Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе


Тақырып: Картографиялық проекциялар. ІІ бөлім



бет11/34
Дата19.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75467
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Тақырып: Картографиялық проекциялар. ІІ бөлім.
Лекция жоспары:
4.1 Ламберт және Постельдің азимуттық проекциялары.
4.2 Цилиндрлік проекциялар.


4.1 Ламберт және Постельдің азимуттық проекциялары.
Перспективтік емес проекциялардан Постельдің азимуттық тең аралықты (равнопромежуточная) (XVI ғасыр) және Ламберттің азимуттық тең мөлшерлі азимуттық проекциясы (XVIII ғасыр) қарастыруға болады.
Постельдің азимуттық тең аралықты (равнопромежуточная) проекциясы. Бұл проекцияның қалыпты торында полюс картаның тура ортасында орналасқан, меридиандар полюс нүктесінен тік сызықтар түрінде, ал параллельдер шеңбер доғалары түрінде болады (сурет 4.1).

Сурет 4.1 Постельдің азимуттық теңаралықты (равнопромежуточная) проекциясындағы қалыпты картографиялық тор.

Тор салудың негізгі шарты бас масштаб меридиан бойынша өзгермейді. Бұл шарт көршілес параллельдер арасындағы меридиандар кесінділері арасындағы қашықтықтар бірдей және ол кесінділер меридиандардың тіктелген (выпрямленные дуги) доғалары болғанда орындалады. Бұл кесінділердің қашықтығы төмендегідей формула бойынша есептелінеді:


АА1 =
мұнда, R – Жердің орташа радиусы, Δφ – көршілес параллельдер арасындағы ендік бойынша айырмашылығы, М – картаның бас масштабының бөлімі (көрсеткіші) (знаменатель).
4.2 суретте Постельдің азимуттық тең аралықты (равнопромежуточная) проекциясындағы көлденең картографиялық торы, ал 4.3 суретте осы проекцияның қисық торы көрсетілген.

Сурет 4.2 Постельдің азимуттық сурет 4.3 Постельдің азимуттық тең аралықты
тең аралықты (равнопромежуточная) (равнопромежуточная) проекциясындағы
проекциясындағы көлденең картографиялық қисық картографиялық торы.
торы

Жоғарыдағы проекциялардың барлық варианттары (қалыпты, көлденең және қисық тор) бұрмалану бөлістіріунің жалпы сипатына ие болып келеді. Барлығында нөльдің бұрмалану нүктесі картаның ортасы болып табылады. Қалыпты проекцияда ол полюске сәйкес, көлденең проекциясында экватор мен орта меридианның қиылысқан жерінде, ал қисық проекцияда экватор мен полюстің арасында орта меридианда орналасқан.


Бұл проекцияда ұзындықтардың масштабы нөлдік бұрмалану нүктесінен радиустар бойынша өзгермейді, радиустарға перпендикулярлы болып келетін бағыттар бойынша бұрмалану орталықтан картаның шеттеріне қарай шамамен 1,5 есе өседі. Постельдің проекциясында аудандар мен бұрыштар картаның ортасында 1 ден картаның шеттеріне қарай 1,57 дейін маңызды бұрмаланады. Жалпы Постельдің азимуттық проекциясы еркін проекцияларға жатады. Бұл проекция XVI ғасырда жасалынған.
Бұл проекцияда қазір Арктика мен Антарктиданың карталары жасалынады, ертеде мұндай проекцияны батыс және шығыс жарты шарлар карталары үшін пайдаланған.
Ламберттің тең мөлшерлі проекциясындағы негізгі шарт тең мөлшерлікті сақтау. Ол үшін параллельдер арасындағы меридиандар доғалары кесінділерінің ұзындығы бір-бірінен айырқша болу қажет. Проекцияның барлық варианттарында нөлдік бұрмалану нүктесі картаның ортасында болады (сурет 4.4).

Сурет 4.4 Ламберттің тең мөлшерлі (равновеликая) азимуттық проекцияларындағы картографиялық тор: А – қалыпты, Б – көлденең, В – қисық. ТНИ – нөлдік бұрмалану нүктесі – точка нулевых искажений

Ламберттің проекциясы XVIII ғасырда ұсынылған. Қазіргі таңда Ламбертің көлденең азимуттық проекциясында материктер карталары жасалынған, мысалы Африка үшін көлденең картографиялық тор, ал басқа материктер үшін қисық картографиялық тор қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет