Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Лекция 13. Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі



бет56/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
Лекция 13. Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі.
Өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі. Гүл.

Жабық тұқымды өсімдік өсімдіктер әлемінің өте күрделі құрылысты өкілі. Ол эволюциялық даму барысында тіршілікке бейімделудің әбден кемеліне жетіп, құрылымдық жағынан болсын және физиологиялық жағынан болсын сан алуан икемділігін бастарынан өткізген тіршілік иесі. Соның нәтижесінде мұндай өсімдіктер гүл, жеміс сияқты мүшелер пайда болып, жер шарына өте кең таралған.


Гүл — жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге кажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүлде жеміс жапырақшаларының (мегаспорофиллдердің) жиегі кірігіп тұқым бүрлері орналасатын тұйық қуыс — жатын ұясы бар. Стробилде тұқым бүрлері жеміс жапырақшаларында ашық жатады. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мен мегаспорофилдер (жеміс жапырақшалары) бірдей. Ал ашық тұқымдылардың стробилдері дара жынысты. Гүлде гүл қөршауы болса, стробилде ол жоқ.
Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пай­да болады, сөйтіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты жолымен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс процесі өтеді.
Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.
Гүлдің негізгі бөліктеріне – гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады. Гүл шығатын буында орналасып оны қолайсыз жағлдайдан қорғап, жауып тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды.. Бұл әдетте біреу ғана кейде бірнеше болуы мүмкін (105-сурет).
Өркен бүйіріндегі гүлдің жабын жапыраққа, яғни сыртқа қараған бетін — алдыңғы (астынғы, абаксиалдық) жағы, ал керісінше оның ішінде, яғни өркен сабағына қараған бетін артқы (үстіңгі, адаксиалдық) жағы дейді.
Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары — сағақты гүл, сағағы жоқтары — сағақсыз немесе қондырмалы гүл.
Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара жарнақтыларда), кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ жапырақшалар орналасады, олар гүл жапырақша деп ата­лады. Бұл өсімдіктердің осы екі тобынын негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып есептеледі. Өсімдік гүлінің құрылысын симметрия тұрғысынан алғанда әр түрлі. Симметрия — гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып, бойлата тартылған сызықтық екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет