Лекция Химиялық реактивтер мен қондырғыларды орналастыру және оларды сақтаудың техника қауіпсіздік ережелері Лекцияның жоспары



бет1/4
Дата16.02.2023
өлшемі36,85 Kb.
#68371
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
4 лекция хим экс


4 Лекция
Химиялық реактивтер мен қондырғыларды орналастыру және оларды сақтаудың техника қауіпсіздік ережелері
Лекцияның жоспары:
1) Химиялық реактивтердің жіктелуі және оларды сақтау ережелері
2) Қалдық реактивтерді, жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды жою ұсыныстары
3) Химия кабинетіндегі аптечка
4) Ағза әртүрлі дәрежеде уланғанда және күйгенде көрсетілетін алғашқы көмек көрсету инструкциялары (нұсқаулары)
5) Химия кабинетіндегі өрт қауіпсідігінің ережелері
6) Демонстрациялық тәжірибелерді жүргізу барысында сақталатын техника қауіпсіздігінің ережелері
1) Химиялық реактивтердің жіктелуі және оларды сақтау ережелері
Химия кабинетінде және лаборанттық бөлмеде реактивтер топ бойынша белгілі бір ережеге сәйкес сақталады. Химиялық реактивтерді 8 топқа бөліп сақтау бекітілген.
Реактивтер химия кабинеті мен лаборанттық бөлмеде топ бойынша белгілі бір ережелерге сәйкес сақталады. Химиялық реактивтерді 8 топ бойынша сақтайды.
Химиялық реактивтерді топтарға жіктеу


топ

Топтың жалпы қасиеттері

Орта мектеп үшін типтік тізім ішіндегі заттарға мысал 

Мектепте сақтау шарттары

Ескертулер

1

Жарылғыш заттар

-

Мектеп ғимаратының ішіне кіргізуге болмайды.


2

Жеңіл тұтанатын заттар

Литий, натрий, магний, кальций, кальция карбиді

Құлыпы бар лаборанттық бөлме шкафында 

4 топпен бірге жеке сөрелерге қоюға болады.

3

Дұрыс сақтамағанда ауада өздігінен жанады.

Типтік тізімдемеде жоқ

Мектеп ғимаратының ішіне кіргізуге болмайды.


4

Жеңіл(тез) тұтанатын сұйықтықтар (ЖТС)

Ацетон, бензол, толуол, ксилол, диэтил эфирі, этил спирті, циклогексан, изобутил спирті, ацетон және т.б.

Лаборанттың бөлмесінде арнайы шкафта немесе металл ящиктерінде (қорапша)сақтайды.

Қорапша түбінде 0,05м құмы бар, ауыстырылуға ыңғайлы қорапша болу керек.

5

Жеңіл тұтанатын қатты заттар (ЖТҚЗ)

Күкірт, парафин, қызыл фосфор, көмір, графит, құрғақ, жанғыш органикалық заттар

Лаборант бөлмесіндегі құлыпы бар жеке шкафта сақталады. 

Лаборанттық бөлмеде құлыпы бар шкаф ішінде

6

Тұтанатын тотығатын заттар

Перманганат калия, азотная кислота (пл.1,42 г/мл), оксид марганца (IV), нитраты аммония, калия, натрия, пероксид водорода

Лаборанттың бөлмесінің шкафында
4 және 5 топтардың реагенттерінен бөлек тұруы керек.

4-ші және 5 –ші топтың реагенттерінен бөлек жеке шкафта

7

Физиологиялық активтілігін жоғарылататын заттар

Иод, бром,күйдіргіш калий, натрий, қорғасын оксиді, кальций оксиді және гидроксиді, барий оксиді, барий хлориді және нитраты, аммоний дихроматы, кобальт сульфаты және т.б.

Лаборанттық бөлмеде, сейфта немесе металл қорапшасында

Басқа топтың реагенттерінен оқшауланған сейфте

8

Қауіптілігі аз және қауіпсіз заттар

Натрий хлоридісахароза, глюкоза, цинк, темір, аммоний хлориді, мырыш оксиді, калий иодиді, натрий ацетаты және т.б.

,
Жабылатын шкафы бар сыныптарда немесе лаборанттық бөлмеде

Жабылатын шкафы бар сынып бөлмелерінде немесе 2-6 топтардың реагенттерімен бірге лаборанттық бөлмеде.

Әрбір реактивтің сыртында этикеткасы бар упаковкада сақталуы тиіс. Жапсырмада міндетті түрде заттың атауы, химиялық формуласы, сақтау тобы болуы керек. ал шыны ыдыстың сыртына карандашпен жазуға болмайды.
Қышқылдар мен негіздердің әлсіз ерітінділерін қалың шыны ыдыстарында ауа сорғыш шкафтың төменгі секциясында немесе ауа айналдырғышы бар арнайы шкафтарда сақтауға болады.
Сілті ерітінділерін тығыз жабылмайтын, тесік тығыны бар склянкаларда, жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды және газ, сұйық (ГС) – полимерлі материалдардан жасалған ыдыстарда сақтауға болмайды.
Жеңіл тұтанатын сұйықтығы бар металдан жасалған қорапшаны лаборанттық бөлмеде қыздырғыш қондырғыдан екі метрден кем емес арақашықтықта орналастырылады. Ол ақшыл түсті бояумен боялады да, қақпақша сыртында жанғыш заттың белгісі болады (1 сурет).
5-ші топтың реактивтерін заводтан шыққан контейнерден алудың қажеті жоқ. Заттың массалық үлесі 5%-тен жоғары формалин ерітінділері жеңіл тұтанатын сұйықтық заттармен бірге сақталады.
7-ші топтың реактивтері тек сейфте ғана сақталады. Сейфтің кілті директорда және кабинет меңгерушісінде болуы керек. Сейф есігінің ішкі бөлігінде бұйрықпен бекітілген реактивтердің тізімі ілінеді.Сейф сөрелеріндегі реактивтердің орнын ауыстыруға немесе заводтан шыққан қорапшаларынан ауыстыруға тиым салынады.
МЫСАЛЫ. 7 топтың реактивтерін сақтаудағы тізімдер (жоғары дәрежедегі физиологиялық қауіпті заттар)

Жоғарғы секция

Төменгі секция



Заттың аталуы



Заттың аталуы

1
2
3
4

25% аммиак ерітіндісі
Аммоний дихроматы
Аммоний роданиді
Кристаллдық иод
Және т.б.


Анилин
Анилин сульфаты
Гексахлорбензол
Дихлорэтан
Және т.б.

Қышқылдың немесе сілтінің судағы ерітіндісін төгіп алған жағдайда, оған құрғақ құм немесе құрақ майдаланған сазды (глина) себу керек, одан соң қалақшамен шетінен ортасына құмды немесе сазды жинап, полиэтиленді қалтаға салады да, аузын берік жауып сыртқа шығарылады. Төгілген орынды бейтараптаушы ерітіндімен өңдейдіде,одан соң қолды тазалап сумен жуу қажет.
Химия кабинетінің қондырғыларын, көбіне электрлі қондырғыларды, құлыпы бар шкаф ішіне орналастырып бетін полимерлі материалдардан жасалған жапқыштармен жабылуы керек. Кез-кезген қондырғыны шкаф үстінде және ерітінділер мен реагенттерге жақын жерлерде қоюға тиым салынады.
Ерітінділерді, реактивтерді немесе жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды раквинаға немесе су ағызғыш құбырға құйуға болмайды. Оларды арнайы ыдыстырға құйып, залалсыздандыруу керек. Сілтілік металдар және калцийдің қалдық бөліктерін эксперимент жүргізілген күні жойылу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет