Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет27/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.

19-20 лекция. Студенттің құқығы мен міндеттері



  1. Студенттің құқығы мен міндеттері туралы ҚР заңдылықтары

  2. Студенттер тобы – студенттермен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының орталығы

  3. Студенттік өзін-өзі басқару

Студент латынша - Student - шұғылданушы, оқып білуші, үйренуші/ -Қазақстаңда жоғары оқу орнының оқушысы. Ежелгі Римде таным процесімен айналысқан адамдарды "Студент" деген. Қазір бұрыңғы арнаулы орта білім беретін оқу орындарында, қазіргі колледждерде оқушыларды да "студент" деп атайды.


Студенттер-жастардың шығармашылық, танымдық-ізденімпаздық қабілеті жоғары, өзін қоршаған әлеуметтік орта, қоғамдық болмыс туралы өзіндік ішкі ой-пікірлері жүйелі түрде қалыптасып келе жатқан алдыңғы қатарлы тобы. Сондықтан да болар, кез-келген қоғам үшін студенттер оның ақылдылық, ойшылдың потенциалын үнемі толықтырып отырар қайнар бұлақ көзі болып табылады. Демек, студенттердің алған білімдерінің сапасының жоғарылығы, әлеуметтік-адамгершілік тұлғаларының беріктігі, кәсіптік біліктіліктері мен рухани жан дүниелерінің байлығы қоғамның ілгері қарай прогресстік жолмен қарыштап дамуының кепілдік-тұтқалық сүйеніші болады.
Жоғары білім берілетін негізгі субъект, бұл жоғары оқу орнында оқитын студент. Жеке өзінің өтініші бойынша, ректордың бұйрығымен жоғары мектептің кәсіптік-білім бағдарламаларын меңгеру мүмкіндіктерін бағалау негізінде оқуға алынған адам жоғары оқу орнынын студенті болады. Әлеуметтік қарым-қатынаста студенттік шақ, бұл жастардың әртүрлі топтарынан өздерінің жаңа ортадағы бөлек бір топқа, зиялы қауымға ету кезеңі болып есептеледі.
Студенттер жастардың негізгі бір бөлігі. Сондықтан да болар, оларға жоғары оқу орнында білім алу процесінде қалыптасқан ерекше сапалармен бірге, жалпы барлық басқа жастар сияқты көптеген қасиеттер тән. Мысалыға, арман, мұратқа жетуте ұмтылу, өзін ержеткендік дәрежесінде көрсету т.б. Ал, бірак, кейбір жастардың оған ер жету рухы, білімі, мәдени деңгейі сияқты ықыластары жетіспей жатады. Кейбір адамдардың кешегі жасөспірімнен, ер жетуге дейінгі қалыптасу кезеңі (шағы) ұзақ уақытқа созылады. Шындыққа, әділдікке, жақсылыққа - деген игілікті де, асыл мұраттар мен қайырымдылықтарға ұмтылу жастарға тән. Бірақ бұл ерлікті, күшті, жігерді және жоғарбі рухани ой мен ниеттерді талап ететінін естен шығармауымыз керек. Шындығында, өнегелі өмірдің басы болып саналатын шындық, әділдік, жақсылықтар - әр уақытта қорғауды қажет ететіні, оның қарсы тұра алмауынан емес, әшейін оларға қарсы тұратындардың өздеріне ылайықсыз, теріс тәсілдер мен амалдарды қолдануы арқасында толық жеңе алмаса да, уақытша басым болып кетуінен шығады. Шындық үшін күрес, тек қана таза, шын жүректен шыққан ұмтылыспен ғана емес, сонымен бірге білімді, тәжірибені, ақыл-ойдың жетілуін, ерік-жігерінің беріктігін және адамзаттық тұрғыдан мінсіз болуын талап етеді.
Жоғары оқу орнында болашақ маман тар көлемді мамандық иесі ретінде ғана емес, қоғамның - педагог, азамат ретінде де қалыптасады. Студенттердің ерекше бағалы сапасы мен құндылықтарын дамытатын құнарлы ортасы - олардың бастауыш ұжымы болып саналатын студенттік топ. Нағыз ұжым бірден құрылмайды. Студенгтер жоғары оқу орнын бітіргенше студенттік топ нағыз ұжым болмайтын жағдайы да кездеседі. Мұндай жағдайда болашақ мамандардың кәсіптік-педагогикалық даярлығы мен азаматтық бағыты едәуір ойсырайды. Кез-келген бастауыш ұжым секілді студенттердің бастауыш ұжымы да бір мақсатқа, біріңғай ұжымдық пікірге жұмылдырылуы, ұйымның және тату болуы, қоғамға пайдалы жұмысқа белсене қатысуы тиіс. Мұндай ұжымда студенттер оқуын ғана емес, бос уақытын да ойдағыдай өткізеді. Ұйымның студент ұжымы оқушылар ұжымының үлгісі іспеттес, ертең олар жоғары оқу орнын бітіргенде де мектеп ұжымының немесе т.б. ұжымдардың ұйтқысы бола алады.
Оқу тобының бірқатар қызметін өндіріс ұжымымен салыстыруға болады. Мұнда студент ынтамақтасу, бірлесіп оқу, қоғамдық тұрмыс нормаларын тану тәжірибесін алады, өзін жете сезіне біледі, т.б. Бастауыш ұжым - бұл негізінен алғанда жеке адамдардың өзара қатынасу жүйесі (іскерлік, жолдастық, достық). Ұжым-жеке студенттері - болашақ оқытушының, мұғалімнің, жаттықтырушының қалыптасуының нағыз, шын қозғаушы күші, ал оның езі кең ұйымдық дербестікке, өз бетінше әрекет етуді өрістетуге негізделуі тиіс. Студенттік топтардың қызғылықты, мазмұнды және тату өмірі топтағы әркімнің жеке көпшіліктің, жетекші мен қарапайым мүшесінің күш-жігерімен құрынады.
Дене тәрбие мұғалімінің оқушылармен, ата-аналармен, еңбек ұжымдарымен қарым-қатанастар жайлы білу тәжірибесі, сондай-ақ ұйымдастырушының іскерлігі мен дағдысы ой бірлік қажеттілігі. Мұғалім әрқашан лектор, үгітші, әрі насихатшы болуы, ұжымды басқара білуі, қоғамдық ұйымдардың белсендісі болуы тиіс. Ол біреудің қол астында жұмыс істей-білуі де, кезі келсе басқара да білуі керек. Мұндай аса қажетті тәжірибені жоғары оқу орнының қоғамдық қызметі арқылы ғана ала алады.
Осыған байланысты мынадай нақты кеңестер беруге болады:
1. Қоғамдық тапсырманы болашақта мектеп және спорт мектебі, сондай-ақ тағы басқа ұжым қызметіндегі тәрбиешілікке немесе басшылық етуге қажетті аса маңызды әлеуметтік рөлді меңгерудің қайталанбайтын мүмкіндігі ретінде қарастыру.
2. Бір ғана міндет деңгейінде қалып қоймай жаңа, едәуір күрделі қоғамдық жұмыстарға белсене араласу.
3. Егер алғашқы сәтте қоғамдың міндет ұнамаса, өз сезімінді ынталандыруға тырысу.
4. Мүмкіндігіне қарай кәсіптік-педагогикалық даярлығынды қоғамдық жұмыспен байланыстыру.
5. Бастауыш ұжым, тіпті жоғары оқу орны аясында ғана тұйықталып қалмай, республикадағы, облыстағы, қаладағы және ауылдық жердегі насихат, еңбек, спорт т.б. клуб жұмыстарына батыл араласу.
6. Әрбір қоғамдық міндетті басқара және өзі бағына білу мектебі ретінде қарастыру және де берілген бұйрықты орындай алмаған адам ештеңе бітіре алмайтындығын есте сақтау.
7. Студенттердің еңбек бірлестіктеріндегі және жастардың педагогика топтарындағы жұмыстарға кәсіптік және азаматтық қалыптасуының таптырмас құрамы ретінде қарау.
Студент жастардың арасында даулы-дамайлы ортаның арасында өмір сүретін, қоғамдық ой-өрісі таяз, кербілте, жағымпаз, жарамсақ, әділетсіз, жағымсыз, қарсы тұра алмайтын қара күші бар жеке тұлғалар кездесіп тұрады. Оларды қоғамдық жұмыстар қызықтырмайды және олар басқалар ойлансын, солар жұмыс істесін деп ойлайды.
Қайсібір, басқа жастар ұжымына қарағанда, студенттік ұжымның өзінің ерекшелігі бар. Себебі, олардың мына төмендегі жалпы жақын арада орындалатын мақсаттары бір. Жоғары білім алу, жоғары мамандандырылған маман иесі болу; оқу мерзімінің ұзақтығы және бір "шаңырақтың" астында оқуы және өмір сүріп тұруы (жатақханада), жас айырмасының бір-бірімен шамалас және білім деңгейінің бірдей болуы, оқу топтары мен курстары құрамының тұрақтылығы т.б.. Әрине кейбір ауытқулар мен өзгерістер, мысалыға, барлығы жатақханада тұрмайды, жастары, топтары мен курстарының айырмашылығы болады. Бірақ бұл белгілер бүтіндей әрбір студенттік ұғымға тән. Студент, әсіресе спортшы жеке тұрмыстық және спорттық жұмыстарды, іскер байланыс пен қатынасты, бейімділікті қалыптастыруды және т.б. жүзеге асыру мақсатында барлық уақытта үнемі қарым-қатынас (топта, командада, курста, факультетте, жоғары оқу орнында) жағдайында болады. Бұл козғаушы күштердің барлығының бүтіндей ұжымның және жеке студенттің мақсаттылыққа, ұйымшылдыққа және оның жан-жақты жетіліп дамуына жоғары дәрежелі тәрбиелік әсері мол.
Адам ұжымда, адамдар арасында өмір сүріп жүріп сүйіспеншілік пен сүйкімсіздік сезімдерін көрмей етуі мүмкін емес. Сонымен бірге, ол сол уақыттарда өзіне деген белгілі бір қатысты, көңіл-күйді, көзқарасты байқайды. Жеке өзінің басқа адамдармен жақындасып, араласып бірін-бірі түсінуі, келешекте олардың бір-бірімен жолдас, дос болуына және оны одан әрі дамуларына көзқарас, ой-сана бірлігіне, махаббат, бір-біріне байланысты болуына қызмет етеді. Үнемі жақын және рухани байланыста жүріп қатысу, студенттердің бір-бірін жақсы түсінуіне және ықыласты, қамқорлық жасауға, қайырымды болуға көмек береді. Кішкентай ұжымның өзі адамдардың бір-бірімен қатынасу түрлерінің түпкі негізіне, бір-бірін қолдауға, ынтасын, жеке қабілетін, табандылықты дамытуға дұрыс бағыт беруге мүмкіндіктер туғызады.
Студенттер ортасынан біртіндеп өз жолдастарына ықпал етіп, қандай да болмасын бір тиянақты, нақты жұмыстарды ұйымдастыра алатын жеке тұлғалар пайда болады. Осындай студенттер қатарынан ресми (психологияда оларды заңға сәйкес деп атайды) және ресми емес (заңсыз) жетекшілер есіп шығады.
Біріншісіне ресми түрде міндетті іс атқару үшін қоғамдық қызметке (топ старостасы, студенттер кеңесінің төрағасы және т.б.) сайланған немесе тағайындалған студенттер, ал екіншісіне ұжымдық және жолдастық сөзімі өте жақсы дамыған ортаны, жұртты өзіне қаратып, көңілдерін аударып алуда қабілеті, жеке әсері бар немесе күшті қайраттылығымен жолдастарын, ұжымды мойындата алатын абыройы, беделі барлар жатады. Кейде, ресми емес жетекшілер теріс мінезді болып кездеседі. Қайраты күшті, мінезі дөрекі адам, енжар, еліктеуші адамдар ортасында жетекші болуы мүмкін. Ресми емес жетекшілік көрінбейтін, байқалмайтын, елеңбейтін түрде жүзеге асырылады. Олар ресми жетекшілермен қарама-қарсы келіп, жұмыс істеуіне кері әсерін тигізіп, ұжымның, көпшіліктін ызасын келтіріп, іріткі салуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ресми жетекші тізгінін беделсіз, ұжым мүшелерінің көңіліне ұнамайтын, жағдайларынан тиісті мағлұматы жоқ, жігерсіз, ынжық басшы тағайындалғанда немесе ұжымда әлеуметтік-енжар, мейірімсіз, еліктеушілікке бейім, көпшілікпен араласы жоқ, бір-бірімен қатынаспайтын адамдардың көп болуынан туындайды. Бұған, сонымен бірге, қоғамдық жұмыстардың нашар ұйымдастырылуы, тәжірибелік деңгейінің төмен, өзара қарым-қатынастың теріс болуы себеп болады. Егер ұжымда осындай теріс жағдайлар өpic алса, өзімшілдіктің, әділетсіздіктің және бағытсыздықтың шығуына жол ашылады, өзара теріс қарым-қатынас пайда болады, жеке тұлғалардың дұрыс сапаларының мысы басылып кұты қашады, тұрақсыздық, тиянақсыздық, мансапқорлық дамиды.
Рухани және енегелі қасиеттерге толы, бай ұжымның қоғамдық мақсатқа талпынушылығы және ұйымшылдығы қазіргі студент, келешектегі ұйымдастырушы және тәрбиешінің қоғамдық маңызы бар өмірге бейімделу бағыттарын дамытуына зор мүмкіндік туғызады.
Студенттер міндеті оған қоғамның болашақ жоғары кәсіби мамандандырылған маманы ретінде қойылатын талаптарымен анықталады.
Студентке тегін (грант иегерлеріне) немесе ақылы негізде оқуға мамандандырылған оқытушылар, профессорлар, оқу ғимараттары, жатақхана, кітапхана, спорт залдары, зертхана, стипендия және т.б. беріледі. Ал, студенттен жақсы оқуы, ойының рухани жағынан дамуы, денесінің шынығып жетілуі, қоғамдық және ғылыми жұмыстарға қатысуы сұралады. Студенттің қоғам алдыңдағы басты міндеті - ол келешек жақсы, жан-жақты дамыған маман болуы.
Дене мәдениеті және спорт мамандығы студенттері жоғары оқу орындарында оқығанда Қазақстан Республикасы заңдары мен жоғары оқу орындарының жарғысында белгіленген мына құқықтарды пайдалана алады:
- мемлекеттік білім беру стандарттары ауқымында оқуға, қосымша (соның ішінде ақылы) білім беру қызметін алуға;
- оқудан бос көзінде оқуын жұмыспен ұштастыруға;
- жоғары оқу орнының қоғамдық ұйымдары мен басқару органдары арқылы жоғары оқу орындары қызметінің, студенттік өмірдің аса маңызды мәселелерін талқылау мен шешуге қатысуға;
- жоғары оқу орнының кітапханаларын, ақпарат қорын, оқу, ғылыми және басқа да бөлімшелерінің, сондай-ақ спорт ғимараттарын белгіленген тәртіппен тегін пайдалануға;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға, өз жұмыстарын ғылыми басылымдарда, оның ішінде жоғары оқу орындарының басылымдарында жариялауға;
- оқудағы табыстары және ғылыми-зерттеу жұмысы мен шығармашылық қызметке белсене қатысқаны үшін оқу орны тарапынан көтермелеуге және заттай сыйлық алуға;
- жоғары оқу орны әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне заңдарда белгіленген тәртіппен шағым беруге;
- әскери қызметті етеуді кейінге қалдыруға құқылы;
Мемлекеттік жоғары оқу орындарының өндірістен қол үзіп оқитын барлық үлгерімдегі студенттері (грант иегерлеріне) стипендиямен қамтамасыз етіледі. Өте жақсы, үздік оқып, үлгілі тәртіп көрсеткен және қоғамдық жұмысты үйлестірген дарынды, қабілетті студенттерге мемлекет және қоғам қайраткерлері атындағы стипендиялар тағайындалады.
Студенттер құқығы - бұл студенттердің өмір сүруі мен жүріс-тұрысы жеке басы тәртібі заңдарының негізі.
Мысалыға, дене мәдениеті және спорт мамандығында оқымайтын басқа саланын студенттері спортпен шұғылдануға және жоғары оқу орнының спорт ғимараттарын пайдалануға құқылы, бірақ мұны барлығы бірдей пайдалана бермейді. Басқалай айтқанда студент өздігінен белсенді түрде шұғылданбаса, ол өз құқығын пайдаланбаған болып саналады. Оған өзінің білім деңгейін көтеру үшін, зертханалар мен оқу залдарын пайдалану құқығы беріледі. Бірақ бұл құқықтар студенттің белсенді шығармашылық еңбегі арқасында пайдаға асады.
Жоғары оқу орнына түскен жас өткіншек өз еркімен өзіне анық және айқын көрсетілген міндеттерді өз мойнына алады. Ал, ол міндеттерді орындау әрқайсысынаң өз еркі емес, бұл қоғамның, мемлекеттің талабы.
Студенттер міндеті қоғамның және мемлекеттің мүддесіне негізделген. Біздің студенттерге мемлекет тарапынан көптеген құқықтар беріледі, сондықтан олар да өздерінің міндеттерін қоғам мен мемлекет мүддесі үшін орындауы керек. Міндетін орындамаған, үлгерімі нашар және тәртіп бұзған студентке жоғары оқу орнынан шығаруға дейінгі шаралар қолданылады.
Студенттердің міндетіне Қазақстан Республикасының заңдары және жоғары оқу орны жарғысымен мына төмендегілер белгіленген:
- өзінің саяси-саналық, ғылыми-ілімдік және мәдени деңгейін көтерумен шұғылдану, келешектегі кәсібіне қажетті ілімдік-білімді және іс тәжірибе дағдыларын меңгеру;
- оқу сабақтарына үнемі қатысуға, барлық оқу жұмыстары түрлерін орындау;
- жатақханада тұру ережелерін орындау;
- ғылыми және саяси білімді насихаттауға қатысу;
- жоғары оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін орындау, студенттердің қоғамдық өміріне белсенді түрде араласу және өз-өзіне қызмет жасауға қатысу белгіленген. Жалпы айтқанда жоғары оқу орындары студенттерінің міндеті таңдап алған мамандығы бойынша ілімдік білімді, іс-тәжірибелік дағдыңы және зерттеулердің қазіргі әдістерін меңгеруге оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға, ұлттық және жалпы адамзаттық, рухани-адамгершілік қазыналарды құрметтеуге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген басқа да талаптарды орындауға міндетті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет