Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет1/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
лекция жинағы



«Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәнінен
6М01402 «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламаларына арналған
ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Шымкент, 2023ж


Лекция №1
Тақырыбы:
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе

  1. Спорт теориясының пәні, құрылымы және мәселелері
    2.Спорт теориясының негізгі ұғымдары
    3. Спорттық классификация

Кез келген ғылыми пәннің зерттеу саласы арнайы заңдылықтар


жүйесін (мысалы, табиғат пен қоғам дамуының айрықша заңдылықтар
жүйесін философия, дене заңдылықтарын физика зерттейді) зерттеу бо-
лып табылады. Осыған байланысты спорт теориясының пәні педаго-
гикалық және қоғамдық құбылыстар сияқты спорт саласында айқын-
далатын айрықша заңдылықтар жүйелерін зерттеу болып табылады.
Заңдылық ұғымы ірі құбылыстар ішінде маңызды объективті бай-
ланыстардың болуын білдіреді. Заңдылық, философиялық категория
ретінде әртүрлі деңгейде пайда болады. Жеке алғанда, оның пайда бо-
луының жалпыға ортақ, жалпы және жеке деңгейлерін бөліп алуға бо-
лады. Жалпыға ортақ деңгей табиғатта және қоғамда, жалпы деңгей –
идеологияда, мәдениетте, саясатта, спортта, ал, жеке деңгей құбылыс-
тың жекелеген түрлерінде байқалады.
Спорт теориясы ғылыми пән ретінде бес бірдей ірі мәселелерді
қарастырады:
– спорттық жаттығулар өткізу әдістемесінің мәселесін;
– спорттық жетілдіру үдерісін оңтайландыру мәселесін;
– спорттағы жаттығудан және жарыстан тыс факторларды қолдану
мәселесін;
– спорттық сайыстардың табиғатын теориялық талдау мәселесін;
– спорттың қоғамдық және педагогикалық құбылыстар ретінде
жалпы сипатымен байланысты мәселені шешумен айналысады.
Спорт теориясы оқу пәні ретінде үш бөлімнен тұрады:
– спорт теориясына кіріспе;
– спорттық сайыстардың теориясы;
– спортшыны даярлау жүйесі.
Спорт теориясының бірінші бөлімінде басталған ұғымдар, зерттеу
пәні мен әдістері нақтыланады, спорттың маңызы, оның қызметтері,
түрлері мен қызмет ету шарттары туралы айтылады.
Екінші бөлімде спорттық сайыстардың маңызы қарастырылады,
спорттық тактиканың, спорттық сайыстар жүйелерінің жалпылама сипа-
ты беріледі. Сондай-ақ спортшыны даярлау міндеттері, құралдары, әдіс-
тері мен түрлері сипатталады. Жаттығу сабақтарын өткізу әдістемесі,
жобалау, үлгілеу, іріктеу, жоспарлау, бақылау және спорттағы бағытты
қайта қалпына келтіру мәселелері қарастырылады.
Үшінші бөлімде оқу және ғылыми пән ретінде спорт теориясының
бұдан әрі дамуы, оның пәндік-әдіснамалық аспектілері, спорттың даму
перспективалары мен қоғамдағы спорттың жаңа түрлері мен қызметтері
туралы концептуалдық ұғымдар әзірлеу мәселелері қарастырылады.
Сондай-ақ спортшының сайыс кезіндегі дене және психикалық
сапаларын байқау, алғашқы спорттық бағыттар, ұзақ мерзімді мақсаттар
қою, спорт түрлерінің заңдылықтарын айқындау және спортшының
ағзасын сайыс іс-әрекетіне бейімдеу және спортшыларды даярлау
ерекшеліктері түсіндіріледі.



  1. Спорт теориясының негізгі ұғымдары
    Кез келген теорияның өзіндік негізгі ұғымы болады. Адами ойлау
    түрі ретінде негізгі ұғым зерттелетін құбылыстардың мәнін тану үшін
    амал болып табылатындарды жалпылайды, айқындайды және қалыптас-
    тырады.
    Спорт теориясының пәні «спорт», «спорттық іс-әрекет», «спорттық
    жаттығу», «спортшыларды даярлау жүйесі» және «спорттық жетістік»
    сияқты неғұрлым нақты ұғымдармен көрсетіледі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет