Лекция 9 Л54 Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері : «Аударма ісі»



бет7/8
Дата10.12.2023
өлшемі33,98 Kb.
#136821
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9 лекция Сравн 1-2к

3) Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы; ”адам - тіл” қатынастарын (адамның зейінін, жігерін, ниетін т.б.) зерттейді, яғни сөйлеу үрдістерін зерттейтін ғылым. Ол сөйлеу үрдісін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі адамның жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Психолингвистика психологиялық эксперимент арқылы сөйлеу қызметінің үлгісін жасап тексереді. Бірқатар практикалық мәселелердің теориялық мәнін түсіндіру үшін таза лингвистикалық тәсілдер жеткіліксіз. Ол үшін психолингвистиканың тәсілдерін қолдану қажет. Психолингвистика мынадай мәселелерді шешеді: шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі, авиция мен космостық психология, криминалистика мен машина аудармасы мәселелері және т.б. Психолингвистика термині 1954ж. бастап қолданылып келеді (АҚШ);
4) Этнолингвистика (грек. ethnos – ұлт) немесе лингвомәде- ниеттану ”тіл-мәдениет” қатынастары жөніндегі ілім. Мәдениет дегенде біз белгілі бір ұлттың материалдық және рухани өміріндегі ерекшеліктерді түсінеміз. Мұндағы назар аударатын нәрсе – ұлттық спецификалық лексика мен ұлттың материалдық (тамақ, киім,үй, шаруашылықты жүргізу) және рухани (дін, мәдениет, салт-дәстүр) қажеттілігін бейнелейтін фразеология. Сонымен этнолингвистиканы «халықтардың тұрмыстық және мәдени ерекшеліктерін, олардың қалыптасуы, орналасуы және тарихи-мәдени арақатынасын зерттейтін этнографиямен лингвистика арасындағы кешенді ғылым» деп анықтауымызға болады;
5) Әлеуметтік лингвистика (лат. soci (etos) қоғам, фр. lingua - язык) – ”тіл-қоғам” қатынастары жөніндегі ілім. Әлеуметтік лингвистика тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының аралығында туып дамыған тіл білімінің саласы. Онын негізгі объектісі – тілдің функционалды қызметін зерттеу. Қоғам құрамы жағынан біртекті емес, ол әр жастағы, әр түрлі мамандық иелерінен, әр түрлі саяси топтағы адамдардан тұрады. Олар өз тобының ішінде қарым қатынасқа түсу үшін өздеріне тән тілді қолданады (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, жаргон, арго, кәсіби тіл т.с.с.). Әрбір нақты қоғамда оның әлеуметтік-экономикалық құрылымына байланысты тілдер бірнеше қызмет атқаруы мүмкін: ең аз мөлшерде (жанұядағы тіл) және ең көп мөлшерде (халықаралық қатынас тілі). Әлеуметтік лингвистиканың ең басты мақсаты – әлем тілдерінің функционалдық типологиясын беру (олардың қызметінің саны бойынша). Сонымен қатар әлеуметтік лингвистика мемлекеттің тіл саясаты мен тілдік жағдайын, қоғамдағы екі тілділік пен көптілділікті, аз ұлттар тіліне көзқарас, мемлекеттік тіл мен ресми тіл мәселелерін зерттейді;
6) Ареалды лингвистика (лат. area – аудан, кеңістік) – лингвистикалық география тәсілдері көмегімен тіл құбылыстарының кеңістікте тарауын және тіларалық (диалектаралық) қарым-қатынастарды зерттейтін тіл білімінің бөлімі. «Тіл-территория» қатынастарын зерттейді. Ареалды лингвистиканың негізгі мақсаты – тіл ерекшеліктерінің жергілікті тарауы мен изоглосстардың түсіндірілуі (географиялық картадағы белгілі бір тілдің таралу аймағын көрсететін сызықтар). Соның нәтижесінде тілдер мен диалектілердің өзара байланыс аймақтары (ареалдар) айқындалады. Ареалды лингвистика термині 1925 ж. пайда болды. Оны лингвистикаға енгізген М.Бартоли. Ареалды лингвистика лингвистикалық география, диалектология пәндерімен тығыз байланысты. Ареалды лингвистиканың негізгі ұғымы – тілдік немесе диалектілік ареал, яғни бөлек тіл құбылыстарының өріс алу шекаралары мен олардың жиынтығы (мыс.: түркі, славян, үндіеуропалық ареал);
7) Паралингвистика (грек. para – қасындағы, маңындағы және лингвистика) хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сонымен, паралингвистика – ”тіл – тілдік қатынастың вербалды емес белгілерін” зерттейді. Паралингвистикалық тәсілдердің үш түрі бар.Олар 1) кинетикалық, яғни, қимыл, поза, бет қимылы; 2) фонациялық, яғни дыбыстық (тембр, темп, дауыстау, кідіріс, әуен, диалектілік айтылу ерекшеліктері); 3) графикалық (әріптерді жазу – почерк, символдар және т.б.). Сөйлемдегі сөзге қатысты паралингвистика құралдары үш түрлі қызмет атқарады: қосымша хабар жеткізеді, сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге қолданылады. Паралингвистика термині 1940ж. бастап қолданылады (А. Хилл енгізген). Жоғарыда тоқталып кеткен сыртқы лингвистиканың бөлімдері бір қарағанда бір бірімен байланыссыз, жүйесіз көрінеді. Шындығында олай емес. Сыртқы лингвистиканың барлық салаларын бір бірімен байланыст екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тілдің адаммен байланысын көрсететін бөлімдерін: биолингвистика, танымдық лингвистика және психолингвистиканы жатқызуға болады. Олардың бәрі тілдің қолданысын адамның ойлау категориясымен және психикасымен байланыстырады. Бұл топты танымдық лингвистика немесе танымдық тіл білімі деп атауға болады. Ал екінші топты экономикалық, саяси және мәдениетаралық қызығушылықтары ортақтығы негізінде байланысқан сыртқы лингвистиканың бөлімдері құрайды. Олар әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, паралингвистика және ареалды лингвистика. Бұл бөлімдерді жалпы атпен экстралингвистика деп атауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет