Лекция Химиялық реактивтер мен қондырғыларды орналастыру және оларды сақтаудың техника қауіпсіздік ережелері Лекцияның жоспары


) Ағза әртүрлі дәрежеде уланғанда және күйгенде көрсетілетін алғашқы көмек көрсету инструкциялары (нұсқаулары)



бет3/4
Дата16.02.2023
өлшемі36,85 Kb.
#68371
түріЛекция
1   2   3   4
4) Ағза әртүрлі дәрежеде уланғанда және күйгенде көрсетілетін алғашқы көмек көрсету инструкциялары (нұсқаулары)
1. Қышқылдармен улану: 4-5 стакан жжылы су ішіп, құсу. Одан соң, өлшенген магний оксидінің судағы ерітіндісін ішіп қайтадан құсу. Бұдан кейін таза жылы сумен асқазанды жуу. Жалпы сұйықтықтың көлемі – 6л кем болмауы керек. Егер ағаза ішіне концентрлі қышқыл енетін болса және талып қалған жағдайда жасанды тыныс алғызу, уға қарсы зат ретінде карбонаттар және гидрокарбонаттарды пайдалануға тиым салынады. Мұндай жағдайда тез дәрігер шақырту керек.
2. Сілтілермен улану: 4-5 стакан жылы су ішіп, құсуды туғызу, одан кейін сондай көлемде 2%-тік сірке қышқылының судағы ерітіндісін ішу. Бұдан соң, жылы сумен екі рет жуу керек.
3. Бром буымен улану: мақтаға нашатыр спиртін тамызып иіскетіп, одан соң мұрынның іші мен тамағын массалық үлесі 2%-тік натрий гидрокарбонатының ерітіндісімен жуу қажет.
4.Газдармен улану: таза ауа, ауыр жағдайда – оттегі.
5. Күйю: күйген жерді маймен өңдеуге, сүртугеболмайды. Және бояйтын заттарды да пайдалануға болмайды (калий перманганаты, зеленка, иод). Бірінші дәрежедегі күйікті этил спиртімен өңдеп, құрғақ стерильді таңғышпен байлайды. Басқа жағдайларда да күйген жері суытып, құрғақ стерильді таңғышпен байлап, дәрігерге бару керек.
6. Кесіп алған жағдайдағы көмек:
а) ең бірінші қанды тоқтату керек(жгутпен);
б) егер жараланған жер ластанған болса, онда жараланған жердің айналасыниод тұнбасымен немесе зеленка ерітіндісімен сүрту керек.
в) егер жгут байлағаннан кейін де қан тоқтамаса, онда жараланған жерге 3%-тік сутегі пероксидінің ерітіндісіне батырылған стерильді тампонды қойып, бинтпен қатты қысып байлайды.
г) көзге басқа бір заттар түсіп кеткен жағдайда, оны сулы мақтамен алып тастады. Одан соң көзді 7-10мин бойы сумен жуады. Суды көзге құю үшін шайнек немесе зертханалық жуғышты пайдалануға болады; 
д) көзге күйдіргіш заттар тиген кезде, жоғарыда айтылғандай етіп сумен жуады да, одан соң көзге түскен заттың қасиетіне байланысты, бор қышқылы немесе натрий гидрокарбонатының ерітіндісімен жуады. Көзді таза сумен шайғаннан кейін 2-3 тамшы 30%-тік альбуцид ерітіндісін тамызып, емдеу бөліміне апару керек;
Адам уланғанда немесе күйгенде тез алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, жедел жәрдемді шақыртып, дәрігерге апару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет