады. Бірінші орын алған спортшы - 5, екінші орын алған спортшы - 3, үшінші орын алған спортшы - 1 ұпайға ие болады. 1000 және 1500 метрлік қашықтықтарда мәреге алты спортшы шықса, 500 метрлік қашықтықта олардың сандары төртеуден аспайды, ал 3000 метрлік қашықтықтағы бәсекеге алдыңғы үш қашықтық боынша бірінші-сегізінші орын алған спортшылар ғана жіберіледі. Ереже бойынша іріктеу және финалдық жарыстар өтеді. Жеңіске төрт қашықтықтың қорытындысында ең көп ұпайға ие болған спортшылар жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет