Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет25/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.

17-18 лекция. Жоғары оқу орнының құрылымы



  1. ЖОО ұйымдастыру құрылымы

  2. Бөлімдер, мамандықтар

  3. Жетекшілер - ректорат, ғылыми кеңес, деканаттар

  4. Профессорлық-оқытушылық құрам

  5. ЖОО-ның оқу, ғылыми-әдістемелік және спорттық базасы

  6. Кәсіби білімдік бағдарлама

  7. Практика ЖОО-дағы оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі

  8. ЖОО-дан кейінгі білім алу

Дене мәдениеті және спорт мамандығын даярлайтын жоғары оқу орындары -бұл дене мәдениеті және спорт бойынша негізгі оқу, әдістемелік және ғылыми орталық болып саналады. Олар еліміздегі дене мәдениеті және спорт мамандығы бойынша білім беру жүйесінін негізін құрайды, оларға дене мәдениеті және спорт женіндегі жоғары оқу орындары, фақультеттері мен кафедралары кіреді.


Дене мәдениеті және спорт мамандығын оқытатын жоғары оқу орындарының мақсаттарына мыналар кіреді:
- еліміздегі дене мәдениеті қозғалысына жоғары мамандандырылған мамандарды дайындау;
- еліміздің алдына қойған мақсаттарын шешуге мүмкіндік туғызатын ғылыми-зертгеу жұмыстарын орындау;
- ғылыми-педагогикалық маман кадрларды дайындау;
- мамандардың білімін жетілдіру;
- бұқара халық ішінде ғылыми және саяси білімді тарату;
- оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.
Жоғары оқу орындарында оқу жұмысы мына төмендегідей түрде өткізіледі: профессорлар меы доценттер оқитын лекциялар және семинар сабақтары (профессорлар, доценттер, ассистенттер жетекшілігімен); сынақ ісі; педагогикалық және жаттықтырушылық-ұйымдастырушылық прақтика, кеңестер; студенттердің өзіндік жұмыстары. Студенттер білімі зертханалық және семинар, прақтикалық сабақтарында сұрау кезінде сынақ және блок, емтихандар, сол сияқты бақылау мен курс жұмыстарын орындау кезінде тексеріледі.
Оқу-жаттығу процесін толық қамтамасыз ету үшін, әрбір жоғары оқу орнының спорттық базасы (арнайы спорт ғимараттары, стадиоыдары, спорт алаңдары және т.б.) болады.
Жалпы құрылымды, негізінен жоғары оқу орнының типтік жарғысы белгілейді. Типтік жарғы негізінде әрбір универстет өзінің жарғысын жасап шығарады, онда аталған университетгің мақсаты мен мүддесі, студенттердің құқығы мен міндеті, оқу жұмысын ұйымдастыруы, құрылымы мен басшылығы, ішкі тәртібі мен ережесі, қоғамдық ұйымдардың қызметі және т.б. белгіленеді.
Жарғы университет кеңесінде талқыланып қабылданады, одан кейін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінде бекітіледі.
Университеттердің негізгі құрылымы мына төмендегідей түрлерде болады.
Университетті Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі тағайындаған абыройлы, атақты ғалымдардың бірі ректор басқарады.
Университет ректорының және оның басшылығымен жоғары оқу орнында ғылыми кеңес құрылады, оның құрамына проректорлар, кафедра, зертхана меңгерушілері, фақультет декандары, қоғамдық ұйымдар екілдері және т.б. құрылым меңгерушілері кіреді. Жоғары оқу орындарының ғылыми Кеңесі өз отырыстары мен мәжілістерінде оқу және ғылыми жұмыстардың жоспары мен есебін жасайды, әртүрлі оқу-әдістемелік сұрақтарды талқылайды, кафедра және зертхана меңгерушілерінің есебін тыңдайды, ғылыми талқылаулар өткізеді, ғылыми мәселелерді талқылайды, конкурс бойынша оқытушы-профессорлар құрамын сайлайды, ғылыми атақтар тағайындайды (ассистент, доцент, профессор), доцент, профессорлар т.б. қызметтеріне бекітеді.
Ғылыми Кеңестен басқа деңгейі жоғары ірі жоғары оқу орындарында ғылыми диссертация қорғау кеңестері құрылған, оларға ғылым кандидаты, докторы ғылыми дәрежелерін тағайындау қүқығы берілген.
Оқу ісін ұйымдастыруды ректордың басшылығымен оқу жұмысы жөніндегі проректор жүзеге асырады. Оған оқу белімі, фақультет декандары, кафедралар, сиортклуб, оқу-спорттық базалар, кітапханалар тікелей бағынышты. Оқу ісі жөніндегі проректор, ректордың бірінші орынбасары болып табылады. Ал, екінші орынбасары болып ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінденгі проректоры тағайындалады. Оның қарамағына аспирантура, магистратура, ғылыми-техникалық орталықтар, жалпы университеттік ғылыми зертханалар, ақпарат бөлімі және т.б. бөлімшелер кіреді. Ол университеттегі барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды. Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.
Университеттің өмірі мен қызметін, құрылыстарды салу мен пайдалануда материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты барлық шаруашылық жұмыстарын әкімшілік-шаруашылық жөніндегі проректор шешеді.
Проректорларды Білім және Ғылым министрлігінің келісімімен ректорлар тағайындайды.
Фақультет бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар бойынша студенттер, магистрлар, аспиранттар даярлауды, сондай-ақ кафедралардың ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілікті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Фақультет мамандар даярлауды Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес күндізгі, кешкі, сырттай, қашықтықтан оқыту және экстернат түрлері бойынша жүзеге асырады. Фақультет өз құрамына енгізілген мамандықтарға катысты барлық кафедралар мен зертханаларды, сонымен қатар, жұмыстарының мазмұны жағынан фақультет мамандығына жақын жалпы ғылымдық және жалпы білімдік кафедраларын біріктіреді. Фақультет заңмен белгіленген тәртіппен, құрылтайшының келісімі бойынша ашылады. Фақультет жұмысын басқаруды фақультет деканы жүзеге асырады. Фақультет деканының қызметтік міндеттері білім беру ұйымының басшысымен белгіленеді және оның Кеңесінде бекітіледі. Фақультет деканы білім беретін ұйымның басшысымен қызметке тағайындалады және одан босатылады. Ол жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының мүшесі болып, ректордың бүйрығымен тағайындалады. Жоғары оқу орындары өздерінің фақультет туралы ережелерін әзірлейді және бекітеді.
Әрбір деканның орынбасарлары болады, оны да университет ректоры тағайындайды. Фақультетте деканның басшылығымен бекітілген жоспар мен бағдарлама бойыніиа оқу процесі, фақультет құрамына кіретін кафедралардың жұмысын ұйымдасгыру, барлық оқу және тәрбие жұмыстарына, студенттер іс-тәжірибесіне, сол сияқты олардың өзіндік жұмыстарына бақылау жасау жүзеге асырылады.
Студенттердің оқу мен тәрбие жұмыстарына тікелей байланысты барлық іс-жүзіндегі сұрақтарға (оқу, стипендия, жарыстарға, жиындарға жене т.б. жіберу) деканның рүқсатымен шешіледі. Деканат студенттерді жоғары оқу орнына қабылдаудан бастайды және оның өзі жас маманды өмірге даярлап шығарады. Фақультет деканының жарлығымен студент емтиханға жіберіледі, курстан курсқа көшіріледі. Декан фақультет құрамына кіретін кафедра оқытушы-профессорлар құрамының, оқу және қоғамдық жүктемелерін бөлуге, осы кафедраларға оқытушылар қабылдауға қатысады. Ереже бойынша декан Мемлекеттік емтихан және жас мамандарды жұмысқа бөлу комиссияларының құрамына мүше болып кіреді. Фақультет деканының жұмысына көмек беру мақсатында, фақультет Ғылыми Кеңесі (педагогикалық), әдістемелік комиссия, стипендиялық комиссия құрылады.
Фақультет ғылыми кеңесі оқу жоспары мен бағдарламасының жобасын, кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының есебін, фақультеттің және кафедраның жұмыс жоспарын, деканның фақультетте оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдайды және талқылайды.
Кафедра бір немесе бірнеше ұқсас пәндер бойынша оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және білім алушылар арасында тәрбиелік жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бекітілген оқу пәндері цикпі бойынша, кафедралар әлеуметтік-гуманитарлық жалпы білімдік, арнаулы болып бөлінеді. Мамандарды даярлау және бітірту қызметін атқаратын кафедра, бітіруші кафедра деп аталады.
Кафедра жұмысы мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына сәйкес, кәсіби білімге, шеберлікке, машыққа ие мамандарды ілімдік және тәжірибелік жағынан даярлау жолына бағытталуы керек. Кафедра штатына кафедра меңгерушісі, профессорлар, профессор-кеңесшілер, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, оқытушы-сынақ ісіндегілер, докторанттар мен аспиранттар, магистрлер, оқу-көмекші қызметшілер, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа құрылымдық белімшелердің қызметкерлері кіреді.
Кафедра өз қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарға сай жүзеге асырады. Кафедра қызметі мәселелерін талқылау, осыған сәйкес шешім кабыддау үшін, айына бір реттен кем емес кафедра мәжілісі өткізіледі, оған профессор-оқытушылар құрамы катысады. Кафедра ректор бекіткен жоғары оқу орнының іс-кағаздарын жүргізу туралы нұсқауына сәйкес, өз қызметінің құжаттамасын жүргізеді.
Кафедраның қызметі төмендегі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге бағытталған: Оқу-әдістемелік жұмыстары:
- білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары негізінде, мамандарды даярлау мен бітіртуді жүзеге асыратын жұмыс жоспарын, оқу және жұмыс бағдарламаларын әзірлеу;
- кафедраның оқу пәндерін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
оқулықтарды, оқу құралдарын, тапсырмалар жинақтарын, кешенді тапсырмаларды, зертханалық жұмыстарды, пәнді оқып үйрену үшін әдістемелік ұсыныстарды, сондай-ақ оқытудың барлық түрлері бойынша қорытынды және ағымдағы бақылау материалдарын әзірлеу;
-кафедра пәндері бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін оқу бағдарламасына сәйкес жүргізу, сабақ жүргізудің сапасын қамтамасыз ету (лекциялар, оқу және сабақтың басқа да түрлерін жүргізу, блок, сынақ, емтихан қабылдау);
- білім алушылардың оқу материалын қабылдауын арттыратын қазіргі заманға оқыту технологияларын әзірлеу және қолдану;
- білім алушылардың кәсіптік ізденушілік, талдау және олардың қызмет нәтижелерін қалыптастыру қабілеттерін дамытуға бағытталған өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
- білім алушылардың кәсіптік тәжірибесін, курстық және дипломдық жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық ету, оларды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
- қазіргі заманғы жаңа технологиялар мен оқытудын түрлерін енгізу;
- кафедра түлектерін еңбек орындарына орналастыруға жәрдемдесу;
- мамандарды даярлауда кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен іскерлік ынтымақтастықтың әртүрлі жүйелерін дамыту;
- кафедра мамандығына сәйкес мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет