Лекция 14-15. Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары


Ағымдағы лекциялық материалдарды оқуға



бет6/15
Дата31.12.2021
өлшемі421,83 Kb.
#23870
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Ағымдағы лекциялық материалдарды оқуға студенттер көбіне аса мән бере бермейді, нәтижесінде тек қана лекцияға ғана қызығушылығы жоғалмайды оның жалпы пәнге деген қызығушылығы төмендейді және болашақ педагог мамандығының мәнін түсінуден қалады. Мұнда студент өз мамандығында қадірлеуден қалады. Нәтижесінде тиянақсыз таяз білім қалыптасады. Студент оқуға деген ынтасын жоғалтады. Біртіндеп ол «үштік» бағаға бейімделеді, бүкіл мүмкіндігіне деген сенімсіздік пайда болады.

Осындай жауапкершілігі жоқ студент өзіне ғана емес достарына да кесірін тигізеді. Ол оқу процесін оқытушының негізгі, білім деңгейін қалыптастырудағы мақсат міндетіне нұқсан келтіреді. Өйткені, ең жақсы деген профессордің өзінің лекциясының шығармашылыққа арналуы қиындайды, өйткені ол аудиторияны сезінуден қалады, онда студент жалығып отырғанын сезінеді, оның өзін түсінбей отырғанын байқайды.

Жүйелі түрде лекциялық материалдарды оқып отыру тек қана жоғарыдағы келеңсіздіктерді ғана жойып отырмайды. Ол студентке кітаппен жұмыс істеу дағдысын меңгеруге көмектеседі. Кітап ешқандай лекцияны ауыстыра алмайды. Мұндай алмастырулардың болмау себебі, лекцияда оқу материалдары толық болмағандығынан емес, онда студент оқытушымен бірлесе жұмыс атқарса, кітаппен өз бетімен жұмыс жасайды. Конспект кітаппен жұмысты жеңілдетеді. Лекциялық материалдарды өңдеу барысында студент конспектіні қолдана отырып, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді. Мұндай оқу барысы студенттің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, бір жағынан лекциядағыбелсенділігін арттырса, екінші жағынан лекцияның шығармашылыққа айналуын қамтамасыз етеді.

Белсенді студенттер аудиториясы лектордың шығармашылық потенциалын арттырады, бүкіл оқу процесіндегі лекция сапасын көтеруге көмектеседі.

Студенттердің өзбетінше жұмыстарының келесі маңызды жұмыстарының бірі-ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бастапқы кезеңде студент үшін күрделі процес болып көрінеді. Десекте, студенттердің ғылыми конференцияларының біріне қатысу барысында – ақ олар бұл жұмыстардың көпшілік сипат алатынына және әрбір студент үшін меңгеруге тұрарлық екеніне көздері жетеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет