Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


- с у р е т. Гүлдін құрылысы меи диаграммасы



бет57/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
105 - с у р е т. Гүлдін құрылысы меи диаграммасы:
1 - гүлдің өсі - сабақ; 2 - гүл жапырақшалары; 3 - тостағанша
жапырақшалары; 4 - күлте жапырақшалары; 5 - аталық; 6 - аналық;
7 - гүл жапырақ (жабын жапырақ).

Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіңдей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, қалампырдың, наурызгүлдің, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т. б. өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған қапустаның, серігүлдің және т. б. гүлдері жатады. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетің болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл неме­се бұрыс гүл деп атайды. Мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі, тегеурінгүлі, бәрпі және т. б. Егер күлте арқылы бір де сызық жүргізуге келмейтін бол­са, ондай гүлді ас-иметриялы гүл немесе симметриясыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана және т.б. гүлдері. Гүл кіндігіне орналасқан тостағанша мен күлтені гүл серігі дейді.


Гүл серігінің болуына немесе болмауына, сол сияқты оның құрылымыңа байланысты гүлдердің төмендегідей кейіптерін ажыратады: I) гомохламидті. Гүл серігі қарапайым, жапырақшалары бірдей және олар серіппе тәрізді орналасқан, саны өте көп, тостағанша немесе күлте тәрізді (магнолия, жарық гүл, лала гүл); 2) гетерохламидты. Гүл серігі қос қабатты, яғни өсімдік гүлінің құрамыңда тостағаншасы мен күлтесі бірдей кездеседі (қалампыр, қоңыраубас, бұршақ); 3) гатохламидты немесе монохламидты. Гүл серігінің жапырақшалары бір ғана шенбер түзеді, тостағанша тәрізділер жиі кездеседі (қалақай шегіршін, алабота); 4) ахламидті. Гүл серігі болмайды, мұндай гүлді жалаңаш гүл деп атайды (шетен, тал).
Егер бір гүлдің құрамыңда аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қос жынысты гүл, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана кездессе, оны дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, ал тек аналығы ғана бар гүл аналық гүл. Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлі, екінші жеріңде аталық гүлі өссе, бір үйлі өсмідік (жүгері, қияқтың кейбір түрі, кайың, емен, асқабақ тағы басқалар), ал егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді, (тал, бәйтерек, көк терек, жаңғақ, сора, қымыздық т. б.). Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдер мен дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктерді көп үйлі немесе көп некелі (полигамды) өсімдік деп атайды (үйеңкі, қарамықтар және т. б.).
Гүл бөліктерінің орналасуы. Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері шеңберленіп орналасады. Әсіресе кең тарағандары 4-5 шеңбер құратындар. Бұларды пентациклді (грекше «пента» - бес.) және тетрациклді (грекше «тетра» - төрт) гүлдер деп атайды. Пентациклді гүлдер лалагүлділер, амариллис, калампыр, қазтамақ тұқымдастарына тән; ал тетрациклді гүлдер жыланқияқтар, орхидейлер, қаражемістер, бересклеттер, сабынкөктер, ерінгүлділер тұқымдастарына тән. Әр шеңберінде гүл бөліктерінің саны әр түрлі болуы мүмкін. Дара жарнақтыларда үш бөліктен, ал қос жарнақтыларда бес бөліктен, сирек терт бөліктен (крестгүлділерде, көкнәр тұқымдасында) тұратын гүлдер кездеседі. Мысалы, көп аналықтыларда (мангнолия, сарғалдақтар) гүл бөліктері серіппе тәрізді орналаса­ды. Мұндай жағдайда, әдетте, гүл серіктерінің жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді. Осыған бай­ланысты серіппе тәрізді (ациклді), және циклді, гемициклді гүлдер деп ажыратады. Соңғысында гүл серіктері циклді, аталықтары мен аналықтары серіппе тәрізді орналасады (сарғалдақ) немесе тостағаншасы серіппе тәрізді, ал гүлдің қалған бөліктері циклді (итмұрын). Осыған байланысты төмеңдегідей эволюциялық бағыт белгіленген: ациклді гүл бес бөлімді полициклді бес бөлімді пентациклді бес белімді тетрациклді; ациклді гүл үш бөлімді полициклді, үш бөлімді пентациклді, үш бөлімді тетрациклді гүл. Сонымен серіппеліден циклді гүлге өту біртіңдеп жүреді, тіпті сол циклді гүлдердің өзінде тығыздалған серіппені байқауға болады.
Гүл серігі. Серігі, тостағаншасы мен күлтесі бар гүлді, қос қабатты гүл деп атайды. Кейде тостағаншасы бар, бірақ күлтесі жоқ, не керісінше, күлтесі ғана бар, тостағаншасы жоқ, гүлді жалаң қабатты гүл дейді. Тастағанша өсімдік түріне қарай кейде өзара кірігіп кетсе, кейде (бірнеше жеке жапырақшадан тұрады, олардың әрқайсысын тостағанша жапырақша деп атай­ды, мүның түсі жасыл болады және ол гүлдің басқа бөліктеріне алғашқы кезде қорғаныш кызметін атқарады. Кейде тостағанша тек гүл шанағын ғана қорғайды, содан кейін ол түсіп қалады. Мысалы, көкнардың екі тостағанша жапырақшасы, ал кейде жемістің жанында өседі де, пісу кезеңінде оған қорғаныш қызмет етеді. Мысалы, ерінгүлділерде осындай, кейде тостағанша түрін өзгертіп. қанат тәрізденіп өседі де, жеміс тарату қызметін атқарады. Мысалы, күрделі гүлділерде жемістің желмен таралуына айдарша түкті тостағанша (бақбақ, қойжелкек) әсер етеді. Кейде тостағаншаның күлте сияқты ашық түрлі түсті болып келуі де мүмкін. Мысалы, тікенекті ксерофит Aсon tholimon. Мұның тостағаншасы ақшыл, күлтесі кызғылт, өте әдемі көрінеді, ал Түрікменстан мен Кавказда кездесетін Hymen-ocroter ерінгүлділер тұқымдасына жататын бұталы өсімдіктің тостағаншасы қызыл, күлтесі күлгін болып келеді. Тостағанша жапырақшалары жоғарғы жапырақтардан шыққан, оған дәлел олардың бір-біріне байланыстылығы және морфологиялық, анатомиялық құрылымыңан ұқсастығы.
Тостағаншаның астында бір-біріне жақын жамылғы тәрізді орналасқан үш жапырақты көреміз, олар да тостағанша жанырақшалары тәрізді, бірақ ірі.
Гүл серігінің екіншісі — күлте. Күлтенің тостағаншадан айырмашылығы.желектері ірі, реңі өсімдік түріне қарай алуан түрлі, ашық түсті болып келеді. Күлте де тостағанша тәрізді, кейде кіріккен, кейде дара бөліктерден тұрады, олардың әрқайсысын желек немесе күлте жапырақша деп атайды, бұлардың саны көбінесе сол өсімдіктің түрі үшін тұрақты болады.
Кіріккен желекті күлтелердің кірігіп кеткен бөлігін түтік, ал оған перпендикуляр орналасқан енділеу бөлігін ернеу деп атайды. Түтіктің ернеуге өтетін жерін езу дейді. Кейде күлте ернеуі анық көрінбейді (қоңыраугүлділерде), онда күлте түтікпен тісшелерден тұрады. Тісшелердің саны күлтенің неше желектен тұратынын білдіреді.
Күлте ернеулерінде түрлі қабыршақтар қорғаныштық, ал күлте жапырақшасының қабыршақ, тісше түтікше сияқты өсіндері (калампыр) өзіне тозаңдатқыштарды тартатын қызмет аткарады. Күлтелерді түтіктерінің ұзыңдығына байланысты долихоморфты, мезоморфты және брахиморфты деп жіктейді (грекше «долихос» — ұзын; «мезос» — орташа; «брахис» — қысқа). Түтіктің ұзаруы ерекше тозаңданатын өсімдіктерде анық байқалады.
Гүлдің симметриясы әдетте күлтенің кұрылысына байла­нысты. Актиноморфты күлтелер, әсіресе қарапайым ұйымдасқан мысалы, сарғалдақтар, калампырлар, лалагүлділер сияқты тұқымдастарға тән. Кейбір аса дамыған тұқымдастарға шатыргүлділер, ойраншөптер, қоңыраугүлділер мен кейбір күрделігүлділерде де (түтік гүлдер) осындай күлтелер кездеседі. Насекомдармен тозаңданатын көптеген жоғары ұйымдасқан тұқымдастар зигоморфты болып келеді. Бұл жағдай гүлдің эволюциясында анық байқалады. Мысалы, қарапайым ұйымдасқан сарғалдақтар тұқымдасының өкілдері тегеурінгүл мен бәрпі зигоморфты күлте тәрізді гүл серігі көрінеді. Кірікпеген зиго­морфты күлтелер бұршақтар тұқымдасында кеңінен тараған, бұлардың құрылысы өзгеше, оның жоғарғы үлкен күлте жапырақшасы — желкен, екі бүйір жапырақшалары — ескек және төменгі екі жапырақшаның кірігіп өскен бөлігі — қайықша деп аталады. Кірікпеген зигоморфты күлтелерді шегіргүлде көреаламыз. Көптеген зигоморфты гүл құрамыңа тегеурін тән. Тегеурін күлтеден не жай гүл серігінің жапырақшаларынан пайда болады.
Тегеурін алғашқыда қалташа тәрізді томпайып шығады да кейіннен ұзарып өседі. Филогенетикалық жағынан тегеуріннің алғашқы сатысын есінектен, ал нағыз тегеуріннің өзін осыған жақын туыс сиякөктен көреміз (106-сурет. 2).
Гүл тегеуріні гүлде шырын бөлетін ерекше мүше шырындықтардың болуымен тығыз байланысты. Шырыңды күлте желектерінің негізінде гүл

106-сурет. Есінек жәие сиякөк 107-сурет. Тозаңқаптың көлденеңіен


гүлдері: 1-есінек гүлі күлте негіз- кесіндісі: А-бір тозаң ұясы; Б-жарылған
інің қалталанып ісініуі; 2-сиякөк- тозаңқап; 1-эпидерма, 2-эңдотеций
тің тегеурін гүлі. (фиброады қабат), 3-аралық (ыдырайтан)
қабат, 4-тапетум, 5-археспорий
(спорогенді ұлпа); 6-тозаңдар.
табанында, аталықтарда және т. б. болатын безді ұлпалар (шірнеліктер) немесе
гүл тегеурінінің қабырғасы бөледі. Шірнеліктерде қант (25—75%), аз мөлшерде органикалық және бейорганикалық қосылыстар болады. Шірнеліктер насекомдарды өзіне тартатын тәтті шірнені бөледі, әрі гүлге хош иіс береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет